Басты жаңалықтар Мәселе

Мұражай құлағалы тұр…

Қабырғаға тірелген ағаш қашанғы сүйеу болады? Біздің бүгінгі айтпағымыз басқа. Сол күнгі кездесуден шыққанда сыртта тұрған бір кісі «музей мәселесі айтыла ма деп едім, ешкім қозғамады ғой. Ғимараттың қабырғасы құлап, бір күні сол жерде отырғандар үйінді астында қала ма деп уайымдаймын», деп қалды. Бұл біздің назарымызды бірден аударды. Құлағалы тұрған қандай мұражай ол? Дереу көруге […]

Басты жаңалықтар Экономика

5 мың сиыр бордақыланады

Қазығұрт ауданының Қақпақ ауыл округінде бір мезгілде 5 мың ірі қараны бордақылауға мүмкіндік беретін заманауи кешен бой көтеруде. Инвестициялық жобаны «Қарқын-2030» серіктестігі жүзеге асыруда. Америкалық технология бойынша 4,3 миллиард теңгеге салынып жатқан кешенді облыс әкімі Нұралхан Көшеров барып көрді. Аталған кешен 16 гектар аумақта орналасқан. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан […]

Басты жаңалықтар Экономика

Ордабасының өндірістік қуаты арту үстінде

Бүгінде инвестиция тарту – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі. Инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік туады. Ал бұл бағытта Ордабасы ауданында қандай шаруалар атқарылып жатыр? Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтан сұраған едік. «Биылғы жыл басынан бері ауданға тартылған инвестиция көлемі 38,2 […]

Басты жаңалықтар Экономика

Түркістан мақтасымен мақтана алады

Түркістан облысы – Қазақстандағы мақта өсіретін жалғыз өңір. Отан қамбасына тек шикізат беріп қана қоймай, тоқыма өнеркәсібін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр. Облыстағы «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» серіктестігі 52 мың гектар аумаққа мақта егіп, онда тамшылатын суғару сияқты заманауи озық технологиялар пайдаланылуда. Бүгінде мақта өнімін жинап алу жұмыстары жүріп жатыр. Облыста мол өнімді қабылдауға және […]

Басты жаңалықтар Экономика

Түркістанда тоқыма дамымақ

Оңтүстікте «ақ алтын» терімі басталып, шаруалардың жаз бойғы еңбектің жемісін көретін кезі келді. Мырзашөл өңіріне барсаң, ертеден кешке дейін қайнаған еңбек. Барлығының ойында – ауа райы бұзылмай тұрып ақ ұлпаны жинап алу. Бұл мәселеде шаруалардан бөлек, аудан басшылары да тынымсыз еңбек үстінде жүр. Осынау қайнаған тіршілік жайында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров былай дейді: […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Ұстаздар күніндегі ұқыпсыздық

Ұстазды ұлы тұлға, олардың орны төр деп әспеттегенде жер-көкке сиғызбаймыз, ал оларға құрмет көрсетуге келгенде ұқыпсыздыққа, немқұрайдылыққа жол беретініміз қалай? Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қазан күні «Ақ үйде» бір топ ұлағатты ұстаздардың басын қосып, мерекелерімен құттықтады. Осыдан кейін облыс, аудан, ауылдарда ресми іс-шаралар басталды. Соның бірі 6 қазан күні Сайрам ауданының орталығы Ақускенттің […]

Басты жаңалықтар Мәселе

«Шардара» Арал кейпін кешпесін десек…

Балық жүзген жерде енді мал жайылып жүр «Шардара» су қоймасының Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосар үлесі орасан. Шардара өңірі мен көршілес Сарыағаш, Келес аудандарымен қатар Арыс қаласына қарасты ауылдардың егістік алқаптарын (жүздеген мың гектар жерді, оның ішінде күріш пен мақта егістігін) ағын сумен қамтамасыз етеді. Одан бөлек, Шардара су-электр станциясы облыстың оңтүстігін жарықпен […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Бұл айда жел жиілейді

Қыркүйектің соңын ала Алатауға қар түсті. Ал кешегі 5-6-қазан күндері еліміздің бірқатар өңірлері алғашқы қарды қарсы алды. Бұл жөнінде әлеуметтік желілерде Астананың, Қостанайдың, Ақтөбе облысындағы бірқатар аудандардың тұрғындары хабарлап, бейнежазбалар жүктеді. Ауасы салқын тартқан Оңтүстіктің жұртшылығы да «қыстың қыр астында екенін» сезінгендей болды. Алдағы ауа райы қандай болмақ? Бұған қатысты «Қазгидромет» республикалық ауа райын болжау […]

Басты жаңалықтар Экономика

Сауранда аммиак пен карбамид өндіріледі

Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта жобалық құны 200 миллион АҚШ долларын құрайтын зауыт салынады. Кәсіпорын жылына 250 мың тонна синтетикалық аммиак пен 300 мың тоннаға жуық карбамид өндіретін болады. Жобаның толығымен жүзеге асуы 300 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Сөйтіп ол Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға өзіндік үлесін қосады деп күтілуде. Бүгінде бұл жобаға […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Ауруханадағы жөндеу аяқталуға жақын

Жетісай ауданында тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзіміне айрықша мән берілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың барысын зерделеу мақсатында аудан әкімі Серік Мамытов Асықата кентіне барып, «Асықата» аудандық ауруханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. […]