Құқық Мәселе

Келестік полициейлер «жазықсыз болсаң, орныңа 5 адам тауып бер» дейді…

Біз «полиция халықты қорғайды» деп ойлаймыз. Негізі солай болу керек. Өкінішке қарай, кей жағдайда біз ойлағандай бола бермейтіні бар. Жуырда еш қаперсіз үйде отырғанмын. Жеке көлігімен жолаушы тасымалдайтын інім тез келуімді өтініп, тұрған жерін айтты. Барсам үш полиция қызметкерінің ортасында тұр. Сұрастырдым. Полиция қызметкерлері ініме қатысты «Тромадол» сатады деген ақпарат түскендіктен, анықтау үшін Түркістаннан келгендерін […]

Әлеумет Мәселе

Жеке кәсіпкер МӘМС-ке жарнаны қалай төлейді ?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне толығымен қатыса алмай жатқандардың ішінде жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар бар. Олар өз қызметкерлері үшін қандай көлемде аударым жасайды және жеңілдік санатына кіретін жұмыскерлер үшін төлем жасайды ма? Осы ретте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев қойылған сұрақтарға жауап берді. -Жеке кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық […]

Мәселе

Энергетикалық сусындар адам денсаулығына қауіпті

        Жаз мезгілінің басталуымен тұрғындармен түрлі сусындардың тұтыну жағдайлары көбейетіндігі белгілі. Әсіресе соңғы уақытта жастар мен балалардың арасында энергетикалық сусындарды көптеп пайдалануда. Энергетикалық сусындарды аз мөлшерде пайдалану адамның реакцияны тездетеді, төзімділікті арттырады, көлікті жүргізу кезінде ұйқышылдықты болдырмайды, қабылдау қарқындылығын арттырады, көңіл-күй мен әл-ауқатты жақсартады- деген ұғым қалыптасқан.          Энергетикалық сусындар – ол құрамында кофеин, таурин, […]

Мәселе

Мақтааралдағы қатыгездіктің соңы – қасірет…

13 мамыр күні кешкі мезгілде Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте оқыс оқиға орын алғаны белгілі. Еске салар болсақ, қоғамдық орында әйел, бала-шағасының көзінше шапалақ жеген жігіт ашуға булығып, қасақана көлігімен адам қаққан. Бұл даудың не себепті туындағаны туралы толыққанды мәліметті ресми орындар таратқандықтан, біз ол жағына қайтара тоқталғымыз жоқ.   Біз оқиғаның салдарына үңілгіміз келді. Жалпы, […]

Мәселе

Балаңды аясаң, аяма!

Қазақтың осы бір даналығы күн өткен сайын ұмытыла бастағандай ма, қалай? Бүгінгі жас ата-ана үшін бұл тәмсіл тәрбиенің басы болуға тиісті емес пе? Жә, ол жайлы сәл кейінірек… Кеше Шымкентте «Отбасы – Отанымның тірегі» атты отбасы институтын дамытуды мақсат тұтқан форум өтті. «Мұндай іс-шара Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр» дейді білетіндер. Әр отбасының өз құндылығы […]

Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

Шымкентте балабақшадан жылан шықты

АБАЙЛАҢЫЗ! Биыл жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар “жылан жүр!” деп қабарласқан 17 шақыртуға барған. Бәрінде де жылан аулап қатқан. Осыған қарап Шымкентте жылан көбейді демеске амал қалмай тұр. Бір ғана мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар  жалан аулауға 9 рет шығыпты. Ай әлі аяқталған жоқ. Әлі қанша шақырту аларын кім білсін?! Мысалы,  16 мамырда  Самал-3 […]

Мәселе

Емхана әуре-сарсаңға салады…

Емхана, ауруханаға барған азаматтардың көпшілігі «әуре-сарсаңға салды», «дәрігерге алдын ала жазылудың машақаты көп» деп реніштерін білдіріп жатады. Оның үстіне қайсібір медеициналық қызметтің ақысыз екенін де білмей дал болатыны бар. Жалпы МӘМС жүйесіне қатысушылардың алатын қызметтері жөнінде көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевқа оқырмандарданк елген нақты сұрақтарға […]

Мәселе Шымкент

Сапалы интернет қолжетімді болады 

Премьер-министр Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру және инфляцияны төмендету жөніндегі кешенді шаралар қаралды. Отырыста халықты 100 Мбит/с деңгейіндегі интернет желісімен қамтуды көздейтін ұлттық жобаны іске асыру тетіктері пысықталды. Үкімет басшысы байланыс операторларының жауапкершілігін арттыра отырып, ел аумағында байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының мониторингін күшейтуді […]

Мәселе

Бал арасы неден қырылып жатыр?

Омарташылар алаңдаулы  Адам баласына немқұрайдылық көп зардап шектіреді. Соған қарамастан біз айналамызда болып жатқан көп нәрсеге бей-жай қарап, салдарын кейін тартып жататынымыз бар. Мәселен, жуырда Түркістан облысының аумағында «бал аралары қырылып жатыр» деген мәлімет тарағанда оған көпшілік селт ете қоймады. «Өлсе ара өліпті да, кім өлмей жатыр?» деген селқостық сезілді. Омарташылардың сөзіне сенсек, Шардара, Отырар, […]

Мәселе Шымкент

Жол құрылысында сапаға мән берілуде

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Жалпы алғанда осынша жолдың асфальттанған жол санаты 63,6 пайызды құрайды. Қалғаны асфальттауды күтуде. Мемелкет басшысы өз Жолдауында автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігін тапсырған болатын. Тіпті, 2025 жылға […]