Халық талабы – әділ тексеру Өткен 24 қыркүйекте әскери-теңіз күштерінің Каспийде болған оқу-жаттығуы кезінде орын алған қайғылы жағдай жұртты дүр сілкіндірді. Бір взводтың тең жартысын құрайтын сарбаздың – 14 боздақтың бірдей мерт болуы төбе шашты тік тұрғызардай болды. Әлеуметтік желілерде бұған қатысты ащы пікір білдіріп жатқандар әлі де көп. «Бизнеске айналдырып жібергені қалай?» Содан бері […]
Автор: admin
«Қыргүйектен» туған дау
Кейінгі бірер жылдан бері қоғамда тілдік қолданысымыздағы кейбір сөздердің төңірегінде басталған дау жалғасып келеді. Мысалы, осы уақытқа дейін «көкөніс», «қыркүйек», «шекара» деп жазылып келген сөздер енді «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» деп жазыла бастады. Бірақ мектептер мен оқу орнындағылар болмаса, былайғы жұрт бұрынғыша жазып жүр. Таяуда қолымызға 2007 жылы жарық көрген «Орфографиялық сөздік» кітабы түскен еді. Құрастыруға […]
Астана барғанша асхана таппадық
Жуырда Астанаға жол тарттық. Тараздан өткен соң біз ойламаған жайсыз жайттарды бастан кешірдік. Дәлірек айтқанда, ұзақ жолда бір сәтке аяқ созып, тамақтанатын тәуір орын таппадық. Шудан өткенде бір асхана бар екен. Тамақтанып отырған адам қарасы аз. Даяшылардың клиенттерге қызмет сапасы өте төмен, үш-төрт мәрте шақырып жүріп әрең келтірдік. Дастархан бетін сүртіп, тазалап жіберуін сұранғанымызда әркім […]
Құстардың қайтуы – құпиялы құбылыс
Күздің алғашқы айы ортасынан ауды, жыл құстарының алды өздерінің қыстап шығатын жағына қарай ұшып жатыр. Қыркүйек айында көшті қарлығаш, қараторғай, бозторғай, шымшық, таушымшық, бұлбұл сияқты жәндіктермен қоректенетін құстар бастайды. Қазір, мысалы, қарлығаштардың алды алыс жол үстінде. Олар үнемі күндізгі уақытта ұшып отырады, баратын жерінің қашықтығына қарай бірі оған 35-42 күнде, енді бірі 2-3 айда жетеді. […]
«Qalqan» ашықтықты қалыптастырады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы қаржы ағындарын басқарудың кешенді цифрлық моделіне көшуде. Президент пен Премьер-министрдің тапсырмасын орындау аясында жаңа цифрлық «Qalqan жүйесі қалыптастырылуда. Жоба Қор қызметін толық цифрландыруға, технологиялық алшақтықтарды жоюға және қолмен орындалатын операцияларды болдырмауға бағытталған. «Qalqan» платформасының басты ерекшелігі – оның ҚР Қаржы министрлігінің контурындағы заманауи технологиялық платформада орналастырылуы. Бұл дайын […]
Сынып жетекшісінің үйге келуі оқушыға психологиялық соққы ма?
Ата-аналардың пікірі екіге жарылып тұр Өкінішке қарай, бүгінде бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтындардың, тіпті, тұрмыстық зорлық көрсететіндердің қатары артып жатқаны қынжылтады. Заң барынша қатаңдатылып жатса да… Aдамның табиғаты өзін емес, өзгені кінәлауға бейім келеді. Соның салдарынан әрбір жағдайға өзгені кіналауға етіміз үйренген сықылды. Айталық, өз отбасында орын алған кез келген жағдайға мектепті, ұстаздарды кінәлі санайтын ата-аналар […]
Асаба мәдениеттің өлшемі болуы тиіс
Қазақ үшін той — қазына, ұлы думан, қуаныш пен ақ батаның киелі бесігі. Осынау ұлы думанның тізгінін ұстап, микрофон алған жанға ұшан-теңіз жауапкершілік жүктеледі. Себебі асаба — сол кештің келбеті, мәдениетінің өлшемі, бүкіл халықтың көңіл-күйін тербейтін бас дирижері. Алайда соңғы уақытта дүйім жұрттың алдына шығып, сөз қадірін ұқпайтын кейбір «асабалардың» ерсі қылықтары жаныңды ауыртады. Өздерінің […]
Ұлт руханиятының шамшырағы
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған тағылымды кездесу өтті Ұлттың ұлы мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани қазына. Оны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буынға жеткізу – елдік санасы биік азаматтардың еншісіндегі жауапты іс. Осындай азаматтардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті этнограф, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің орны айрықша. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан […]
Ысырап, дарақылық, мақтангерлік…
Бүгінгі той тойлау үрдісі осыған саяды Жұрттың өзін өзгеге жақсылап бір көрсетіп, мақтанып қалатын кезі – той-томалақ маусымы. Тойға алдын-ала, жан-жақты дайындалады, қатардан қалмай өткізуге күш салады. Мұның бәрі жақсы-ақ, дегенмен кейінгі кездері осындай қызықшылықтарға шығынның көп жұмсалатыны, жөнсіз ысыраптың орын алатыны ойландырады. Базбіреулер тойға өзінше жаңалығын ендіріп жібереді, өзгелер соны қайталап, ол бірте-бірте бұлжымас […]
«Көше тамағының» зияны көп
Бүгінде қалаларда, тіпті кей ауылдарда жұрттың көбі көшеден тамақтанатын болды. «Жұмыстан қайтарда жолдан чикен немесе гриль ала салшы», — дейтіндер көп. Баршамыздың тез әзір бола қоятын лаваш, шаурма, фри, гамбургер, хот-дог, пицца сияқты тез пісетін тағамдарға, тәтті сусындарға неге соншалықты әуес болып бара жатқанымыз ойландырады. Мамандардың айтуынша, жылдам әзірлене қоятын мұндай тағамдардың бәрі де фаст-фудқа […]









