Салдарынан науқас инсульт алып отыр Соңғы кездері денсаулық саласына қатысты сын жиі айтылып кетті. Тіпті, Парламент қабырғасында да бұл мәселе аз қозғалып жүрген жоқ. Мақсат Толықбай мен Асхат Аймағамбетов министрге бірнеше сауал жолдады. Бірақ, содан шығып жатқан нәтиже байқалар емес. Асхат Аймағамбетов 9 қазан күні денсаулық сақтау министрі Парламентке келетінін айтып, өзекті сұрақтар болса жолдауды […]
Автор: admin
ОРАМАЛ ЖАЙЛЫ ОЙ АЙТСАМ…
Дала мәдениетінің мәйегі_- ұлттық киім. Ер мен әйелді, ер жеткен ұл мен бойжеткен қызды киген киіміне қарап-ақ ажырата білген қайран қазақ. Сол киімнің қасиеттісі – орамал. Қазіргі қоғамда орамалдың аты «орану» болып өзгерді. Біздің айтпағымыз басқа. Ақ босаға аттап бөтен елге келін болып барғаннан кейін қыз баланың өмір сүру тәртібі өзгереді. — Шашыңды жауып, басыңнан […]
107-баптың құрбандары
1920-1936 жылдар аралығында Қазақ АКСР-і РСФСР құрамында болды. Сол себепті, РСФСР-дің 1926 жылғы Қылмыстық Кодексімен (ары қарай-ҚК) 1950 жылдардың басына дейін құқық қорғау органдары іс жүргізді. 1921 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде республиканың өзінде 100 мыңнан астам адам сотталды, ал олардың 25 мыңдайы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді деп айтып жүрміз. […]
Біз білмейтін БАНГЛАДЕШ
Сонымен, саяхаттап көрмекке ниет еткен 57-ші елім болып таңғажайып Бангладеш бұйырыпты. Ғажабы несі дерсіз, мысалы, мен туған Жамбыл облысында 1 млн 220 мың адам бар. Ал сол Жамбылмен жері біп-бірдей Бангладеште кемі 172 млн адам тұрады. Тегіс жер болса мейлі, картадан қараңызшы, үш үлке-е-е-ен өзеннің теңізге құяр тұсындағы атырауында тұр. Жылда су тасиды, циклон […]
Түркістан: Оқушылар арасында қатыгездік өршіп тұр
Әскердегі әлімжеттіктен қорқып ата-аналар балаларын Отан алдындағы парызын өтеуге жіберуге қорқатын дәрежеге жетті. Ендігі жерде балаларын мектепке жіберіп те жанын шүберекке түйіп отыратын болды. Өткені, күн сайын неше түрлі сорақы оқиғалар орын алуда. Келес ауданындағы ауыл мектебінің оқушылары арасындағы төбелес әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге тарады. Астанадағы мектептердің бірінде оқушы баланың жоғарғы қабаттан құлағаны жұртты […]
Қуыршақ театры көп болса
Әркімнің пікірі өзіне қымбат. Сондықтан басқаны қайдам, мен өзім театр — дамығандықтың белгісі деп есептеймін. Мынау Еуропа мен Америкада көпшілік бос уақытын театрда өткізуге тырысады екен. Ертелі-кеш бұл үрдіс бізге де келетініне сенімдімін. Мен бүгінде Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұрамын. Бала күнімде ауылға келген қойылымдарды жібермей тамашалаушы едім. Ол кезде ауыл шалғайда болғанына қарамастан Талдықорған, […]
Жапырақты не істейміз?
Мен табиғатты қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлетін адаммын. Айналаны ластамау, лажы болғанынша көгертіп, көктетуге үлес қосқанды қалайтындықтан бала-шағама да ағаш егіп, гүл өсіріп, ауланы көгалдандырып отыруды насихат етіп жүремін. Айтайын дегенім, күз келіп, ауладағы ағаштардың жапырағы сарғайып, түсе бастады. Сарғайған шөпті де орып, бау-бақшаны реттейтін кезең. Бірақ, сол жапырақты не істеу керегін білмей жылда дал […]
Дезинфекциялау
Емдеу мекемелерінде дезинфекцияларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Емдеу – алдын алу мекемелері – бұл халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әртүрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық – емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері – венерологиялық,психо – […]
Келес ауданында бала құқын қорғау туралы жиын өтіп жатқанда…
баланың құқы бұзылды «Халыққа бір тиын пайдасы жоқ ай сайын бас қосқан жиын болады…». Мұны айтқан ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Мөңке би. Болашақты дәл болжаған бабамыз ай сайын жиын болады десе, қазір күн сайын, тіпті бір күнде бірнеше жиын болатын жағдайға жеттік. Ал пайдасы қане? Сөзімізге тұздық ретінде айтайық, осы жылдың 21 қыркүйек […]
«Мектеп керек!»
Абай ауданының тұрғыны М.Төлегенова Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде осылай деп мәселе көтерді. Тұрғынның талап-тілегін ескерусіз қалдырмаған қала басшысы есептік кездесуден кейін айтылған аумаққа – «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барып, мәселенің мән-жайымен танысты. Қала басшысына тұрғындардың өтінішін жеткізген М. Төлегенованың айтуынша жыл сайын халық саны артып келе жатқан елдімекенде […]









