Басты жаңалықтар Шымкент

Мектеп ғимараты талапқа сай болуы керек


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жүргізіліп жатқан бірқатар білім ошақтарының құрылысымен танысты. Бұл орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қала әкіміне берген тапсырмасы барын еске сала кету керек. Сонымен бірге ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» деген болатын.

Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы № 8 мамандандырылған мектеп-гимназиясының қосымша корпусының құрылысы біршама уақыттан бері жүргізілуде. Заманауи талапқа сай бой көтеріп келе жатқан ғимарат мыңнан аса оқушыға арналған. Жобаға сай мұнда 250 орындық акт залы, спортзал, кітапхана және 320 орындық асхана қарастырылған. Қала әкімі құрылысы екі жыл бұрын басталған нысанды жаңа оқу жылы қарсаңында сақадай сай етіп, пайдалануға беруді тапсырды.

Мұрат Әйтенов мегаполистегі № 45 мектеп-гимназиясының 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысымен де танысты. Ғимаратта оқу сыныптарынан бөлек, жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қамтылған. Құрылыс алаңдарын аралаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты мамандарға сапасыздыққа жол бермей, барлық нысандарды өндірістік кестеге сай қыркүйекке дейін қолданысқа беруді тапсырды.

Себебі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ тәрибесінде ең алдымен мектептердің талапқа сай болуы басты рөл атқарады. Сонда ғана Президент айтқан «Біздің күшіміз – болашақты жарқын ететін білімді жастарда» болмақ.   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *