Бұл көне диірмен (келі) – әжемнің қолынан өткен, оның өмірімен сабақтасқан қасиетті мұра. Әжем мұны 83 жасқа дейін қолданған екен. Кезінде осы диірменмен дән тартып, отбасының қажетіне жаратып, маңдай термен келген астың қадірін білген. Оның сылдыраған үнімен бірге әжемнің қолының табы, маңдай тері, отбасының берекесі, сол дәуірдің тынысы сезіледі. Бүгінде қол диірменнің орнын заманауи техникалар […]
Метка: әдет-ғұрып
Қалжа – тағам ғана емес, тәрбие институты
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде ұлттың өміршеңдігін сақтаған құндылықтардың бірі – ана мен балаға деген ерекше қамқорлық. Соның айқын көрінісі – қалжа беру дәстүрі. Көпшілік қалжаны босанған әйелге сойылатын қой деп қана түсінеді. Алайда этнографиялық тұрғыдан қарағанда, қалжа – жай ғана тағам емес, ол ана денсаулығын қалпына келтіруге, ұрпақтың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік әрі медициналық […]
Баланың тұсауын кімге кестіріп жүрсіз?
Бүгінде халқымыздың бабадан мұра боп жеткен өнегелі салт-дәстүрлерінің көбі өзіміз танымастай өзгеріске ұшырауда. Көп адам олардың түпкі мәніне зер салмай, үйреншікті, жаттанды болғандарын кәдеге жаратып жүр. Осы жағы ойландырады. Мұндай келеңсіздіктерге жол бермес үшін жүрген жерімізде, ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде бұған қатысты танымдық деректерді жиірек айтып, жариялап тұрған дұрыс болар еді. Мысалы, қазіргі күндері халқымыздың […]
БЕСІК – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАСЫ
Бесік – ұлттың тәрбиесі мен тағылымын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын бойына жинаған қасиетті мұра. Сәбидің алғашқы ұясы болған бесік ғасырлар бойы қазақ отбасындағы береке мен тәрбиенің алтын арқауы болып келеді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің астарында терең мән жатыр. Өйткені әрбір адамның мінезі мен болмысының қалыптасуы бесіктен басталады. Қазақ халқы бесікті қастерлеп, оны […]
ӘМЕҢГЕРЛІККЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?
Ата-бабалардан бүгінгі күнге жеткен салт-дәстүрлердің қазіргі қоғамда ішінара сақталса да жария етіле бермейтін дәстүрлерінің бірі – әмеңгерлік. Яғни, күйеуі қайтыс болып, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса күйеуінің ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қағида ерте заманнан «әйел ерден кетсе де елден кетпейді» деген нақыл сөз ретінде қалыптасқан. Әлеуметтік желіде әлдекімдер […]
ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ – ТІЛСІЗ ТІЛ…
Қазақ халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінің бірі – ғашықтар жырлары. Оларды «Еңлік – Кебек», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек пен Төлеген», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»… деп тізбелей беруге болады. Осы орайда елімізде жыл сайын 15 сәуірде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні дәстүрлі түрде аталып өтіп келе жатқаны еске түсіп отыр. Ғашықтар, махаббат дегенде, […]





