Әрбіріміз ас үйдегі құбыр бітелгенде сантехник іздеп, желіні тазартуға тырысамыз. Сол тазарту кезінде құбырдан қатып қалған май бөліктері, қалдықтардың небір түрі шығады. Ал осындай келеңсіздік қала бойынша орын алғандағы жағдайды елестетіп көріңізші. Күн сайын орталық кәріз желілеріне сіз сияқты қаншама тамақ қалдығын тастайтындар бар. – Коллекторлар майға толып кетеді, одан желінің өткізу деңгейі төмендейді – […]
Автор: admin
Нұрғисаның ел білмейтін ұлы
Белгілі сазгер, Халық қаһарманы, дәулескер күйші, Қазақтың мақтанышы болған Нұрғиса Тілендиевтың өмірден өткеніне де жиырма алты жылға жуықтады. Жалпақ елге артында жары, кезінде белгілі актриса болған Дариға Тілендиева, жалғыз қызы ДінЗухра Нұрғисақызы қалды» деген ақпарат қана мәлім. Алайда, олай емес екен. Нұрғиса Тілендиевтың туған ұлы, немерелері бары анықталып отыр. Бұл жайлы Астанадағы Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия […]
АУЫЗ СУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Судың сапасын бағалау суды пайдалану түрінен қарап жүргізіледі. Тәжірибелік көзқарастан, оларға қойылатын жеке талаптарына сәйкес, суды пайдаланудың келесі түрлерін ажыратады: орталықтанған сумен қамтамасыздандырудағы ауыз суы үшін, орталықтанбаған (жергілікті) сумен қамтамасыздандырудағы (құдықтардың, бұлақтардың) ауыз суы үшін. Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет: 1. Органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және […]
САПАЛЫ ЖОЛ БОЛСЫН ДЕСЕК…
Биылғы қыстың қары қалың, көктемі жауынды болуда. Қар еріп, көктем шыға салысымен жолдардың ой-шұңқырлары одырайып шыға келді. Көліктердің жүруіне көп кедергісін келтіруде. Жолдар жыл сайын жөнделгенімен, сапасы сын көтерер емес. Қалаға келген жаңа әкімге қатысты оң пікір, жақсы сөздер айтылуда. Лайым солай болсын. Дей тұрғанмен мен көптен көңілде жүрген бір мәселе жайлы ой қозғамақпын. Байқасаңыздар, […]
Листериоздан сақтанайық!
Листериоз — жануарларда орталық жүйке жүйесі мен жыныс мүшелерінің қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Листериозға қой, ешкі, ірі қара мал, доңыз, жылқы, үй қояны, тауық, қаз, үйрек, күркетауық, т.б. жануарларының төлдері мен буаз аналықтары өте бейім. Ауру қоздырушы ауырған мал мен кеміргіштер арқылы тарайды. Қоздырушы сүтте, сүрлемде сақталып қана қоймай, өсіп-өнеді. Аурудың сыртқы […]
Партада отырып, порносайт тамашалаған ба?
Бүгінде білім саласында саналы адамның санасына сыймайтын түсініксіз жәйттер орын алуда. Ұстаздар бір-бірімен соттасып, оқушылар арасында қатыгездік үдеп барады. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың салдарынан миллиардтар жымқырылып жатыр. Енді, міне, партада отырып, порносайттарға кірген оқиғалар анықталуда. Оқушылардың сабақ уақытысында рұқсат етілмеген сайттарға кіргені жайында жергілікті прокуратура анықтаған. Нақтырақ айтқанда, Жетісай ауданының прокуратурасы мектептерді тексеру барысында 31 […]
Қазақ сәлем беруді неге парыз санаған?
Салтыңды сақта Үлкенге сәлем беріп, алғысын алу – қазақ салт-дәстүрінің ең озық түрі. Қазақ «Сәлем – сөздің анасы» деп, баласына алдымен сәлемдесу әдебін үйреткен. Сәлемі түзу балаға үлкендер «Көсегең көгерсін, жүз жаса, бақытты бол» деп алғыс айтқан. Дұрыс амандаспаса, «үлкенді сыйлай білмейді, көргенсіздің баласы» деп ата-анасын кінәлаған. Салт бойынша жасы кіші бірінші амандасуға міндетті, бір […]
COVID-19 ға қарсы екпе туралы не білеміз?
Неліктен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина тез әзірленді? Пандемия кезеңінде осы вакцинаға аса қажеттілік туындады. COVID-19 вакцинасын әзірлеу бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру және адамдың жаппай өлімі орын алғандықтан, аса шұғыл жағдайда өтті. Бұдан басқа, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық деңдейде болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ оның жылдам әзірленуі компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын […]
Мемлекеттік қызмет көрсету
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелген. Бұйрыққа сәйкес объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімі-10 жұмыс күнінде қаралатынын назарға алуыңызды сұранамыз. Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуде құжаттарды […]
Шымкентте кәріз желілерін жаңарту қажет пе?
Бұл сұраққа Оңтүстік (Чапаевка) шағынауданының тұрғындары нақты жауап бере алады. Өткен қыста бұл елдімекенде үлкен диаметрлі кәріз коллекторында бірнеше ірі апатты жағдай болды. Мұның бірден-бір себебі – тозығы жеткен желі, ол 1960 жылы салынған. Осы құбыр арқылы өнеркәсіп нысандарының шайынды суы ағады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бізге берген мәліметтеріне сүйенсек, коллекторда апат болуы ықтимал деген болжам […]