Қазір мемлекеттік бағдарламалармен тұрғын үйлер көптеп салынуда. Ондай сырты бүтін, іші түтін саналатын үйлерді облыс орталықтары мен мегаполистердің барлығынан кездестіруге болады. Сол құрылыстың бәрін жекеменшік компаниялар жүргізуде. Ондай пәтерлер мүгедек, көпбалалы отбасы, жалғызбасты аналар секілді әлеуметтік ахуалы төмен топтарға беріліп, олар қуанып кіреді. Қызығы мен шыжығы содан кейін басталады. Пәтер кілтін алып, бөркін аспанға атқандардың […]
Автор: admin
Сарыағашта жұмыстан босаған завуч қалай директор болды?
Бұған дейін Түркістан облыстық білім басқармасы бос тұрған директорлық қызметтерге конкурс жариялаған болатын. 12 қазанда конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтіп, бірнеше азамат оң баға алды. Соның арасындағы бір директорға қатысты наразылық көп айтылуда. Бізге хабарласқан Игілік есімді азамат «Сарыағаш ауданындағы Ш.Қалдаяқов атындағы №15 мектеп директоры болуға бір ауыздан лайықты деп танылған Қайрат Қосмұратовқа қатысты шешімге […]
Шардарадағы құбыр дауы
ағайынның арасына іріткі салмаса болғаны Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерді айналымға қосу, тиімді пайдалану турасында тапсырма бергені белгілі. Рас, Түркістан облысында Жер-Ананың жомарттығын тиімді пайдаланып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар жеткілікті. Дегенмен, әлі де игерусіз жатқан жер жоқ емес. Оның себеп-салдары да әртүрлі. Біршама уақыт бұрын редакцияға Шардара ауданы Қызылқұм ауылының тұрғыны Қанат Бегалиев назын айтып келген […]
Созақта балонға газ құйдыру қауіпті болып тұр
Созақ ауданы жұртшылығының табиғи газды күткеніне 3-4 жылдың жүзі болды. Әлі де сондай уақыт күтетініміз анық. Табиғи газсыз да осы уақытқа дейін күнін көріп келген жұрт әлі де күндерін көре береді. Бірақ осы тұста бір өзекті мәселені алға тартқым келеді. Кәдімгі газ балонына құйып беретін құймалы бекеттер қазір барлық жерде бар. Осыған орай қауіпсіздік шараларына […]
Сарыағашта жедел жәрдем мамандары жауапсыз
Салдарынан науқас инсульт алып отыр Соңғы кездері денсаулық саласына қатысты сын жиі айтылып кетті. Тіпті, Парламент қабырғасында да бұл мәселе аз қозғалып жүрген жоқ. Мақсат Толықбай мен Асхат Аймағамбетов министрге бірнеше сауал жолдады. Бірақ, содан шығып жатқан нәтиже байқалар емес. Асхат Аймағамбетов 9 қазан күні денсаулық сақтау министрі Парламентке келетінін айтып, өзекті сұрақтар болса жолдауды […]
ОРАМАЛ ЖАЙЛЫ ОЙ АЙТСАМ…
Дала мәдениетінің мәйегі_- ұлттық киім. Ер мен әйелді, ер жеткен ұл мен бойжеткен қызды киген киіміне қарап-ақ ажырата білген қайран қазақ. Сол киімнің қасиеттісі – орамал. Қазіргі қоғамда орамалдың аты «орану» болып өзгерді. Біздің айтпағымыз басқа. Ақ босаға аттап бөтен елге келін болып барғаннан кейін қыз баланың өмір сүру тәртібі өзгереді. — Шашыңды жауып, басыңнан […]
107-баптың құрбандары
1920-1936 жылдар аралығында Қазақ АКСР-і РСФСР құрамында болды. Сол себепті, РСФСР-дің 1926 жылғы Қылмыстық Кодексімен (ары қарай-ҚК) 1950 жылдардың басына дейін құқық қорғау органдары іс жүргізді. 1921 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде республиканың өзінде 100 мыңнан астам адам сотталды, ал олардың 25 мыңдайы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді деп айтып жүрміз. […]
Біз білмейтін БАНГЛАДЕШ
Сонымен, саяхаттап көрмекке ниет еткен 57-ші елім болып таңғажайып Бангладеш бұйырыпты. Ғажабы несі дерсіз, мысалы, мен туған Жамбыл облысында 1 млн 220 мың адам бар. Ал сол Жамбылмен жері біп-бірдей Бангладеште кемі 172 млн адам тұрады. Тегіс жер болса мейлі, картадан қараңызшы, үш үлке-е-е-ен өзеннің теңізге құяр тұсындағы атырауында тұр. Жылда су тасиды, циклон […]
Түркістан: Оқушылар арасында қатыгездік өршіп тұр
Әскердегі әлімжеттіктен қорқып ата-аналар балаларын Отан алдындағы парызын өтеуге жіберуге қорқатын дәрежеге жетті. Ендігі жерде балаларын мектепке жіберіп те жанын шүберекке түйіп отыратын болды. Өткені, күн сайын неше түрлі сорақы оқиғалар орын алуда. Келес ауданындағы ауыл мектебінің оқушылары арасындағы төбелес әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге тарады. Астанадағы мектептердің бірінде оқушы баланың жоғарғы қабаттан құлағаны жұртты […]
Қуыршақ театры көп болса
Әркімнің пікірі өзіне қымбат. Сондықтан басқаны қайдам, мен өзім театр — дамығандықтың белгісі деп есептеймін. Мынау Еуропа мен Америкада көпшілік бос уақытын театрда өткізуге тырысады екен. Ертелі-кеш бұл үрдіс бізге де келетініне сенімдімін. Мен бүгінде Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұрамын. Бала күнімде ауылға келген қойылымдарды жібермей тамашалаушы едім. Ол кезде ауыл шалғайда болғанына қарамастан Талдықорған, […]









