Бүгінде халқымыздың бабадан мұра боп жеткен өнегелі салт-дәстүрлерінің көбі өзіміз танымастай өзгеріске ұшырауда. Көп адам олардың түпкі мәніне зер салмай, үйреншікті, жаттанды болғандарын кәдеге жаратып жүр. Осы жағы ойландырады. Мұндай келеңсіздіктерге жол бермес үшін жүрген жерімізде, ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде бұған қатысты танымдық деректерді жиірек айтып, жариялап тұрған дұрыс болар еді. Мысалы, қазіргі күндері халқымыздың […]
Метка: салт-дәстүр
БЕСІК – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАСЫ
Бесік – ұлттың тәрбиесі мен тағылымын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын бойына жинаған қасиетті мұра. Сәбидің алғашқы ұясы болған бесік ғасырлар бойы қазақ отбасындағы береке мен тәрбиенің алтын арқауы болып келеді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің астарында терең мән жатыр. Өйткені әрбір адамның мінезі мен болмысының қалыптасуы бесіктен басталады. Қазақ халқы бесікті қастерлеп, оны […]
ӘМЕҢГЕРЛІККЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?
Ата-бабалардан бүгінгі күнге жеткен салт-дәстүрлердің қазіргі қоғамда ішінара сақталса да жария етіле бермейтін дәстүрлерінің бірі – әмеңгерлік. Яғни, күйеуі қайтыс болып, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса күйеуінің ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қағида ерте заманнан «әйел ерден кетсе де елден кетпейді» деген нақыл сөз ретінде қалыптасқан. Әлеуметтік желіде әлдекімдер […]
«ШЕГЕ ШАПАН» ДӘСТҮРІН ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ
Кейінгі кездері жиі аңғарып, өзіме ой салып жүрген бір жайды оқырмандармен бөліссем деймін. Газет бетінен орын берсеңіздер, жұрт оқып, ой түйер, пікір бөлісер, бәлкім. Енді бірер күнде жаз маусымы басталғалы тұр. Бұл – ел ішінде той-томалақтың көбейетін кезі. Бүгінде ұлын үйлендірудің, қызын ұзатудың қамына кірісіп жатқандар бар. «Пәленше болашақ құдаларымен тәтті шай ішіпті», «қалыңмалын келісіпті», […]
ЖАРАМАЗАН АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Жалпыхалықтық мерекеге және 16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай Шымкенттеге Көрме орталығында «Жарамазан Fest» республикалық байқауы өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауда Түркістан облысы аудандарынан, облыс орталығы Түркістаннан, Шымкенттен, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы, Атырау облыстарынан келген өнер ұжымдары бақ сынады. Олар өз аймақтарына тән орындаушылық ерекшеліктерді таныстырып, жарамазан жырларын түрлі нақышта орындады. Жарамазан […]
ҰЛТ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН
Шымкенттің «Қазына» этно-тарихи саябағындағы «Қазақ хандығына – 550 жыл» алаңында халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналған ауқымды іс-шара болып өтті. Мәдениет басқармасына қарасты Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырған мерекеде «Ер-тұрманым күмістен» атты шеберлік сағаты көрермен назарына ұсынылды. Жиналған жұртшылық халқымыздың көне тарихымен, қолөнерімен, тұрмыс салтымен бір қауышқандай мол әсер алды десек болады. Республикалық деңгейде өткен бұл […]





