Шымкентте ғасырлар қойнауынан жеткен киіз басу өнері дәріптеліп, ұлттық қолөнердің озық үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. «ТЕКЕМЕТ FEST» этно-танымдық фестивалі дәстүрлі өнерді насихаттап қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған тағылымды мәдени алаңға айналды. Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан, ұлттың болмыс-бітімін айшықтайтын рухани мұра. Соның ішінде киіз басу, текемет жасау өнері – табиғи шикізатты ұқыпты […]
Метка: қала
Алғашқы қоңырау күнгі мектептегі төбелес
оқушылар емес, ұстаздар мен ата-аналар арасында болды Еліміздегі барлық білім ошақтарында 1-қыркүйек – мереке. Бұл күні білім, тәлім алуға келген оқушылардың жүздері бал-бұл жайна, жаңа оқу жылына жаңаша көңіл-күймен кіріседі. Өкінішке қарай, мұндай көрініс барлық жерде байқала бермейді екен. Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты Т.Тәжібаев атындағы мектепте бұл күні қуана қауышу емес, ызалана жағаға жармасу […]
«Қошқаратаны» қастерлей білейік
Кешегі сенбіде Шымкентке Ұлытау жақтан құдаларымыз келіп, оларды теміржол вокзалынан күтіп алған едік. Ол кісілердің Қошқаратаны көргісі келіп жүргеніне біраз болған, осы жолы «тиіп тұр екен ғой, осы бетімізбен бара салайықшы» дегесін Қошқаратаға үйлер арасымен тіке тарттық. Қошқарата бұлағы теміржол вокзалына өте жақын, бес минуттық қана жер. Бұрынғы гараждар тұратын аумақтан шағын дүкендер ашып қойыпты. […]
Шымкенттің ауасы қашанғы ластанады?
Кейде түн ішінде немесе таң алдында Шымкенттің ауасында жағымсыз иіс пайда болады. Кешегі күні де солай болды. Жалпы, бықсып, шала жанған көмірдікі сияқты иіс бірде аздап сейіліп, бірде қоюланып, әсіресе желсіз күндері қатты сезіледі. Ал биігірек тұстан қарасаңыз, Бадам бойын шығыстан батысқа қарай ұзына бойы түтін немесе шаң-тозаң пердесі тұмшалап тұрады. Бұл иіс пен тозаң […]
ШЫМКЕНТТЕГІ А-2 АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары А-2 автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарының сапасын тексерді. Тексеру «Қорғас – Алматы – Шымкент – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолының Шымкент қаласын айналып өтетін, Бадам өзені арқылы өтетін көпірден Шымкент–Ташкент автожолына дейінгі учаскесінде жүргізілді. Аталған нысан – жобаның V кезеңі. Тексеру кезінде мамандар асфальтбетон […]
«Мектепке жол»: Бірі қуанып, бірі шулап жатыр
Тамыз айының басынан бері елімізде республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Жыл сайын өткізілетін шараның мақсаты мәлім – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығына жәрдемдесу, мектеп киімін, оқу құралдарын алып беру. Дегенмен бұл шаруаның төңірегінде де даулы мәселелер туындап жататыны бар. Кешегі аптада Шымкентте «Мектепке жол» акциясына өтініштерін өткізіп, бірақ көмек көрсетуден […]
Жолдың «жыры» әкімнің беделіне де нұқсан келтіре бастады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев автожолдарды жақсарту жайында әрдайым айтып келеді. Тіпті, 2022 жылғы Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде нақты тапсырма берді. Алайда… Шымкентке Ғабит Сыздықбеков әкім болып тағайындалғалы қыруар жұмыс атқарды. Дегенмен, сапасыз жұмысымен қала басшысының іскерлігі мен беделіне нұқсан келітіріп жүргендер де бар. Мәселен, Шымкенттегі «Қаратөбе тас жолында» […]
«Шатқалдағы» шала тірлік
«Тұранда» қайталанып жатыр ма? Жалпы, науқаншылдық дегеннің көбінше жалған ұран, уақытша белсенділік, көзбояу әрекеттермен астасып жататыны бар. Айталық, осыдан 8-9 жыл бұрын Шымкентте сол кездегі облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен еліміздегі тұңғыш, теңдесі жоқ деп айдар тағылған «Шатқал» атты бағдарлама іске қосылған болатын. Бағдарламаның мақсаты керемет: қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру. Алайда, дабырамен […]
АҚПАРАТТЫ ЖАСЫРУ АПАТҚА СЕБЕП БОЛМАЙ МА?
Шілденің аптап ыстығы күшіне мініп тұрған күндері әлеуметтік желілерде «Шымкентте көшедегі термометрлер 60 градустан асатын ыстықты көрсетті», «66 градусқа дейінгі температураны көрсетті» деп айтқандар да, жазғандар да аз болған жоқ. Аптап ыстықтан әбден әбіржігеніміз рас. Бұл жұртты алаңдатқан негізгі тақырып болды. Неге нақты жауап бермейді? Ал «күннің ыстығы 60, 66 градусқа дейін көтерілгені» қаншалықты шындыққа […]
ТҮРКІСТАНДА –ЖАҢА ЖАҒАЖАЙ
Түркістан қаласы тағы бір тамаша туристік нысанмен толықты. Дәлірек айтқанда, төрт қақпалы қалада «Есу арнасында» суға шомылуға арналған, ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайтын жаңа жағажай ашылды. Ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асқанын атап өтті. Демалыс аймағында демалушыларға […]









