Басты жаңалықтар Мәселе

Тасқынға қашан тосқауыл боламыз?

Өткен апта Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен бірнеше аудан тұрғындары үшін оңай болмады. Әсіресе жаңадан құрылған Сауран ауданы табиғаттың тосын сыйына тап болды. Жауын-шашынның шамадан тыс көп жаууына және қар, мұздықтардың еруінен арық-атыздарда судың тасуына байланысты бұл ауданда бірнеше елді мекенге су кірді. Бір ғана Шаға елдімекеніндегі 50 түтіннің ауласын су алып, 120 […]

Мәселе

Президент тапсырмасы Жетісайда қалай орындалуда?

Жетісай ауданына биыл көп жылдан бері жаумаған қар түсті. Шынымды айтсам, соңғы 50 жылда биылғыдай қалың жауған қарды көргенім жоқ. Бұрын осы уақытта жер жыртып, егін егуге кірісетін Мырзашөл өңірінің шаруалары қыс қамытынан шыға алмай, уайымға салынуда. Тас жолдар мұздан әлі толық аршылмағандықтан, күн сайын көліктер соқтығысып, салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болуда. Қаншама адам материалдық […]

Мәселе

Шымкентте балкон құлады

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының хабарлауынша оқиға 31 қаңтарда сағат 14:50-де болған. Мегаполистің Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы бойында орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы (көлемі 3 ш.м.) балкон құлаған. Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасы, аудан әкімшілігінің қызметкерлері және жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары оқиға орнына тез жетіп, тұрғындарға қауіп төндірмеу жұмыстарын атқарған. Шатырдағы қар мен […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шымкентте су қоймаларынан қауіп бар ма?

  Биылғы қыс Шымкентте ерекше болғаны рас. Жаңа жыл қарсаңында жауған қалың қар әлі толық еріп кеткен жоқ. Аязды күндер мұрша бермеген қардың тіні енді ғана ажырауда. Аяз сынып, күннің көзі күлімдей бастағанымен қыстың аты қыс. Десе де көктемгі жауын-шашынды күндерге дайындық қажет-ақ. Қамсыз отыруға болмайды. Сол себепті де Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов су […]

Мәселе

Шымкентте фитнес-клубта 5 жасар бала қайтыс болды

Кеше қаңтардың 29-ы күні Шымкентте  «KASIET» фитнес-клубында 5 жасар бала бассейінге батып кетті. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына Жедел медициналық қызметтен хабарлама келіп түскен.  Онда 29 қаңтарда сағат 17.25-те  2018 жылы туған бала бассейнге батып кеткені туралы айтылған. Бассейін балаларға арналған. Айта кету керек бұл фитнес-клуб қаланың Тұран ауданы, 8 шағынауданында, […]

Басты жаңалықтар Мәселе

 Полиция ұрыны жасырып отыр ма?

Бүгінде ауылдардағы ең өзекті мәселенің бірі – мал ұрлығы. Баяғының барымташыларында ар-ұят болған екен. Жиын-тойға, ас-құдайыға, көрші-қолаңға таратылатын бордақыға дайындалған белгімалдарды айналып өтіп, кедей-кепшіктің төрт түлігіне тимеген. Қазір ше? Ұрылар бір бейшараның бала-шағасын асырап отырған жалғыз жылқысы немесе сиыры деп аяушылық танытпайды. Керісінше іздеушісі жоқ деп сондайлардың малын жетектеп әкетуге әуестенді. Жалпы, барымташы болсын, ұры […]

Әлеумет Мәселе

Көмір бағасын билік реттеуі керек

Биылғы қыс қаһарына мініп тұр. Суық күндердің созылуы көмірге деген сұранысты арттыруда. Қаражаттан қысылғандар арасында қатты отынды үнемдеймін деп салқын үйде отырғандар қаншама? Ақшасы бола тұра көмір таппай жүргендер де аз емес. Осынау себептердің салдарынан көмір бағасы аспандап шыға келді. Шалғай ауылдарда тұратын азаматтардан хабарласып білгеніміздей, кейбір аудандарда қара отынның тоннасы 40-45 мың теңгеге дейін […]

Мәселе

Түркістанда білім саласында былық көп…

сапа да төмендеп барады Пилоттық жоба ретінде атауы қайта-қайта ауысқан Түркістан облысының Білім басқармасы соңғы жылдары сыннан да көз ашпай қойды. Аудандағы бөлім басшыларының бірі жемқорлыққа қатысты күдікке ілінсе, енді бірі адам өлтіруге тапсырыс беріп, «айды аспанға бір-ақ шығарды». Енді, міне, басқарманың өз ішінде де жік шықты. Жуырда басқарманың ішіндегі бір бөлімді басқарып отырған азаматтың […]

Әлеумет Қоғам Мәселе

Тұмау өршіп тұр

Абайлаңыз! Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін, ауа-тамшы арқылы берілетін полиэтиологиялық аурулар тобы. Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының мониторингі жыл сайын 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жүзеге асырылады. Шымкент қаласы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2022 жылғы 1 қазаннан 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін) ЖРВИ –дің 128639 жағдайы тіркелді, […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз Мәселе

Газға уланып қалмаңыз….

Ауа райы суытқан кезде өрт шығу қауіпі жиілейтіні рас. Алайда тілсіз жау-өртпен қатар бұл кезеңде адам өліміне әкеп соғатын улы газға тұңшығып қалу жағдайлары да көп кездеседі. Уланып қалмаудың қамын жасаған абзал. Улы газды әдетте «зұлым жаналғыш» деп те атайды – өйткені оның түсі де, иісі де жоқ, ажал құшқан адам оны сол бойы сезбей […]