Шымкент

Агросекторды дамытуға серпін берген семинар


Шымкент қаласындағы Алтынтөбе тұрғын алабында «Дала күні» деп аталатын көшпелі семинар өтті. Оған мегаполистегі ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері түегелге жуық қатысып, агросектордағы бірқатар мәселелерді талқыға салды. Саланы дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті.

Шымкенттің кілең мықты мамандары жиналған, агросектордағы озық тәжірибелер талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов те арнайы барып қатысты. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері қарастырылған басқосуда үйіргелік жерді бақшаға айналдыру әдісі, сол арқылы халықтың табысын арттыру тетіктері пысықталды. Шаруалар озық технологиялармен көкөніс дақылдарын өндіру, биогумустан тыңайтқыш дайындау технологиясы, тамшылатып суғару әдістеріне қатысты кластерлі жобалар жайын да сөз етті.

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде кластерлі 91 жобаның тізімі бекітіліп, 62 жоба жұмыс істеп тұр. Өз жемісін бере бастаған құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс өсіру, мал бордақылау, бал ара шаруашылығы, балық шаруашылығы бағытындағы жобалардың тиімділігін мамандар мойындап отыр.

– Бүгінде қаламызда «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Ұлттық жобасы» аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатындағы кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын егістік алқаптардан жиналатын өнім көлемі де артып келеді. Кешенді шаралар қала тұрғындарының тұрмысын жақсартып, сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік беруде. Осындай семинарлардың арқасында алдағы уақытта мегаполис агросекторының дамуына кең жол ашылып, тың жобаларды жүзеге асыруға септігі тиеді деп сенемін, — деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Ауылшаруашылығы өкілдері семинар барысында озық идеялары мен тың технологияға негізделген үздік жобаларымен бөлісті. Агросектор мамандарының басқосуы саланың жетістіктері мен өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берген еркін диалог алаңына айналды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *