Әлеумет

БЕСІК – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАСЫ

Бесік – ұлттың тәрбиесі мен тағылымын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын бойына жинаған қасиетті мұра. Сәбидің алғашқы ұясы болған бесік ғасырлар бойы қазақ отбасындағы береке мен тәрбиенің алтын арқауы болып келеді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің астарында терең мән жатыр. Өйткені әрбір адамның мінезі мен болмысының қалыптасуы бесіктен басталады. Қазақ халқы бесікті қастерлеп, оны […]

Құқық

«Ашық есік» күні

26 маусым күні «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында кезекті «Ашық есік» күніне қатысуға шақырады. Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл […]

Құқық

Түркі мемлекеттерінің Жоғарғы Сот төрағалары

Түркістанда бас қосты Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Жоғары Соттары төрағаларының Қазақстанға сапары 18-ші маусымда басталған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің Жоғары Соттары төрағаларын арнайы қабылдап, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформалар жөнінде айтып берді. Кездесуде заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ сот жүйесін одан әрі […]

Әлеумет

Ордабасыда 40 кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді

Бүгінгідей нарық заманында елдің ертеңін кәсіпкерліксіз елестету мүмкін емес. Аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы да осы кәсіпкерліктің дамуына тәуелді. Міне, осы тұрғыдан алғанда Ордабасы ауданында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Саланы дамыту мақсатында «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің аудандық бөлімі кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, бизнес-жобаларды сүйемелдеу және қаржыландыру көздеріне қол […]

Құқық

Сәкен АБСАМАТОВ, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

АЖЫРАСПАС БҰРЫН ПСИХОЛОГТІҢ МІНДЕТТІ КЕҢЕСІНЕ ЖҮГІНСЕ ЕКЕН – Жылдың қай мезгілінде болмасын балалардың жеке бас қауіпсіздігі маңызды. Онымен отбасы мүшелері, мұғалімдер мен арнайы орган қызметкерлері айналысады. Ал бұл мақсатта сот саласы өз тарапынан қандай үлес қосуда? – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, әрбір баланың білім алуы, дамуы мен әл-ауқаты […]

Басты жаңалықтар

ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ

ЭКОНОМИКАҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ Бүгінде «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Президент бастамасымен қолға алынған бұл жобаның Мақтаарал ауданы үшін стратегиялық маңызы ерекше. Аталған жобаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында ерекше назар аударып, құрылысты биыл аяқтау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Жуырда Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған уақытша депутаттық […]

Біле жүріңіз

«Есің кетсе, ешкі жи…»

«…Ешкі жиып, есің жи» демекші, өсімталдығын, сүтінің сұранысқа ие екенін білетін кей азаматтар бүгінде ешкі өсіруді кәсіпке айналдырған. Бірден 7 лақ туған Ешкілер көбінше кемінде егіз туады. Үш, бес лақты қатар туатындары да болады. Таяуда Ресейде бір ешкі бірден 7 лақ туыпты. Бәрі де аман. Әлемдік статистика деректеріне сенсек, бүгінде дүние жүзінде 1 миллиард 200 […]

Басты жаңалықтар

8 жылда өңірлік өнім 3 есеге өскен

Қазақстан егемен ел болып, етек-жеңін жинап, алпауыт мемлекеттермен терезесін теңестіргеніне 35 жыл толады. Осы уақыт аралығында елімізде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Соның бірі — 8 жыл бұрын Түркістан облысының құрылғаны айтулы оқиға болғаны анық. Бұл көп уақыт емес. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде өңірде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, экономиканың негізгі салаларында тұрақты […]

Спорт

ДОП ОЙНАҒАН ОЗАР…

Роналду мен Месси – миллиардер Футболдан кезекті Әлем біріншілігі басталар алдында әйгілі «Форбс» дүние жүзі бойынша ең жоғары жалақы төленетін 11 аяқдоп шеберінің тізімін жариялады. Олардың соңғы бір жылда алған еңбекақы мөлшері 38 миллионнан 300 миллион долларға дейін жеткен. Тізімде бірінші орында португалдық Криштиану Роналду тұр. 41 жастағы ойыншының бір жылда алған жалақысының жалпы мөлшері […]

Біле жүріңіз

Кенеден келер кесел көп

Жаз айлары табиғат аясында демалып, серуен құрып, шомылуға ең қолайлы кезең. Алайда дәл осы уақытта адам денсаулығына қауіп төндіретін жәндіктердің бірі – кене ерекше белсенді болады. Көпшілік кенені қарапайым жәндік деп қабылдағанымен, оның шағуы ауыр жұқпалы ауруларға әкеледі. Кене көбінесе орман, дала, шалғынды, ылғалды аймақтарда, әсіресе шөп пен бұта арасында тіршілік етеді. Кененің қауіптілігі – […]