Созақ Түркістан облысындағы донор ауданның бірі. Аймақта орналасқан кәсіпорындар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. Олар тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, қазынаға миллиардтап салық құяды. Осының барлығын үйлестіріп отырған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жуырда Таукентке барып, кенттің әлеуметтік-экономикалық даму барысын бақылады. Алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жоспарларды көрді. Сапар барысында кент әкімі Елдос […]
Әлеумет
8 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Шымкенттегі Көрме орталығында өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан да жұмыс берушілер келіп қатысты. Іс-шара кезінде барлығын қосқанда 8 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылып, таныстырылды. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті. Алғашында жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады […]
Зират. Зиярат. Шариғат
Жыл сайын сәуір-мамыр айларында жұртшылық мазараттарға барып, оны шөп-шаламнан арылтады, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізеді. Осындай кездері түрлі діни жоралғылар жөнінде айтылып та жатады. Олардың бірін білсек, бірін біле бермейтініміз рас. Осы орайда Төлеби ауданының бас имамы Үсен Сәуірбаевпен (суретте) сұхбаттасып, жұрт есінде сақтап жүруі тиіс біраз жайлар жөнінде білдік. Зират басында суретқою күнә болады – […]
«Қазан жарыс» туралы білесіз бе?
Ұлтымыздың балаға деген ерекше мейірімі, ұрпағы үшін жанын аямайтын жанкешті ықыласы – тектілігін терең танытатын қасиеттерінің қаймағы десе де болар. Келіннің құрсағындағы шарананы білген күннен бастап апа-әжелердің қуанышы «Құрсақ шашу» дейтін ырымның өзін тойға айналдырады. Қазақтың алтын құрсақ аналарының ниеті қандай тамаша! Біздің айтпағымыз – сәбиін тоғыз ай он күн көтерген жас ананың толғағы келгендегі […]
Су – тіршілік көзі.
Сақ болмасаңыз, оның тілсіз жауға айналуы әп-сәтте Екі аптадан бері табылмай жатыр Өкінішке қарай, Түркістан облысында наурыз айының соңын ала екі бірдей бүлдіршіннің суға кету оқиғасы орын алды. Оның бірі Келес ауданының орталығы Абай ауылында болды. 23 наурыз күні кешкісін ойнап жүрген 7-8 жасар балақай Келес өзеніне құлап кеткен. Баланы іздеуге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің […]
«Көрінбейтін мамандықтар»
Қазіргі қоғам көз ілеспес жылдамдықпен дамып, өзгеріп жатыр. Бұрын дәрігер, мұғалім, заңгер, инженер сияқты дәстүрлі мамандықтар ең беделді саналып келсе, бүгінгі күні мүлде жаңа, көпшілікке әлі толық таныс емес кәсіптер пайда болды. Бұл – «көрінбейтін мамандықтар». Атауы айтып тұрғандай, олардың жұмысы көзге бірден байқала бермейді, бірақ қазіргі цифрлық әлемде рөлі өте үлкен. Соңғы […]
Тірі қарым-қатынастың «табыты»
Қазіргі қоғамдағы ең үлкен қасірет — өз отбасыңдағы адамдардан желідегі бейтаныс жанның жақын болуы. Біз бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында отырып, бір-бірімізге жүзімізге емес, смартфонның суық экранына үңілеміз. Бұл — жай ғана әдет емес, бұл — адамдық қасиеттерді, жылулықты, шынайы мейірімді жұтып жатқан виртуалды «қара құрдым». Отбасылық құндылықтардың құлдырауы дәл осы жерден басталады: […]
«Сен салар да, мен салар…»
Апта басында Тұран ауданы «Құрсай» шағын ауданына қарасты Аршалы көшесінің тұрғыны Айдар Ермаханұлы «көшедегі құбыр жарылғандықтан су есептегіш құралдары орналасқан құдыққа су толғанын, тиісті орындарға хабарласқанымен ешкім келмей жатқанын, шұғыл жөндемесе етектегі үйлерге зақым келтіруі мүмкін екенін» айтып хабарласты. Айтқан мекен жайға жылдам жеттік. Есептегіш орналасқан құдық суға толған. Хабар берілгеніне 2-3 сағат болғанымен төтеншеліктер […]
Сайрамда – суицид, Сарыағашта – отбасылық кикілжің өршіп тұр…
Елімізде отбасындағы ойранды, зорлық-зомбылықты тоқтату, жасөспірімдердің құқын қорғау мақсатында тыйымдар күшейтіліп, заң қатаңдатылды. Өз отбасында ойран салатындардың әрекеті қылмыстық теріс қылықтар санатына енгізілді. Алайда, бұл шаңырақтың шырқын бұзатындарға түбегейлі тұсау болмай тұр. Рас, 2024 жылға қарағанда былтыр құқық бұзушылықтың бұл түрі 73 пайызға төмендеген. Мұндай көрсеткіштің қалыптасуына бұрынғы әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстық теріс қылық санатына […]
НАУРЫЗДЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙДЫ?
Бүгінде қазақтар әлемнің түкпір-түкпірінде тіршілік етеді десек, қателеспейміз. Шет мемлекеттерде оқитын, жұмыс істейтін, саяхаттап жүрген, онда көп жылдан бері тұратын қандастарымыз баршылық. Наурыз мейрамы қарсаңында олардың бірқатарымен байланысып, Ұлыстың Ұлы күнін қалай тойлайтындары жөнінде сұраған едік. Германиядағы Наурыз тойы Германияның ежелден келе жатқан ерекше қалаларының бірі – Гамбургте Мария Диттерих есімді қандасымыз тұрады. Түбі алматылық. […]









