Керек кеңес Шымкентте су есептеу құралдарын тексеретін сенімді мекеме – «Водомер» ЖШС. Осы мекеменің ғана арнайы лицензиясы бар. Мамандандырылған кәсіпорын. Кәсіпорынның заманауи, сертификатталған жабдықтармен қамтылған өндірістік базасы мықты. Ол жеке үйлердің де, өндіріс орындарының да су есептеу құралдарын тексеруге мүмкіндік береді. «Водомер» ЖШС-де біліктігі жоғары, кәсіби, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Су есептегіш құралының әрқайсысының паспортында […]
Автор: admin
Жүлдемді алып тұрып ала алмай қалған кезім көп
Біздің сұхбат Нұрлан ЕСЕНҚҰЛОВ, айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі: «Арманым Шымкентке «Алтын домбыраны» ап келу» –Нұрлан, күнтізбелік жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алып отырмыз. Өткен жылға өкпе жоқ сияқты. Өзің де бірқатар табыстарға кеңеліп жатырсың. Әсіресе, Ташкенттің төрінде, халықаралық айтыстың көркін қыздырып, бас бәйгені қанжығаңа байлап қайттың. Құтты болсын! – Иә, өткен жылға еш […]
Шымкентте шипажайға жолдама алу үшін…
«собезге» барудың қажеті жоқ Зейнеткерлер мен денсаулығына байланысты мүгедектігі бар азаматтар үшін елімізде әлеуметтік қолдау санатында жылына бір рет шипажайларға барып, ем-дом қабылдауға мүмкіндік берілген. Бұл мүмкіндікке ие болу үшін арадагерлер жергілікті жердегі әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдеріне барып, өтініш жазып қалдырады. Десе де енді Шымкент қаласында зейнеткерлер шипажайларға бару үшін әлеуметтік қорғау басқармасына барып, әуре-сарсаңға түспейтін […]
Өмір жолы
Біздің ауылдың сіздің ауылдан еш айырмашылығы жоқ. Күнделікті өмір сүру дағдысы, күйбең тірлігі, қаңқу сөзі, орынды пікірі, орынсыз әзілі, қонақжайлығы, тіпті байлары мен кедейлеріне дейін ұқсас… Айдар кластасымның үйінің іргесіндегі бір аяқ қуыс жол есіме түссе, ойыма балалық шағым оралады. Сол бір аяқ жолға пәлен жыл болды. Әлі күнге дейін бар. Ауылдың арғы бетіне […]
ҚЫЗҒА ТОЙХАНА БОСАҒАСЫ ҚЫМБАТ ПА?
Оқшау ой Жаһанданамыз деп, дәстүрдің озығына емес, тозығына тәуелді болып барамыз. Ұзатылар қыздың сыңсу айтып, өз жұртымен қош айтысар ұзату тойын кіндік қаны тамған жанұясында емес, тойханада өткізетін дәстүр таптық. Жат жерге, жаңа өмірге қадам басқан бойжеткен балалық қызық шағы өткен өз босағасынан емес, әлдебір кәсіпкердің арақ-шарап иісі сіңген ақ дастарханынан ұзап кете барады. Қызды […]
Сіз білуге тиісті мәліметтер
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР ТУРАЛЫ Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет? Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Айта кету керек, мемлекет барлық мобильді аудармаларды тексермейді. […]
ТАРИХ ҚИЯНАТТЫ КЕШІРМЕЙДІ
Әлдекімдерге ұнамауы мүмкін, бірақ біз мақтанудан алдымызға жан салмайтынымыз рас. Бұл турасында белгілі математик Асқар Жұмаділдаев нысанаға дөп тигізе былай деп айтқаны бар-тын: «Біз немен мақтанамыз?! Қазір сұрасаң: «Ойбай, Шыңғысхан қазақ екен, ойбай, Адам ата қазақ екен, ойбай, Иса пайғамбар қазақ екен» дейді. Бұл нені білдіреді?! Бұл біздің ұлттың әлі дамып жетіспегендігін білдіреді. Бала деңгейінде […]
Құран сүресін тыңдатып операция жасайды
Мыңжылқы Бердіқожаев – еліміздегі танымал тұлғалардың бірі. Оның танымалдылығы — өз ісінің білікті маманы болуында. Ол Қазақстан Республикасы Президент ісі басқармасына қарасты медициналық орталық ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары. Жоғары санатты нейрохирург. Әлеуметтік желіде өз оқырмандарына түрлі пайдалы кеңестер ұсынып отыратын білікті маман жақында инстаграмда жарықтың (грыжа) пайда болу себептері туралы айта келіп, […]
«Төлегенді құтқардым»
«Сахна өнеріне деген қызығушылығым осылай басталды» Өнердің өз адамына айналған, Ж.Шанин атындағы академиялық театрдың аға буын әртісі, «Парасат», «Барыс» төсбелгілерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, аяулы жар, ардақты әке, батагөй ата, сексеннің сеңгіріне шығып отырған Сапар Өтемісұлын театрсүйер қауым жақсы таниды. Десе де оның өмір, өнер жолын өзінен артық кім […]
Ауылдың ажары кірер еді
Үкімет халық үніне құлақ асып, Агро банк ашылса… Жасыратыны жоқ, бүгінгі ауылдың ажарын жекелеген кәсіпкерлер салған дүкендер ғана ашып тұр. Жұмыссыздықтан жүдеген ауыл халқы екі қолға бір күрек іздеп, қалаға ауғалы қаша-а-н. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып қайта сайланғаннан кейін алғашқы Жарлығын ауылға арнап шығарды. «Мен Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл […]









