Біле жүріңіз

Өндірістік бақылау дегеніміз не?

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлікті өндіру, жүзеге асыру, оны сақтау, тасымалдау барысында заңды және жеке тұлғалармен ұйымдастырылып , өткізілетін эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды  орындау кезінде санитариялық ережелерінің қадағалануын бақылауды өндірістік бақылау дейміз. Өндірістік бақылау нысаны –шикізат, дайын өнім, өнімді дайындау кезінде пайда болған қедергілер, өнімді сақтау, тасымалдау және жүзеге асыру барысындағы технологиялық процесстегі сатылары. […]

Uncategorized

Тағамды талғап жеңіз

Сапасыз  азық-түлік  балалар  ассортименті тауарлары  және басқа да халық тұтынатын тауарлар туралы     Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам өнімдерінің сапасына, ас жүйесіне, биологиялық қоспаларына мониторинг жүргізу арқылы сақтау мерзімі мен өнімді іске асыру жайына көп көңіл бөлінеді. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті (бұдан әрі – осы техникалық регламент): 1) техникалық […]

Құқық Мәселе

Келес ауданында бала құқын қорғау туралы жиын өтіп жатқанда…

баланың құқы бұзылды                                «Халыққа бір тиын пайдасы жоқ ай сайын бас қосқан жиын болады…». Мұны айтқан ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Мөңке би. Болашақты дәл болжаған бабамыз ай сайын жиын болады десе, қазір күн сайын, тіпті бір күнде бірнеше жиын болатын жағдайға жеттік. Ал пайдасы қане?  Сөзімізге тұздық ретінде айтайық, осы жылдың 21 қыркүйек […]

Шымкент

«Мектеп керек!»

Абай ауданының тұрғыны М.Төлегенова Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде осылай деп мәселе көтерді. Тұрғынның талап-тілегін ескерусіз қалдырмаған қала басшысы есептік кездесуден кейін айтылған аумаққа – «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барып, мәселенің мән-жайымен танысты. Қала басшысына тұрғындардың өтінішін жеткізген М. Төлегенованың айтуынша жыл сайын халық саны артып келе жатқан елдімекенде […]

Шымкент

Еңбек адамдары құрметке бөленді

Қыркүйектің соңғы жексенбісі елімізде – Еңбек күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай Шымкентте «Еңбекпен өткен өмір – ұрпаққа үлгі» атты салтанатты жиын өтті. Шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен кәсіподақ өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар әрдайым құрметке лайық екенін жиі айтады. «Ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік […]

Шымкент

«Халық қатысатын бюджеттің» берері көп

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласында 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асып келеді. Жобаның мақсаты жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардан өтінімдер әр жылдың қаңтар айының […]

Өмірдің өзі

Тұмаудан абайлаңыз

Тұмау ауруы жедел басталып, 3-5 күн бойы жоғары дене қызуының көтерілуімен, жалпы жағдайының нашарлауымен, интоксикация белгілерімен (бас ауруы, бұлшықетінің ауырсынуы) өтетін жұқпалы ауру. Тұмаудың асқынуынан пневмония туындап, орталық жүйке-жүйесінің, жүрек-қантамыр жүйесінің, есту ағзаларының т.б. зақымдануымен жүреді. Дамыған мемлекеттерде  жыл сайын тұмаудың салдарынан, оның асқынуларынан 30-40 мың адам көз жұмады. Тұмаудың және жедел респираторлы инфекциялардың әлеуметтік-экономикалық […]

Өмірдің өзі

Сапалы өнім тұтынып жүрсіз бе ?

Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам өнімдерінің сапасына, ас жүйесіне, биологиялық қоспаларына мониторинг жүргізу арқылы сақтау мерзімі мен өнімді іске асыру жайына көп көңіл бөлінеді. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті (бұдан әрі – осы техникалық регламент): 1) техникалық реттеу объектілерін; 2)техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын; 3)техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру ережелерін; […]

Құқық

Ішкі нарықты контрафактілік өнімдерден қорғау ортақ мүдде

                      Контрафактілік өнім  дегеніміз  еліміз  бекіткен халықаралық келісімшарттар нормаларын  бұза отырып жалған өнімдерді айналымға  тарату немесе  басқаша  мақсатта пайдалану. Контрафактілік өнімдер және зияткерлік  меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Қазірге  кезде контрафактілік өнімдер көптеген  сауда нүктелерінде сатылуда.  Ал  лицензиясы бар өнімдер сауда жасайтын нүктелер азайып  бара жатыр.  Бүгінгі таңда контрафактілік өнімдермен […]

Біле жүріңіз

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру – білімді маман қалыптастыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы «Білім берудегі менеджмент» тақырыбы бойынша педагогтердің біліктілігін көтеруге арналған арнайы курс ұйыдастыруда. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Д.Қонаев атындағы мектепте қыркүйектің 25-інде басталған бұл курсқа қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары қатысуда. Оқу бағдарламасы қазанның 6-сына дейін жалғасады. Топта 24 тыңдаушы бар. Бәрі де […]