Әлеумет

ҚОЙ БАҚҚАНДАР ОЗЫП ТҰР…

Қазақ үшін төрт түліктің бірі – қойдың өзіндік орны бар. Бүгін Шопан ата тұқымы туралы бірқатар қызықты деректерді ұсынғымыз келеді. Құны – 500 мың доллар… Осыдан екі айдай бұрын Қырғыз елінің Шу облысына қарайтын Соқылық ауданында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне жеткізілген бір қошқардың бағасы 40 миллион сом болыпты. АҚШ долларына шаққанда бұл 500 мың долларды […]

Құқық

СОТ ЗАЛЫНДАҒЫ СУИЦИД

3 маусым күні Ордабасы аудандық сотының сот залында сотталушы Хасен Ерімбетов өз өзіне қол жұмсап, суицид жасауға әрекеттенді. Көпшілік мұндай жағдайдың Қазақстанның сот жүйесінде алғаш рет болғанын айтады. Яғни сотталушының өзімен бірге сот залына суық қару алып кіруі Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған екен. Бүгінде пышақ жарақатын алған Хасен Исақұлы Ордабасы аудандық ауруханасында ем қабылдап […]

Қоғам

«Заңға бағыну – міндет, құрметтеу – маңызды»

Түркістан облысы, Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғани Байарыстанның ұйымдастыруымен аудандық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Н.Қойбағаров, аудан прокуроры Д.Аянұлы, ұлттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы С.Жайлаубаев және құқық қорғау саласының өкілдері, билер, ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелері және жастар қатысқан кездесудің мақсаты […]

Әлеумет

МАЙМАҚ БАСТЫҚ

Бір ай бұрын ақын Айболат інім хабарласып, «Маймақовтар әулетінінің атынан маусым айында ауылда атам Сәрсенбай Райымұлына ас береміз, соған шақырамын», — деп асқа шақыру қағазын жіберді. Шақыруға қарасам, Райымұлы Сәрсенбай (лақап аты Маймақ деп) жазылыпты. Осы орайда менің есіме ертеректе әке-шешемнің бастық Маймақ туралы айтқандары және ауылдың клубына кіреберістегі кең фойенің төрінде ілулі тұратын Маймақ […]

Әлеумет

ӨНДІРІС – ЭКОНОМИКАНЫҢ КҮРЕ ТАМЫРЫ

Ордабасы өндірісі кең құлаш жайған, кәсіпкерлерге мол мүмкіндік жасалған аудан. Инвестицияның дұрыс тартылуы ауданда көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізуде. Осының арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқын алуда. Жуырда аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өндірістік парктер құру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Бадам» өндірістік паркінің құрылыс барысы, […]

Құқық

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Бүгінде көптеген тәртіп бұзушылықтар азаматтардың заңды толық білмеуінен орын алып жатыр. Бірақ заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын бірі білсе, бірі білмеуі мүмкін. Сондықтан әр уақытта қарапайым адамдардан бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейін занды білу және оны түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұру маңызды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, экономикалық тергеп-тексеру […]

Әлеумет

МІНДЕТТЕР САРАЛАНЫП, ТАПСЫРМА ТИЯНАҚТАЛДЫ

Созақ – донор аудан есептеледі. Облыстағы ірі кәсіпорындардың біршамасы осы теріскейде орналасқан. Соның арқасында аудан тұрғындарының әл-ауқаты жыл санап артып келеді. Ал аудан басшылығы жұмыстың одан әрі жандануы үшін барын салып еңбек етуде. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен межеленген индикаторлардың орындалу барысын ұдайы бақылау ұстап отырғаны осы сөзімізге дәлел бола […]

Әлеумет

ӨЗГЕ ҰЛТ, ЖАТ ЖИЕН…

Қазақ қызының басқа ұлт өкіліне, тіпті нәсіліне де қарамай тұрмысқа шыға салуының түпкі себебі неде жатыр? Әрине, «жақсы жігіт жоқ» деген сөз қыз баласына айтуға оңай болғанымен, жігіттер қауымының жүрегіне салмақ түсіретіні анық. Шындығында шетелдікпен тағдыр жарастырған қазақ қыздарының басым көбінің түпкі ниеті «қызылды-жасылды өмірге» қызығуда жатқан сияқты. Шекарасыз интернеттің заманы, түрлі ақпарат оқиды, кинолар […]

Әлеумет

«ТАМА-ТАСТАНБЕК» – ТАЗА СУДАН ТАРЫҚТЫРМАЙТЫН ЖОБА

Шардаралықтар былтырғы ауыз су тапшылығын ұмыта қойған жоқ. Аудан басшылығы осы қиындықтың қайталанбасы үшін бар мүмкіндіктерін салып бағуда. Осы мақсатта «Тама-Тастанбек» су құбырын тарту ісі сәтті жүзеге асырылуда. Жоба толық біткен жағдайда Шардара қаласы мен оған іргелес жатқан елдімекендердің ауыз су мәселесі толықтай шешімін табады. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев осы жобаның жұмыс барысымен танысты. Жоба […]

Әлеумет

ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕНДЕРГЕ БАҚЫЛАУ БАСТАЛДЫ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен қамту көрсеткіші тұрақты түрде артып келеді. 2026 жылдың мамыр айына Түркістан облысындағы медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындар саны – 2 085 921 адам. Оның ішінде 1 787 047 адам (85,7%) сақтандырылған болса, 298 874 тұрғын (14,3%) сақтандырылмаған. Өткен жылдың […]