Әлеумет Басты жаңалықтар

Шұбарсу – шырайлы мекен

Tүркістан облысының кіндігі іспеттес, үшінші мегаполис – Шымкент қаласымен іргелес орналасқан Ордабасы ауданында көптеген өндіріс орындары, кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауылшаруашылық саласында да айтулы жетістіктерге қол жеткізілуде. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсімінің жоғары болуы себепті тұрғын үй саласы да қарқынды даму жолында. Инвестор тартуға да қолайлы, көлік-логистика саласы жолға қойылған. Шұбарсу — осындай мүмкіндігі мол ауданның ең ірі […]

Оқшау ой

«Арыстанды» атауының сыры неде?

Кешегі аптада Бәйдібек ауданындағы Шақпақ ауылында болып, жергілікті жұрт «Ақылтөбе» деп атайтын төбеге шықтық. Жер-су аттарына мән беріп қарайтыным бар, жұрттан төбенің аты неге бұлай екенін сұрадым. «Биіктеу жер болған соң малдың алдынан шыққан, басқа да себеппен жолы түскен адамдар «бас қосып ақылдасатын төбе» деп жүріп «Ақылтөбе» атанып кеткен» деген жауап естідім. Ойды ой қозғайды. […]

Uncategorized Экономика

Бәйдібекте байыпты бағдарламалар жүзеге асуда

Бүгінде Түркістан облысы еліміз бойынша көптеген көрсеткіштерде алда келеді. Бұл істе, әрине, әрбір ауданның қосып жатқан өзіндік үлесі бар. Аграрлы Бәйдібек ауданы да әлеуметтік-экономикалық жағынан өркендеп келеді. Ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпейіс Ақбаевпен сұхбаттастық. – Нұрпейіс Оразханұлы, Бәйдібек ауданының қазіргі әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қалай сипаттауға болар еді? – Ауданда соңғы үш […]

Біле жүріңіз

Күбі пісу – нағыз салауатты өмір салты

Ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінде қорасы төрт түлік малдан, күбісі ақтан босамаған. Қазақтың сүт өнімдерінен жасалатын ұлттық тағамдарының көбісі күбіден алынады. Күбі пісу – ұлттық дәстүріміздің бірі. Бала кезімізде ауылда әрбір үйдің ошағының басында күбі тұратын. Тыным таппай шапқылап жүрген біздерді әже-апаларымыз әлгі күбіні пісуге жегіп қоятын. «Мына күбіні жүз рет піссеңдер кәмпит беремін» деп ынталандыратын еді. Қағазға […]

Мәселе

Алтынтөбеліктер пай үлесінен неліктен қағылған?

Мәселе облыста шешілмесе, тұрғындар Астананы бетке алмақ Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін арада 29 күн өткен соң, яғни 1992 жылдың 14 қаңтарында Президент «Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру» туралы Заңға қол қояды. Осы заң талабына сай еліміздегі барлық колхоз, совхоздың мүлкі (жер, мал, техника мен ғимараттар) пай үлесі ретінде жеке адамдарға берілген. Бірақ, түрлі себептермен Қазығұрт ауданының […]

Әлеумет

ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚ

Т үркістанда «Түркістан қаласы аумағындағы тұқымбақ» деп аталатын заманауи тұқымбақ салынды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жаңа тұқымбақтың жұмысымен танысып, оның өндірістік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымын жетілдіру және өңірді көгалдандыруға қажетті көшеттер мен гүлдердің санын көбейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. – Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жасыл алқапты көбейтуді тапсырды. Бізде барлық мүмкіндік бар. Осындай тұқымбақтарды […]

Біле жүріңіз

ТАСКЕШУДЕГІ БАНАН БАҒЫН КӨРІҢІЗ!

«Банан Қазақстанда өсе ме?» Осы сұрақты естігенде көпшілік таңырқайтыны анық. Себебі банан десе көз алдымызға тропикалық ормандар, жылы климат пен мұхит жағалауындағы елдер елестейді. Ал дәл осындай экзотикалық жемістің Қазақстанда өсірілетінін көп адам біле бермейді. Осы қызығушылықтың жетегінде мен Шымкент қаласының маңындағы Таскешу ауылында орналасқан банан бағына арнайы барып, оның тыныс-тіршілігімен танысып қайттым. Бұл сапар […]

Әлеумет

МІНДЕТТЕР САРАЛАНЫП, ТАПСЫРМА ТИЯНАҚТАЛДЫ

Созақ – донор аудан есептеледі. Облыстағы ірі кәсіпорындардың біршамасы осы теріскейде орналасқан. Соның арқасында аудан тұрғындарының әл-ауқаты жыл санап артып келеді. Ал аудан басшылығы жұмыстың одан әрі жандануы үшін барын салып еңбек етуде. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен межеленген индикаторлардың орындалу барысын ұдайы бақылау ұстап отырғаны осы сөзімізге дәлел бола […]