Шымкент

Шымкентте миллионға жуық көлік жүйіткіп жүр

Күннің ыстығында көлік жүргізушілеріне де қиын. Аптап ыстық салонды «қайнатады», жиі терлетіп, шөлдетеді. Осының бәрі жүйкеге әсер етіп, кейде адамның дер кезінде қандай да бір қауіптен сақтануына, жалтаруына, дұрыс шешім қабылдай алмай қалуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілерінің жаздың аптап ыстық күндерінде абай болғаны абзал. Жалпы, Шымкентте жол қозғалысына қатысты ахуал қандай? Жол-көлік оқиғалары […]

Біле жүріңіз

МАТРОСОВТЫҢ ОРНЫНА — БАЙМАҒАМБЕТОВ…

Шымкентте Ұлы Отан соғысы кезінде жаудың пулеметін өз кеудесімен жапқан батыр Александр Матросов атындағы көше бар. Ал дәл осындай ерлік жасаған қандастарымыздың атында неге көше жоқ? Мәселен, Сұлтан Баймағамбетов, Сабалақ Оразалинов, Сүндетқали Сейтқалиев, Иманғали Балтабанов, Боран Нысанбаев, Ақәділ Сухамбаевтар осы ерлікті қайталаған. Батырдан батырды бөлмейміз, әрине. Дегенмен «бізге А.Матросовтан гөрі өз қандастарымыз жақын емес пе?» […]

Оқшау ой

ШЫМКЕНТТІҢ ШӨБІН НЕГЕ ПҰЛДАМАСҚА?

Бұл сауалым бәлкім күлкі шақырар, бірақ ойланатын жайт. Шымкенттің аумағы бүгінде 1 мың шаршы шақырымнан асады. Бір кездері егістік, жайылым болған жерлер бар. Көшеде шөп шауып жүрген жігіттерден: «Шабылған шөпті қайда апарасыңдар?» — деп сұрадым. «Білмейміз, «мусорный полигонға» апарып тастайтын шығар. Біздің жұмыс шөпті шауып беру, басқасында шаруамыз жоқ», — деді біреуі. Менің басыма «осы […]

Мәселе

НЕГЕ БАҚЫЛАУ БОЛМАЙДЫ?

Мен Шымкент қаласының Қарабастау тұрғын алабында тұрамын. Біз күнде жұмысқа қатынайтын Қаратөбе жолы жақсы еді. Осыдан үш жылдай бұрын кәріз желісін жаңарту мақсатында жолдың шетін қазды. Уақытында басталған жұмыс ұзақ уақыт аяқталмай, тұрғындарды бір әбігерге салып еді. Не керек, құбыр жаңартылып, бұзылған жол жөнделді. Оған да шүкіршілік еттік. Бірақ сапа көңіл көншітпейді. Бір жөнделген жол […]

Әлеумет

САПАЛЫ ЖОЛ  ЭКОНОМИКАҒА ОҢ ӘСЕР ЕТЕДІ

Жол сапасының төмендігі көлік апаттарының жиілеуіне тікелей әсер етіп, жолаушы өміріне қауіп төндіреді. Сол себепті, жол сапасын жақсарту – адам өмірін сақтаудың негізгі факторы ретінде қарастырылады. Жалпы алғанда, елімізде негізгі магистральдар жақсарғанымен, өңірлік және аудандық жолдардың сапасы әлі де өзекті күйін сақтап тұр. Осыны ескерген Мемлекет басшысы өңірлердегі жолды жөндеу жұмыстарына қатысты айрықша тапсырма берген […]

Мәселе

КӨШЕ АТАУЛАРЫ ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДІ?

Қазақстандағы үшінші мегаполис мәртебесіне ие Шымкентте жүздеген көшелер бар. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері көптеген көшелердің аты өзгерді. Дегенмен бұл бағытта әлі де ретке келтіруді қажет ететін жайлар өте көп. Солардың бірқатары жөнінде айта кетейік. Қалай жазылғаны дұрыс? Қаланың қақ ортасындағы Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі үйлерде Ұлт ұстазының аты-жөні әр тұста әрқалай жазылған. Бірінде бұрынғы «ов» жалғауымен […]