Демалыс күндерінде ауыл жаққа барып қайттық. Созақ ауданының шекарасы басталғаннан кейінгі жол бойында әр жерде шашырай өскен көк гүлді шөптер назар аударды. Шашыратқы болса керек. Кейде бақша ішінде де өсе беретін осы шашыратқы шөбінің шипасын көрген кездер еске түсті. Бала кезімізде үлкендердің «шілдеде ашық жерде көп жүрме, ыстық өтіп кетеді» дегеніне қарамай, қара жолдың май […]
Автор: admin
МӘМС – сапалы медициналық көмектің кепілі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеніне биыл алты жыл толды. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау саласында ауқымды өзгерістер жүзеге асып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай жақсарды. 2026 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облыстық филиалының атқарған жұмыстары, МӘМС жүйесіндегі негізгі өзгерістер, сақтандырылмаған азаматтардың мәселесі және алдағы жоспарлар туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» […]
Қарбыз туралы қызықтар
Жаз мезгілінің ең сүйікті жемістерінің бірі – қарбыз десек болады. Баршамызға етене таныс осы қарбыздың біз білмейтін қызықтары да жетіп-артылады. Африкадан келген Қарбыздың отанын біреулер Оңтүстік Африка дейді, біреулер Орталық Африка, енді біреулер Солтүстік-шығыс Африка деп те айтады. Қысқасы, қарбыз бізге Африкадан келген. Қарбыз егілгеннен соң табиғи жағдайда екі айдан бастап пісіп-жетіледі. Негізгі пісетін уақыты […]
Итіңізге ие болмасаңыз…
Шымкенттің күн тәртібінен түспей келе жатқан проблемалардың бірі – қаңғыбас иттер мәселесі. Бүгінде қалада ондай иттер шұбырып жүр. Бізге кешегі күні қалаға тойға келген Кәмшат есімді бір ауыл тұрғыны хабарласты. «Шымкент жайнап, жасарып кетіпті! Соны көріп, бір көңілім көтерілді», — деп әңгімесін жағымды сөзбен бастады ол кісі. Сосын проблемаға көшті. «Бірақ, көшелерде қаңғыбас иттер көп […]
ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІ 87,1 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН
Президенттің өз Жолдауында айтқан «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда көп өзгерістердің орын алуына себеп болуда. «Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет. Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына […]
АҚПАРАТТЫ ЖАСЫРУ АПАТҚА СЕБЕП БОЛМАЙ МА?
Шілденің аптап ыстығы күшіне мініп тұрған күндері әлеуметтік желілерде «Шымкентте көшедегі термометрлер 60 градустан асатын ыстықты көрсетті», «66 градусқа дейінгі температураны көрсетті» деп айтқандар да, жазғандар да аз болған жоқ. Аптап ыстықтан әбден әбіржігеніміз рас. Бұл жұртты алаңдатқан негізгі тақырып болды. Неге нақты жауап бермейді? Ал «күннің ыстығы 60, 66 градусқа дейін көтерілгені» қаншалықты шындыққа […]
ТҮРКІСТАНДА –ЖАҢА ЖАҒАЖАЙ
Түркістан қаласы тағы бір тамаша туристік нысанмен толықты. Дәлірек айтқанда, төрт қақпалы қалада «Есу арнасында» суға шомылуға арналған, ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайтын жаңа жағажай ашылды. Ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асқанын атап өтті. Демалыс аймағында демалушыларға […]
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
Таяуда азаматтардың зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесінің өзгертілгені мәлім. Мұны жұрттың біле жүргені жұрыс 1. Ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) есептеу әдістемесі қалай өзгерді? — Енді ТЖШ мөлшері әрбір салымшының жасына қарай келтірілген құнды есептеудің стандартты формуласы негізінде және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып айқындалады. Нақтыласақ, жаңа әдістеме «Болашақта лайықты […]
АГРАРЛЫҚ САЛАДА АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА
Салыстырмалы түрде Түркістан облысының жер көлемі аса үлкен емес. Алайда, ауа райының аграрлық салаға қолайлылығы мен жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығының арқасында шаруалар ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден, оны экспорттаудан, инвесторлар тартудан республикада алдыңғы қатарда келеді. Бұған жуырда белгілі болған жарты жылдың жұмыс қорытындысы дәлел бола алады. Ол туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің […]
Мәреде — қос құрлықтың мықтылары: Испания – чемпион!
Сонымен, футболдан кезекті Әлем чемпионаты да өз мәресіне жетті. Ақтық бәсекеде Испания мен Аргентина құрама командалары кездесті. Финалда испандар 1:0 есебімен ұтты, сөйтіп Әлем чемпионы атанды. Өз тілін ондаған елге сіңірген Футболдан Испания мен Аргентинаның құрамалары — өз құрлықтарының беткеұстарлары. Испания – Еуропада, Аргентина Америкада мықты. Екі елде де жасөспірімдер футболына аса көңіл бөлінеді. Мықты […]









