Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) – тұмау вирустарынан, түрлі респираторлық вирустар, оның ішінде парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиальды вирустардан туындайтын, ауа-тамшылары арқылы берілетін және тыныс алу жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен қатар жүретін аурулардың жоғары жұқпалы арулар тобы. Берілу жолдары Инфекция ауа-тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, қарым-қатынас барысында жұғады; сондай-ақ жуылмаған қолдар арқылы беріледі. Қазіргі […]
Автор: admin
Шаруаларға субсидия жайлы түсіндірілді
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы салалық кеңесінің отырысы өтті. Онда жылыжай шаруашылықтарының өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар түсіндірілді. Кездесуге қатысқан Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, биылдан бастап жылыжай өсірушілерге электр қуаты мен газ шығындарына және гектарлық субсидия беріледі. «Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №107 бұйрығына […]
Мемлекеттің үйін мемлекеттің өзі салуы керек
Қазір мемлекеттік бағдарламалармен тұрғын үйлер көптеп салынуда. Ондай сырты бүтін, іші түтін саналатын үйлерді облыс орталықтары мен мегаполистердің барлығынан кездестіруге болады. Сол құрылыстың бәрін жекеменшік компаниялар жүргізуде. Ондай пәтерлер мүгедек, көпбалалы отбасы, жалғызбасты аналар секілді әлеуметтік ахуалы төмен топтарға беріліп, олар қуанып кіреді. Қызығы мен шыжығы содан кейін басталады. Пәтер кілтін алып, бөркін аспанға атқандардың […]
Сарыағашта жұмыстан босаған завуч қалай директор болды?
Бұған дейін Түркістан облыстық білім басқармасы бос тұрған директорлық қызметтерге конкурс жариялаған болатын. 12 қазанда конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтіп, бірнеше азамат оң баға алды. Соның арасындағы бір директорға қатысты наразылық көп айтылуда. Бізге хабарласқан Игілік есімді азамат «Сарыағаш ауданындағы Ш.Қалдаяқов атындағы №15 мектеп директоры болуға бір ауыздан лайықты деп танылған Қайрат Қосмұратовқа қатысты шешімге […]
Шардарадағы құбыр дауы
ағайынның арасына іріткі салмаса болғаны Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерді айналымға қосу, тиімді пайдалану турасында тапсырма бергені белгілі. Рас, Түркістан облысында Жер-Ананың жомарттығын тиімді пайдаланып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар жеткілікті. Дегенмен, әлі де игерусіз жатқан жер жоқ емес. Оның себеп-салдары да әртүрлі. Біршама уақыт бұрын редакцияға Шардара ауданы Қызылқұм ауылының тұрғыны Қанат Бегалиев назын айтып келген […]
Созақта балонға газ құйдыру қауіпті болып тұр
Созақ ауданы жұртшылығының табиғи газды күткеніне 3-4 жылдың жүзі болды. Әлі де сондай уақыт күтетініміз анық. Табиғи газсыз да осы уақытқа дейін күнін көріп келген жұрт әлі де күндерін көре береді. Бірақ осы тұста бір өзекті мәселені алға тартқым келеді. Кәдімгі газ балонына құйып беретін құймалы бекеттер қазір барлық жерде бар. Осыған орай қауіпсіздік шараларына […]
Сарыағашта жедел жәрдем мамандары жауапсыз
Салдарынан науқас инсульт алып отыр Соңғы кездері денсаулық саласына қатысты сын жиі айтылып кетті. Тіпті, Парламент қабырғасында да бұл мәселе аз қозғалып жүрген жоқ. Мақсат Толықбай мен Асхат Аймағамбетов министрге бірнеше сауал жолдады. Бірақ, содан шығып жатқан нәтиже байқалар емес. Асхат Аймағамбетов 9 қазан күні денсаулық сақтау министрі Парламентке келетінін айтып, өзекті сұрақтар болса жолдауды […]
ОРАМАЛ ЖАЙЛЫ ОЙ АЙТСАМ…
Дала мәдениетінің мәйегі_- ұлттық киім. Ер мен әйелді, ер жеткен ұл мен бойжеткен қызды киген киіміне қарап-ақ ажырата білген қайран қазақ. Сол киімнің қасиеттісі – орамал. Қазіргі қоғамда орамалдың аты «орану» болып өзгерді. Біздің айтпағымыз басқа. Ақ босаға аттап бөтен елге келін болып барғаннан кейін қыз баланың өмір сүру тәртібі өзгереді. — Шашыңды жауып, басыңнан […]
107-баптың құрбандары
1920-1936 жылдар аралығында Қазақ АКСР-і РСФСР құрамында болды. Сол себепті, РСФСР-дің 1926 жылғы Қылмыстық Кодексімен (ары қарай-ҚК) 1950 жылдардың басына дейін құқық қорғау органдары іс жүргізді. 1921 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде республиканың өзінде 100 мыңнан астам адам сотталды, ал олардың 25 мыңдайы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді деп айтып жүрміз. […]
Біз білмейтін БАНГЛАДЕШ
Сонымен, саяхаттап көрмекке ниет еткен 57-ші елім болып таңғажайып Бангладеш бұйырыпты. Ғажабы несі дерсіз, мысалы, мен туған Жамбыл облысында 1 млн 220 мың адам бар. Ал сол Жамбылмен жері біп-бірдей Бангладеште кемі 172 млн адам тұрады. Тегіс жер болса мейлі, картадан қараңызшы, үш үлке-е-е-ен өзеннің теңізге құяр тұсындағы атырауында тұр. Жылда су тасиды, циклон […]









