Бірнеше аудан мен Шымкент және Арыс қалаларының ортасында орналасқан Ордабасы ауданын тоғыз жолдың торабында жатыр десек болады. Сондықтан оның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша әлеуеті жоғары десек, сөзіміз қисынсыз емес. Ал аудан осы мүмкіндіктерін қалай пайдаланып жатыр, қандай жетістіктер көрсетуде? Осы тақырыптар аясында аудан әкімі Азат Оралбаевпен сұхбат құрдық. – Азат Әбдіғалиұлы, аудан экономикасын дамыту бағытында қандай […]
Әлеумет
Бір басында –1015 пәтер…
Өткен аптада мынадай деректер жарияланды: «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова алтыдан онға дейін пәтері бар қазақстандықтардың санын айтты. Бұл туралы «КТК» телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Телеарнаның мәліметінше, 17 мың қазақстандықтың алтыдан онға дейін пәтері бар. Олардың арасында бір отбасының мүшелері де болуы мүмкін. Мұндай деректерді «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова Сенаттың бұрынғы төрағасы […]
«Мектепке жол»: Бірі қуанып, бірі шулап жатыр
Тамыз айының басынан бері елімізде республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Жыл сайын өткізілетін шараның мақсаты мәлім – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығына жәрдемдесу, мектеп киімін, оқу құралдарын алып беру. Дегенмен бұл шаруаның төңірегінде де даулы мәселелер туындап жататыны бар. Кешегі аптада Шымкентте «Мектепке жол» акциясына өтініштерін өткізіп, бірақ көмек көрсетуден […]
Жұқпалы кеселге кезігіп жүрмеңіз…
Жаз – жаппай саяхаттау мерзімі. Шетел асып, ел көрген, жер таныған жақсы, алайда, қауіпті де ұмытпау керек. Соның бірі – жұқпалы аурулар.. АҚШ-та 12 мың адам іш ауруынан зардап шегуде Кешегі аптада АҚШ-та «циклоспориаз» деп аталатын аурудан екі адам бақилық болды. Бұл дертті елдің оннан аса штатында 12 мың адам жұқтырғаны туралы айтылуда. Циклоспориаз – […]
«Ұят боладыны» үйретуден жалықпаңыз
Тыйым – халықтың ақыл-кеңес беріп, үлгі-өнеге көрсетудегі тәрбие құралдарының бірі. Ғұлама ғалым Әл-Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. «Қайық білмегенін кемеден сұрайды, халық білмегенін көнеден сұрайды» деген нақылды негізге алып, әжелерімізден естігенімізді оқырманға жеткізе білсек деген […]
Есек мініп, емделіпті…
Шымкентте Төреқұл Жолтабаров есімді азамат (суретте) тұрады. Бұрын бір мекемеде бірге жұмыс істегенбіз. Ақкөңіл, жұртқа пайдам тисін деп тұратын жан. Кездеспегенімізге оншақты жыл болған осы Төкеңмен таяуда ұшырасып қалып, жағдай сұрастық. Ол кісі бізді таңқалдырып, ойландырып қойған бір жаңалығын айтты. Мүмкін қажет еткендерге пайдасы тиер деген ниетпен Төкеңнің әңгімесін оқырман назарына қаз-қалпында ұсынуды ұйғардық. Инсульт […]
Лудомания – қоғам дерті
Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, рухани тұрғыда да әбден азғындап, отбасылары ойран болуда. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтар […]
Татуласу – екіжақты тиімді рәсім
Сот жүйесінде татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық процестік заңнамасына сәйкес, тараптар дауды өзара келісімге келу арқылы медиация, партисипативтік рәсім немесе бітімгершілік келісім жасау тәртібімен реттеуге құқылы. Татуластыру рәсімдері — азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тараптар арасындағы дауды өзара […]
Күрделі оталар сапалы жасалуда
Т Түркістан облысындағы Ленгір қалалық ауруханасы заманауи диагностикалар мен емдеу тәсілдерін ұсынады. Өйткені, ауруханада заманауи талаптарға сай лабораториялық құрылғылар, рентген аппараттары және соңғы үлгідегі компьютерлік томография, эндоскопиялық аппарат құрылғылары орнатылған. Науқастарға жоғары сападағы медициналық көмек көрсету мақсатында жуырда хирургиялық және гинекологиялық оталарды дамытуға арналған шеберлік сабағы болып өтті. Іс-шара барысында он шақты науқасқа күрделі ота […]
МӘМС – сапалы медициналық көмектің кепілі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеніне биыл алты жыл толды. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау саласында ауқымды өзгерістер жүзеге асып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай жақсарды. 2026 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облыстық филиалының атқарған жұмыстары, МӘМС жүйесіндегі негізгі өзгерістер, сақтандырылмаған азаматтардың мәселесі және алдағы жоспарлар туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» […]









