Шымкент

Базардағы жастардың лигасы өтті


Естеріңізде болса, 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке NEET санатындағы жастар санын жылына кем дегенде 1 пайызға азайту және 2021 жылы 6 пайызға дейін төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдауды міндеттеген болатын. Яғни жастарды жұмыспен қамтып, білім беру жобаларына тартуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауды тапсырған еді. Осыған орай, Шымкентте базар жастарының басын қосқан спорттық сайыс ұйымдастыру қолға алынды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен Шымкентте алғаш рет басталған «Базар жастар лигасына» қатысуға ниеттілердің саны өте көп.

Қалалық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен базар жастарын қолдау мақсатында «Базар жастар ұйымы» құрылған екен. Қазіргі таңда Шымкенттегі 9 базарда жастарды қолдау ұйымдары жастармен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Ал 8 тамызда бастау алған «Базар жастар лигасы» турнирінің бірінші кезеңі кешегі апта аяғында аяқталып, ұлдар арасындағы кіші футбол мәресіне жетті. Мұндай жарыстар жастарға салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Футбол ойынына қатысушылар арнайы тағайындалған бас төрешінің бақылауымен жеребе тарту арқылы командаларға бөлініп, жарысқа түскен.

Бас төрешінің бекіткен топтық ойын кестесіне сәйкес 16 команда кезең-кезеңімен ойнап, 1/4  кезеңіне 8 команда (Север сауда орталығы, Технодом, Айна, Барыс, Авто-НҰР, Көне қала, Акбар және Жібек жолы базары) жолдама алды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханұлы арнайы қатысып, барша жастарды 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен және турнирде жеңіске жеткен командаларды құттықтады.

Ұлдар арасында өткен кіші футбол ойынының жүлделі I, II және III орын иегерлерін және «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғушы», «Үздік қақпашы» номинация иегерлерлеріне «Базар жастар лигасы» кубогы табысталды.

Сонымен қатар, жеңімпаз командаларға дипломдар мен арнайы сертификаттар берілді.

Турнир нәтижесінде I орын – «Акбар» базар командасына (10 планшет) бұйырды. II орын – «Көне қала» базары командасына (10 смартфон), III орын – «Барыс» базар командасына (10 велосипед) берілді. Турнирдің екінші кезеңі 14 тамыз күні қыздар арасында волейболдан өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *