Бәрімізге белгілі, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу өркениетті елдердің барлығында өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл әлеуметтік құбылысты болдырмау мен оның алдын алу Қазақстан үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қадамдарын жасағанда қандай жаза алатындары жайлы тайға таңба басқандай етіп […]
Автор: admin
Дәрігер Д.Сексенбаев жайлы сыр
Маусым айының үшінші жексенбісі елімізде жыл сайын медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып тойланып келеді. Осынау кәсіби мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының медицина саласына өте үлкен үлес қосқан дәрігер, ұлағатты ұстаз, ғалым, ел ағасы, облыстың құрметті азаматы Дерібсалы Сексенбайұлы Сексенбаев туралы сөз қозғағанды жөн санап отырмын. Өңірдегі 150 жылдан астам тарихы бар, жалғыз облыстық аурухананың Кеңес […]
Ақсукенттің ажары ашыла ма?
Кешегі аптада Сайрам ауданына жаңа әкім тағайындалды. Ендігі жерде ауданды Арман Сәбитов басқаратынын айтып, аудан халқына жаңа әкімді таныстырған облыс басшысы Дархан Сатыбалды ауданда қордаланған бірқатар мәселелерді де атап айтып, келеңсіздіктерді жойып, тәртіп орнатуды тапсырды. Тапсырманы орындауға бірден кіріскені болар жаңа әкім сенбі күні аудан аумағында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырды. Әсіресе, аудан орталығы Ақсукенттің жүдеу көркіне […]
Тары бүйрекке ем
Артық болмас білгенің Тары – бүйрекке және бүкіл зәр шығару жүйесіне жақсы көмектеседі. Ол бүйректі тазартып, құмды, тастарды кетіреді. Әсіресе, әйелдердің түрлі сырқатына бірден бір ем екенін білесіз бе? Циститті де тарының көмегімен емдеуге болады екен. Халық емі бойынша қуықтағы тастардан арылуға септігі тиетін көрінеді. Тарыны емделу үшін үнемі пайдаланатындар бір-екі аптадан кейін-ақ ағзадағы тас […]
Таныс та бейтаныс Грузия (жалғасы)
Біз және әлем (Басы https://ozgepikir.kz/?p=5319 ) …Қаладағы иесіз иттер түгелімен піштіріліп, құлақтарына нөмірлеп сырға тағылған, сырғасы бар иттер мұнда қауіпсіз деп есептеледі; қала ішіне асфальт төселмейді, көлік жүретін бүкіл көше тақта тастармен қаланған, бұл күн ыстықта асфальттың буы көтеріліп, битум иісі адамдарға зиянын тигізбеу үшін жасалған экологиялық шара; барлық дүкен, ресторан, мекеме атаулары грузин тілінде, […]
Келестік полициейлер «жазықсыз болсаң, орныңа 5 адам тауып бер» дейді…
Біз «полиция халықты қорғайды» деп ойлаймыз. Негізі солай болу керек. Өкінішке қарай, кей жағдайда біз ойлағандай бола бермейтіні бар. Жуырда еш қаперсіз үйде отырғанмын. Жеке көлігімен жолаушы тасымалдайтын інім тез келуімді өтініп, тұрған жерін айтты. Барсам үш полиция қызметкерінің ортасында тұр. Сұрастырдым. Полиция қызметкерлері ініме қатысты «Тромадол» сатады деген ақпарат түскендіктен, анықтау үшін Түркістаннан келгендерін […]
ТАНЫС ТА БЕЙТАНЫС ГРУЗИЯ
Әлем және біз Грузия десе, алдымен оның көк мұнармен ұштасқан таулы аймақтары, көз тоятаттар көркем табиғаты, таңғажайып қала келбеті, дәмді тағамдары еске түседі. Ең бастысы, ол бізге – лезгинка биі, боржоми минеральды суымен жақсы таныс. Қызығы, грузин ұлттық тағамдары атауларының басым бөлігі әліпбидің «х», «ц», «ч» сияқты соңғы әріптерінен басталатыны: хачапури, харчо, чахохбили, чакапули, […]
Шымкенттік батыр балалар
Шымкентте екі оқушы бала батылдығы мен көзсіз ерлігі үшін министрдің марапатына ие болды. Олар қалалық № 128 жалпы мектептің оқушылары – Ердәулет пен Рамазан. Мәселе былай ғой… 2023 жылдың 10 мамырында Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзеніне шомылуға келген балақайлар арасында бір бала суға кетіп, тұңшыға бастайды. Шомылуға жаңа келген Ердәулет пен Рамазан су […]
Мақтааралдағы қатыгездіктің соңы – қасірет…
13 мамыр күні кешкі мезгілде Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте оқыс оқиға орын алғаны белгілі. Еске салар болсақ, қоғамдық орында әйел, бала-шағасының көзінше шапалақ жеген жігіт ашуға булығып, қасақана көлігімен адам қаққан. Бұл даудың не себепті туындағаны туралы толыққанды мәліметті ресми орындар таратқандықтан, біз ол жағына қайтара тоқталғымыз жоқ. Біз оқиғаның салдарына үңілгіміз келді. Жалпы, […]
Мектеп директоры 7 жылға сайлануы керек
Оқу ағарту министрі жуырда Талдықорғанда болғанда 7 жылдан артық отырған мектеп директорларын тексеру керектігін айтты. Бұл дұрыс емес. Біздегі шаш ал десе бас алатын жүйе бойынша енді директорлардың соңынан шам алып түсу басталады. Бүйте берсе бір күндері мектепке директор болып баратын адам таппай қалуымыз мүмкін. Бұл білім сапасына кері әсерін тигізеді. Бұл мәселеге қатысты менің […]








