Шымкент
Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

«МУЗЕЙ ТҮНІ» ТАРИХҚА ҮҢІЛДІРДІ

18-мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Шымкент қаласының музейлер бірлестігіне қарасты  «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. «Музей түні» жобасы аясында «Тарих қойнауындағы Шымқала» тақырыбымен өткен шарада көрермен назарына «Шымқала жәдігерлері» экспозициялық көрмесі ұсынылды.  «Бұл музей 2021-жылы көктемде ашылған. Күнделікті жұмыс істейді. Тек дүйсенбі – тазалық күні. Жаз айларында сағат таңғы 10-нан кешкі 7-ге дейін […]

Мәдениет және өнер

Мархабат аға рухына бір ғазал

Шын жазушы өлмейді екен,Оны жерге көмбейді екен…(Бала күнгі тақпақтан) Біреу теңеп Бейімбетке,Үлгі болдыңкейін көпке.Біреу теңеп Шукшин деді,Енді біреу Бунин деді.Барлығына ұқсамайтынТөл қазақи үнің бе еді?! Басталған-тын қаһарманым,Жеңіс жылы сапарларың.Сексеніңе жете алмадың,Сиреп қалды-ау қатарларың.Кім жаза алар бипаз үндіМархабаттың мақамдарын. Түлкібастан қанат қаққан,Шымқаладан тағат тапқан.Самғағанда қыраным ең,Бұлттан асқан пырағым ең.Әңгіменің шебері едің,Хикаяттың кемелі едің. “Шілдеменен”есік ашып,“Сырбұлақпен”жалғастырдың.Таупістелі төсін […]

Мәдениет және өнер

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МАРХАБАТ БАЙҒҰТ МЕКТЕБІ

Қазақта мықты жазушы көп, бірақ мектеп қалыптастырған жазушы жалғыз Бейімбет Майлин. Оның өмірді шынайы суреттегені сонша, “ол дәл суреттеді” деп айтуды қажет етпейді. Әдетте терең психологизмді Жүсіпбек Аймауытұлына телиді, бірақ Бейімбеттікі өз жанының тереңінен шыққан психологизм. Бір таңғаларлығы, Бейімбет сол психологизмді көрсету үшін әдебиеттің барлық құралдарын пайдаланады. Мен “Бейімбетті заманға бейімдемейік” деген “Егеменге” шыққан эссемде […]

Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

Әдебиеттің әдемі әлеміне

бөлек мақам әкелген қаламгер Көркем сөзді кестелеуден бөлек өзіндік мақамын қалыптастырған Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай кешегі аптада түркілер төрі–Түркістан мен күншуақты –Шымкентіңізде тағлымға толы іс-шаралар легі өтті. Жазуымен де ісімен де өскелең ұрпаққа ұлағат қалдырған қаламгердің мерейтойлық іс-шараларының ең негізгісі –жастарға арналды. Алдымен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Мархабат Байғұт оқулары» атты шығармашылық байқауға облыс […]

Мәдениет және өнер

МАРХАБАТ МУЗАСЫ

Мархабат Байғұт шығармашылығының атап айтар ерекшелігі көп. Қайсыбір дүниесін оқысаң да әсерсіз қала алмайсың. Тұла бойың тебіреніс күйін кешіп, Махаңның махаббатына, мақамына шомыласың. Іші-бауырыңа кіріп кетіп, жан-дүниеңді аралап жүріп жазатын жазушы ғой. Тіпті, есіңнен шығып кеткен есті күндерді есіңе түсіріп елжіретеді. «Қош бол, кітап…» атты әңгімесін оқығанда осы әңгіме шыққан «Егемен Қазақстанның» бетінің жиегінен орын […]

Қоғам Мәдениет және өнер

Хазар қызы Хомайра

     Таяуда өткен бір жиында Ауғанстаннан келген хазар ұлтының қызымен кездейсоқ танысып қалдық. Аты-жөні Гул-Мохаммад Хомайра екен. Хомайра қыз мигрант-әйелдерге түрлі зорлық-зомбылықтан қорғануды үйрететін құқықтық семинар кезінде елімізде тұрып жатқан ауғанстандық әйелдерге аудармашы қызметін көрсетіп отырды. Пуштун тілінде де, қазақша-орысша да еркін сөйлеп отырған қыздың есімі бізге «Майра» боп естілген. Түр-тұлғасына қарап оны шымкенттік қазақ […]

Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

Тау тұлғалы қаламгер

  Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тастұмсық ауылдық кітапханасы мен Қабанбай ШЖНОМ бірлесе ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы қаламгер» атты әдеби талқылау сағаты өтті. Әдеби-танымдық сағатқа жазушының құрдастары, ауданымыздың қадірлі азаматтары – Қалаубек Анашов пен Төребек Күзенбаев, Тастұмсық ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері, Түлкібас аудандық аналар кеңесінің мүшелері, М.Лермонтов және О. Кошевой атындағы білім мекемелерінің кітапханашылары мен […]

Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

Филормония ғимараты жастар театрына берілді

Шымкенттегі Қазыбек би көшесі бойында орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы облыс орталығына көшірілген. Көші-қонға байланысты Түркістан облысына қарасты осы филармония ғимараты Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне өтті. Енді бұл ғимарат Шымкент Жастар театрының теңгеріміне беріліп отыр. Бұл туралы көрерменге Жастар театрының алғашқы сахналық қойылымы «Король Лир» премьерасында хабарланды. Премьера қалалық орыс драма театырында өтті. Айтпақшы, […]

Мәдениет және өнер

Күлдіріп отырып, шындықты айтатын

Шымкентте сатирик, қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Көпен Әмірбектің 75 жылдығына арналған республикалық «Шымкент думан» әзіл-сықақ фестивалі екі күнге жалғасты. Бірінші күні Шымкент сатира театрында шымылдығы түрілген доданың қорытындысы екінші күні «Tulip Hall» концерттік залында гала-концертке ұласты. Сатира сардарын еске алуға арналған дүбірлі байқау 1 сәуір — Халықаралық күлкі күніне орайластырылды. Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауымен қолға […]

Мәдениет және өнер

Еуропадағы қандастар Наурызды қалай тойлайды?

Еуропа қазақтары жыл сайын екі күндік Құрылтай өткізіп тұрады, жұртшылық соған қатысуға тырысады. Голландияның Гаага қаласында жылда Наурыз тойланады, барша еуропалық қазақ сонда бас қосады. Наурыз, сондай-ақ, Еуропаның әрбір елінде аталып өтеді. Бүгінде шетелдерде тұрақты тұрып жатқан қазақтар аз емес. Таяуда бізге сондай қандастарымыздың бірі – даниялық Қажы Әкбар Аюбимен сұхбаттас болудың сәті түсті. Ол […]