Таяуда Сайрам ауданында бір жеткіншек қыздың құқық қорғау орындарына өз анасының үстінен шағымданғаны жөнінде естідік. Ата-анасы ажырасып, бала анасы жағында қалған болса керек. Қыз анасын «жағдайымызға қарамайды» деп кінәлаған көрінеді. Осы шағым негізінде жұмыс істегендер қызды арнайы интернатқа орналастыруды ұйғарған. Осылайша, әлгі жеткіншек қыз өзінің жағдайды қалай артық қыламын деп тыртық қылып алғанын аңғармай да […]
Метка: мектеп
Алғашқы қоңырау күнгі мектептегі төбелес
оқушылар емес, ұстаздар мен ата-аналар арасында болды Еліміздегі барлық білім ошақтарында 1-қыркүйек – мереке. Бұл күні білім, тәлім алуға келген оқушылардың жүздері бал-бұл жайна, жаңа оқу жылына жаңаша көңіл-күймен кіріседі. Өкінішке қарай, мұндай көрініс барлық жерде байқала бермейді екен. Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты Т.Тәжібаев атындағы мектепте бұл күні қуана қауышу емес, ызалана жағаға жармасу […]
Майтабандар неге көбейіп жатыр?
Кезекті оқу жылы да басталып кетті. Көшелерден, қоғамдық көліктерден балалар жиірек көзге шалынуда. Осы орайда ата-аналарға мынадай бір мәселеге мұқият назар аударуды ұсынған болар едік: бүгінде дене сымбаты ебедейсіз қалыптасқан, майтабан балалар көбейіп келе жатқан сияқты. Мұндай балақайлардың көбейгенін елдегі ортопедтердің берген статистикасынан да аңғаруға болады. Олардың есебінше, майтабандық белгілері қазіргі балалардың 70 пайыздайынан байқалады […]
Мектепке дайындық: баланы қаншаға киіндіруге болады?
Кезекті оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Бүгінде ата-аналар балаларына киім-кешек пен мектепке қажетті заттарын әперу қамында жүр. Ал бағалар қандай болып тұр? Баласын киіндіріп, мектепке керек-жарағын әперу үшін жұрттың көбі бүгінде Шымкенттің орталығындағы Қырғы базарға барады десек, қателеспейміз. Өйткені ондағы баға салыстырмалы түрде төмендеу, қажеттің бәрін табуға болады. Оған кешегі жексенбіде базардың «Көл» […]
Сатып алу конкурсы неге кешеуілдеді?
жаңа оқу жылына дейін мектептер жөнделіп үлгере ме? Он күннен кейін республикада маңызы бар Құрылтай сайлауы өтеді. Бұған ел болып дайындалуда. Қателеспесек, сайлау учаскелерінің 90 пайызы білім ошақтарында орналасқан болуы мүмкін. Шынтуайтына келсек, сайлау да өтер, ол бір күндік іс-шара ғой. Бірақ одан кейін, араға бір апта салып жаңа оқу жылы басталады. Оқушылар барғанда мектеп […]
«Мектепке жол»: Бірі қуанып, бірі шулап жатыр
Тамыз айының басынан бері елімізде республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Жыл сайын өткізілетін шараның мақсаты мәлім – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығына жәрдемдесу, мектеп киімін, оқу құралдарын алып беру. Дегенмен бұл шаруаның төңірегінде де даулы мәселелер туындап жататыны бар. Кешегі аптада Шымкентте «Мектепке жол» акциясына өтініштерін өткізіп, бірақ көмек көрсетуден […]
ChatGPT: Пайдасы қандай, зияны қандай?
Бүгінгі оқушының сөмкесінде кітаппен қатар жасанды интеллект те «жүр». Яғни соңғы бірнеше жылда ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдары білім беру саласында кеңінен қолданыла бастады. Бірі оны білім алуға көмектесетін заманауи технология деп бағаласа, енді бірі оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін әлсірететін құрал ретінде қабылдайды. Ендеше, ChatGPT – оқушының сенімді көмекшісі ме, әлде жалқаулықтың бастауы ма? Бүгінде […]
ҚАУЛЫ ДА, БҰЙРЫҚ ТА КҮШІН ЖОЙДЫ
Газетіміздің өткен санында жарияланған «Сот залындағы суицид» атты мақалада ордабасылық Хасен Ерімбетов есімді азаматтың судья өзін (суретте) 5 күнге қамауға алу туралы қаулы шығарғаннан кейін сот залында өз-өзіне пышақ жарақатын салып, ауруханаға жеткізілгені жайында жазылған болатын. Оның қасына күндіз-түні полициядан күзет қойылып, терезені темір тормен тұмшалап, аяғына «сақина құрсау» салынып, сырттан адамдардың келіп-кетуіне рұқсат етілмей […]
«БЫЛЫҚ БАСТАН…»
Білім саласындағы келеңсіздіктер осыны айғақтай ма? Түркістан облысының білім саласындағы былықтар жайлы естігенде атам қазақтың «Балық басынан шіриді» деген мәтелі еріксіз еске оралады екен. Неге десеңіз, бүгінде ел аузында гу-гу әңгімеге айналған, әлеуметтік желіде желдей ескен жайттардың дені жоғары жақтан болып жатқанын аңғаруға болады. Алаш зиялылары «ұлт шамшырағы», «қоғам қайраткері» деп бағалаған ұстаздар қауымы бүгінде […]
ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕР ТҰЛҒА
1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны қазақтың небір асыл азаматтарының өмірін қиды. Осындай арманда кеткен арда тұлғалардың бірі – шымкенттік Тәңірберген Отарбаев. Ол халықтың жағдайын жасап, сауаттандыру жолында жан аямай еңбек еткен. Бірақ жазықсыз жала жабылып, «халық жауы» атанған. Жазықсыз жапа шеккен Шымкентте Тәңірберген Отарбаевтың қызы Ұлжан апа (суретте) тұрады. Биыл жасы 88-де. Кешегі күні […]









