Күн ысығалы балалардың су айдындарында шомыламын деп суға кету оқиғаларына соңғы күндері көпқабатты үй терезесінен құлап кету келеңсіздіктері де қосылуда. Баланың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін сақтау мәселесінде бей-жайлыққа салынуға болмайды. Сол себептен де Шымкентте төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, үйді-үйді аралап, ата-аналарға ескерту жасап жүр. Кешегі аптада дәл осындай іс-шараны Қаратау […]
Uncategorized
ЖАҢА СТАДИОН САЛЫНАДЫ
Тұрақты оқырмандарымыздың есінде болар, газетімізде «Шымкентке жаңа стадион керек пе?» деген сауалнама жарияланған болатын. Оған қаланың қарапайым тұрғындарынан бастап, спортшы, жанкүйер азаматтар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтқан еді. Бәрінің де пікірі қазіргі қолданыстағы стадионның ескіргенін айта келе «Есікіні жөндеп жамай бергенше, жаңасын салған жөн. Тағы бір заманауи стадион мегаполиске артықтық етпейді» деген ойға тоқайласқан […]
Тұрғындар түйіткілдерін айтты
«Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін». «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қаулысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп нақты атап өткен болатын. Иә, тұрғындарының талап-тілегін, өтінішін тыңдап, […]
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Шымкентке жасаған сапары барысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қаланың белсенді жастарымен кездесті. Жиын барысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформаларды іске асыруда және Шымкенттің дамуында жас буынға жүктелетін міндеттер талқыланды. Сенат Спикері өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды. – Президентіміздің бастамасымен […]
Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасының алдын алу
Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошақтары орналасқан.Табиғи ошақтардың болуының негізгі себебі – бұл аймақта иксодты кенелердің мекендеуі. Кенелердің табиғатқа жаппай шығуы әдетте наурыз-сәуір айларының басында басталады, олардың шағуынан зардап шеккендердің ең көп саны мамыр-маусым айларында тіркеледі.КҚГҚ ауруының алдын алу үшін кене шаққан жағдайда, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет.КҚГҚ ауруының алдын алу […]
Шомылу орындарына қойылатын талаптар
Жаз келгеннен көпшілік су айдындарына қарай ағылатыны белгілі. Алайда, шомылуға рұқсат етілген арнайы орындарға барған дұрыс. Жалпы демалыс орындарына қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шілдедегі «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық –эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ-67 бұйрығымен айқындалған. Шомылу маусымы басталар алдында объектінің әкімшілігі су қоймаларының суын санитариялық химиялық, микробиологиялық, радиологиялық және топыраққа […]
Сақтық шараларын естен шығармайық
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күн ыстықта салқын самал іздеп, су бойын жағалап, өзен-көлдерде шомылуға асығатын тұрғындар үшін бірінші кезекте рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуға болмайтынын естертеді. Одан бөлек жаздың аптап ыстығында айналамызда өрт қауіпі болуы мүмкін жағдайлар да аз емес. Тұтанған бір ши сіріңкенің зардабы орасан болуы әбден мүмкін. Міне, осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін, қауіптің […]
Айналамызды таза ұстайық
Қоршаған ортаның ластануына қатты тұрмыстық қалдықтар себепші болады.Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі.Тұрмыстық қатты қалдықтар – бұл орталықтарда және олардың әсер ету аймақтарында шығарылатын қалдықтар. Қалдықтар үйлер мен пәтерлер, дүкендер мен кеңселерден, ауруханалардан, қоғамдық тамақтану орындарынан шығарылады. Жалпы айтқанда, тұрмыстық қатты қалдықтар […]
Өнім таңбалауына назар аударайық
Дұрыс тамақтану, ең алдымен, дененің барлық қажетті қоректік заттар мен микроэлементтерге күнделікті қажеттілігін қанағаттандыратын өнімдерді таңдау. Өнімдерді дұрыс және саналы таңдау өндіруші (дайындаушы) және ол сататын тауарлар туралы ақпаратты зерттеуден басталады. Қауіпсіз азық-түлікті қалай таңдау қажет? Азық-түлік өнімінде таңбалау болмаған жағдайда ондай өнімді сатып алудан бас тартуды ұсынады. Сатып алу алдында тауарға, оның […]
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Қазақстанда электрондық үкімет құру идеясы Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы жыл сайынғы Жолдауында айтылды. Сол жылы оның негізгі кезеңдерін айқындайтын электрондық үкіметті қалыптастыру веб-портал «еgov.kz» бағдарламасы бекітілді. «Электрондық үкімет» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық рейтингтеріне де әсер еткен азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі негізгі құрал […]









