Біле жүріңіз

Қалжа – тағам ғана емес, тәрбие институты

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде ұлттың өміршеңдігін сақтаған құндылықтардың бірі – ана мен балаға деген ерекше қамқорлық. Соның айқын көрінісі – қалжа беру дәстүрі. Көпшілік қалжаны босанған әйелге сойылатын қой деп қана түсінеді. Алайда этнографиялық тұрғыдан қарағанда, қалжа – жай ғана тағам емес, ол ана денсаулығын қалпына келтіруге, ұрпақтың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік әрі медициналық […]

Біле жүріңіз

Бесікке бөленген бала сымбатты болады

Бесік – ұлттың ұясы. Қазақ бесігі бар үйде береке бар, нығмет бар, періште бар, құрмет бар» деп бекер айтпаған. Бұрнағы замандарда бесігі бар үйге төре де басын иіп кіретін болған екен. «Береке енсін десең есігіңе, Құрметпен қарайлағын бесігіңе» дейтін қазақ үшін бесік тек нәрестені жатқызатын орын ғана емес, ол – ұлттың рухы, тәрбиенің бастауы, ұрпаққа […]

Біле жүріңіз

Су салғырттықты кешірмейді

Жаз маусымында су көздерінде түрлі оқыс оқиғалардың болып жататыны бар. Осы орайда Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінен алынған бірқатар деректерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. 17 адамның ажалы судан болды Түркістан облысында жыл басынан бері 17 адам суға кетіп қаза болыпты. Олардың 10-ы – балалар. Біреуі көлге, біреуі өзенге, үшеуі су қоймасына, бесеуі каналға шомыламын деп […]

Біле жүріңіз

Күбі пісу – нағыз салауатты өмір салты

Ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінде қорасы төрт түлік малдан, күбісі ақтан босамаған. Қазақтың сүт өнімдерінен жасалатын ұлттық тағамдарының көбісі күбіден алынады. Күбі пісу – ұлттық дәстүріміздің бірі. Бала кезімізде ауылда әрбір үйдің ошағының басында күбі тұратын. Тыным таппай шапқылап жүрген біздерді әже-апаларымыз әлгі күбіні пісуге жегіп қоятын. «Мына күбіні жүз рет піссеңдер кәмпит беремін» деп ынталандыратын еді. Қағазға […]

Әлеумет

«Ұят боладыны» үйретуден жалықпаңыз

Тыйым – халықтың ақыл-кеңес беріп, үлгі-өнеге көрсетудегі тәрбие құралдарының бірі. Ғұлама ғалым Әл-Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. «Қайық  білмегенін кемеден сұрайды, халық білмегенін көнеден сұрайды» деген нақылды негізге алып, әжелерімізден естігенімізді оқырманға жеткізе білсек деген […]

Әлеумет

Есек мініп, емделіпті…

Шымкентте Төреқұл Жолтабаров есімді азамат (суретте) тұрады. Бұрын бір мекемеде бірге жұмыс істегенбіз. Ақкөңіл, жұртқа пайдам тисін деп тұратын жан. Кездеспегенімізге оншақты жыл болған осы Төкеңмен таяуда ұшырасып қалып, жағдай сұрастық. Ол кісі бізді таңқалдырып, ойландырып қойған бір жаңалығын айтты. Мүмкін қажет еткендерге пайдасы тиер деген ниетпен Төкеңнің әңгімесін оқырман назарына қаз-қалпында ұсынуды ұйғардық. Инсульт […]

Құқық

Бала құқы – басты назарда

Балаларға, жасы кәмелетке толмағандарға қатысты бүгінде қоғамда түрлі келеңсіз жағдайлар жиі орын алуда. Оны болдырмау, алдын алу, ауыздықтау – тұтастай қоғам алдындағы маңызды міндет. Сол себепті де елімізде бала құқын қорғау күн тәртібінен түспейтін түйткілді тақырыптардың біріне айналған. Жақында Түркістан қаласында балалардың қауіпсіздігі мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сот тәжірибесінде бала құқықтарын қорғаудың заманауи […]

Мәдениет және өнер

Құрақ құрау – өзгеше өнер

Құрақ құрау – қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан сәндік-қолданбалы өнерінің бірегей үлгісі. Ол тұрмыстық қажеттіліктен туындағанымен, уақыт өте келе ұлттық мәдениеттің, көркемдік талғамның және рухани құндылықтардың жарқын көрінісіне айналды. Әрбір құрақтың өрнегі мен түс үйлесімі халқымыздың дүниетанымын, табиғатпен үндестігін және өмір философиясын бейнелейді. Сондықтан құрақ өнері – тек қолөнер ғана емес, […]

Мәдениет және өнер

Отырардан Алтын Орда дәуіріне тиесілі мешіттің орны табылды

Топырағын түртсең тарих болып сөйлейтін Отырар қаласы тағы бір көне жәдігермен таңқалдырып отыр. Дәлірек айтқанда, Отырар қаласынан Алтын Орда дәуіріне, XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырға тиесілі мешіттің орны табылды. Бұған дейін Отырарда XV, XVI және XVII ғасырлардың мешіттері табылған. Жаңа нысан солардың барлығынан ерте, яғни бүгінге дейін Отырардан анықталған ең көне мешіт болып […]

Мәселе

Алтынтөбеліктер пай үлесінен неліктен қағылған?

Мәселе облыста шешілмесе, тұрғындар Астананы бетке алмақ Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін арада 29 күн өткен соң, яғни 1992 жылдың 14 қаңтарында Президент «Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру» туралы Заңға қол қояды. Осы заң талабына сай еліміздегі барлық колхоз, совхоздың мүлкі (жер, мал, техника мен ғимараттар) пай үлесі ретінде жеке адамдарға берілген. Бірақ, түрлі себептермен Қазығұрт ауданының […]