Түркістандағы А.Ясауи университеті журналистика кафедрасының жанашыры, болашақ журналистердің әріптес ағасы Ғалымжан Елшібайды таныстырып жатудың өзі артық болар. Ғалекеңді студенттеріміз «Ғалымжан ағай!» деп жақсы таниды, іздейді, әлдебір себептермен университетке жолы түсе қалса, айналасын қаумалап, «ағалап» жанынан шықпайды. Әлеуметтік желіде, не ел газеті – «Егеменде» жылт еткен мақалаларын талдап оқып, тамсана айтып жүреді. Керек десеңіз, практикалық […]
Мәдениет және өнер
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» Шымкент қаласының әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен 1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» тақырыбындағы мерекелік іс-шара өтті.Іс-шара аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген этнос кәсіпкерлері өндіретін өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Қалалық ассамблея мүшелері мен […]
Кестеші – ГҮЛМИРА
Сабақтаулы инесін қолға алды. Кескіні алдын ала салынған әсем оюлы суреттің жиегіне иненің соңынан жіп еріп, әдемі із кетіп барады. Кезекті тапсырыс. «Әдемі шығуы керек». Гүлмира қиялына ерік берді. Өткенді-кеткенді ой елегі бір демде өткерді де алыстағы армандарға ала жүгірді. Ал қолындағы масаты матаның бетінде көздің жауын алар ою-өрнек әдептеліп жатыр… Сіз кесте тіге аласыз […]
Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде…
«Көнеміз ғой» әнінің шығу тарихы Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын «Көнеміз ғой» әнімен Тұрар Тұрмысов, Сапарбай Алтыбай, Азат Әбілдаев есімді үш зағип жеткіншектен құралған «Сәт» триосы ән әлемінде жасындай жарқ ете қалды. Әнді естіген жанның көңілі толқып, тұла бойы шымырлап, әрі-сәрі күй кешкені анық. Олардың бағын ашқан әдемі ән кімдікі еді? Ән қалай туды? […]
Үмітханды сағынғандар «Үмітті» іздеп жүр
Оның журналистикадағы жанқиярлық еңбегі «Үмітке» түюлі. Өмірден өткеніне бірнеше жыл болса да өлді деуге қимайтын аяулы әріптестеріміздің бірі – Үмітхан Алтаева. Есімін әріптестері зор құрметпен атаса, қалың оқырманы жазбаларын сағынышпен іздейтін жанды еске алуға арналған тамаша іс-шара апта басында Шымкенттегі әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада өтті. Іс-шараға негіз болған басты жаңалық – Үмітхан апайдың тәлімін […]
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ КӨРЕРМЕНДЕРДІ ҚУАНТУДА
Ж.ШАНИН ТЕАТРЫНА – 95 ЖЫЛ Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық театр фестивалі өтуде. Өнер мерекесіне Қырғыз, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжанның театр ұжымдары қатысуда. Фестивальдің салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, шығармашылық ұжымға жылы лебізін жеткізді. – Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте […]
Әскер ҚҰЛДАНОВ, ҚР Мәдениет қайраткері: Театр әртістері той жағалап жүр
Әскер Төребайұлы Құлданов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1964 жылғы түлегі. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Достық» орденінің иегері. Саналы ғұмырын мәдениет саласына арнаған ол 1970 жылы Алматыдағы қазақ циркін ашып, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында қызмет атқарды. Биыл жасы 83-ке келген ағамыз әліге дейін «өнер десе ішкен асын жерге қояды». Жастарға білгенін үйретуден жалыққан […]
Көше түгіл ауылдың атын берсек те жараспай ма?
Мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбайдың «Ой толғатқан «Ақтолғай» атты жазбасы басылым беттерінде, әлеуметтік желідегі өз парақшасында жарияланғалы бері ондағы ұсынысты қолдап-қуаттаушы, пікір айтушы оқырманның нөпірі толастар емес. Өз жазбасында Дархан Қамзабекұлы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы Мархабат Байғұттың есімін ел есінде мәңгілікке қалдыруға қатысты ұсынысын айтады. «Бір оңтүстіктің ғана емес, тұтас елдің мақтанышына […]
«Оқырманы әлі де іздеп келетін, ескірмейтін кітаптар бар»
Біздің сұхбат Анар ЖАППАРҚҰЛОВА, ақын, Шымкент қалалық әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры: – Анар Әбусайылқызы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды» деп атап айтты. Президенттің осы тапсырмасының үдесінен […]
Театр 96 маусымын ашады…
Мән-жәй Өнердің қарашаңырағының шын жасы нешеде? Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы академиялық драма театры биыл, қыркүйектің 18-і күні 96-маусымының шымылдығын түргелі отыр. Маусымашарда көрерменге адамзаттың Айтматовы – Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» драмасын ұсынбақ. Оны талантты режиссер, театр өнеріндегі жаңа есім, жаңа леп әкелуші ретінде бағаланып жүрген Гауһар Адай сахналауда. Айтайын дегеніміз бұл емес. Мәселе театрдың […]








