Қабырғаға тірелген ағаш қашанғы сүйеу болады? Біздің бүгінгі айтпағымыз басқа. Сол күнгі кездесуден шыққанда сыртта тұрған бір кісі «музей мәселесі айтыла ма деп едім, ешкім қозғамады ғой. Ғимараттың қабырғасы құлап, бір күні сол жерде отырғандар үйінді астында қала ма деп уайымдаймын», деп қалды. Бұл біздің назарымызды бірден аударды. Құлағалы тұрған қандай мұражай ол? Дереу көруге […]
Метка: мәдениет
Астана барғанша асхана таппадық
Жуырда Астанаға жол тарттық. Тараздан өткен соң біз ойламаған жайсыз жайттарды бастан кешірдік. Дәлірек айтқанда, ұзақ жолда бір сәтке аяқ созып, тамақтанатын тәуір орын таппадық. Шудан өткенде бір асхана бар екен. Тамақтанып отырған адам қарасы аз. Даяшылардың клиенттерге қызмет сапасы өте төмен, үш-төрт мәрте шақырып жүріп әрең келтірдік. Дастархан бетін сүртіп, тазалап жіберуін сұранғанымызда әркім […]
Асаба мәдениеттің өлшемі болуы тиіс
Қазақ үшін той — қазына, ұлы думан, қуаныш пен ақ батаның киелі бесігі. Осынау ұлы думанның тізгінін ұстап, микрофон алған жанға ұшан-теңіз жауапкершілік жүктеледі. Себебі асаба — сол кештің келбеті, мәдениетінің өлшемі, бүкіл халықтың көңіл-күйін тербейтін бас дирижері. Алайда соңғы уақытта дүйім жұрттың алдына шығып, сөз қадірін ұқпайтын кейбір «асабалардың» ерсі қылықтары жаныңды ауыртады. Өздерінің […]
Ұлт руханиятының шамшырағы
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған тағылымды кездесу өтті Ұлттың ұлы мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани қазына. Оны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буынға жеткізу – елдік санасы биік азаматтардың еншісіндегі жауапты іс. Осындай азаматтардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті этнограф, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің орны айрықша. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан […]
Кеше әнші Төреғали, бүгін ақын Мақсат, ертең…
Сахнаны қорлау сәнге айналып бара ма? «Платон менің досым, бірақ ақиқат одан қымбат». Ақиқатты бәрінен де жоғары қойған Аристотель Платонның шәкірті болса да оның кейбір философиялық көзқарастарымен келіспей, өз ұстанымын осылай ашық айтқан. Аристотельдің шыншылдығы мен батылдығы бүгін де қай қоғамда, қай салада болсын аса қажет қасиет. Өйткені, ақиқат айтылмай, астамшылыққа ауыздық, жалғанға тоқтам жоқ. […]
БАБАМЫЗДЫҢ ЖЫРЫСЫҢ СЕН, ДОМБЫРА!
Қазақ халқының рухани әлемін, ұлттық болмысын, ғасырлар қойнауынан жеткен тарихы мен тағдырын бір ғана құдіретті аспаптың үнімен бейнелеуге болатын болса, ол – қасиетті домбыра. Қос ішегінен төгілген қоңыр күй халқымыздың мұңын да, қуанышын да, арманын да, азаттығын аңсаған асқақ рухын да бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келеді. Сондықтан домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, […]
КЕЛЕС ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК АТАНДЫ
Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің «Келес» халықтық театр ұжымы республикалық байқау аясында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының бейнесін сомдаған «Абай» спектаклін жоғары деңгейде сахналады. Көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған қойылым театр ұжымының кәсіби шеберлігін айқын көрсетті. Театр жетекшісі Жанкелді Мырзалиев республикалық моно спектакльдер фестиваль-байқауында «Үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері […]
БАТЫРХАННЫҢ БАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Сегіз қырлы, бір сырлы. Қазақтың осы бір теңеу сөзін жерлесіміз, ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Оңтүстікфильм» студиясының директоры Батырхан Дәуренбекке арнап та айтуға болады. «Қошқар мен Теке», «Томпақ», «Қалқанқұлақ», «Қажымұқан», «Толағай», «Қазақ Елі», «әл-Фараби», «Төле би» сияқты көптеген танымал анимациялық, деректі, қысқаметражды және толықметражды фильмдер түсірген белгілі режиссер, сценарист, суретші, дизайнер. Батырхан Қалдарбекұлының оған […]







