Uncategorized

Тұмаудың алдын алыңыз

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) – тұмау вирустарынан, түрлі респираторлық вирустар, оның ішінде парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиальды вирустардан туындайтын, ауа-тамшылары арқылы берілетін және тыныс алу жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен қатар жүретін аурулардың жоғары жұқпалы арулар тобы. Берілу жолдары Инфекция ауа-тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, қарым-қатынас барысында жұғады; сондай-ақ жуылмаған қолдар арқылы беріледі. Қазіргі […]

Біле жүріңіз

Шаруаларға субсидия жайлы түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы салалық кеңесінің отырысы өтті. Онда жылыжай шаруашылықтарының өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар түсіндірілді. Кездесуге қатысқан Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, биылдан бастап жылыжай өсірушілерге электр қуаты мен газ шығындарына және гектарлық субсидия беріледі. «Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №107 бұйрығына […]

Мәселе

Мемлекеттің үйін мемлекеттің өзі салуы керек

Қазір мемлекеттік бағдарламалармен тұрғын үйлер көптеп салынуда. Ондай сырты бүтін, іші түтін саналатын үйлерді облыс орталықтары мен мегаполистердің барлығынан кездестіруге болады. Сол құрылыстың бәрін жекеменшік компаниялар жүргізуде. Ондай пәтерлер мүгедек, көпбалалы отбасы, жалғызбасты аналар секілді әлеуметтік ахуалы төмен топтарға беріліп, олар қуанып кіреді. Қызығы мен шыжығы содан кейін басталады. Пәтер кілтін алып, бөркін аспанға атқандардың […]

Мәселе

Сарыағашта жұмыстан босаған завуч қалай директор болды?

Бұған дейін Түркістан облыстық білім басқармасы бос тұрған директорлық қызметтерге конкурс жариялаған болатын. 12 қазанда конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтіп, бірнеше азамат оң баға алды. Соның арасындағы бір директорға қатысты наразылық көп айтылуда. Бізге хабарласқан Игілік есімді азамат «Сарыағаш ауданындағы Ш.Қалдаяқов атындағы №15 мектеп директоры болуға бір ауыздан лайықты деп танылған Қайрат Қосмұратовқа қатысты шешімге […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шардарадағы құбыр дауы

ағайынның арасына іріткі салмаса болғаны Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерді айналымға қосу, тиімді пайдалану турасында тапсырма бергені белгілі. Рас, Түркістан облысында Жер-Ананың жомарттығын тиімді пайдаланып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар жеткілікті. Дегенмен, әлі де игерусіз жатқан жер жоқ емес. Оның себеп-салдары да әртүрлі. Біршама уақыт бұрын редакцияға Шардара ауданы Қызылқұм ауылының тұрғыны Қанат Бегалиев назын айтып келген […]

Шымкент

КӘСІПКЕРЛІК КУРСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕГІ ІРІ ФАБРИКАҒА ЭКСКУРСИЯҒА БАРДЫ

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы «Тігін өндірісі» курсын бастады. Бұл жоба «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» құралы аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта курсқа қатысушыларды Art School тігім мектебінің басшылығы Шымкенттегі үй текстилін тігетін ірі фабриканың бірі – AGF Group кәсіпорнына алып барды. – Мұндағы мақсатымыз – бастауыш кәсіпкерлер мен болашақ […]

Uncategorized

Балық сататындар тазалықты сақтауы қажет

Балық және балық өнімдерін ішкі сауда объектерілерінде орналастыруда олардың Техникалық регламенттің талаптарына, ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігін және бақылануын растайтын құжаттардың (ветеринариялық сертификат, тауарлық ілеспе жолдама құжаттама) болуын қамтамасыз ету қажет. Балық және балық өнімдерін өткізу адамның денсаулығы мен өміріне арналған өнімдердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз […]

Біле жүріңіз

Кене шақса…

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы  ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда (сәуір- қыркүйек) арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал қораларында […]

Өмірдің өзі

Өнім таңбалауына назар аударайық!

Күнделікті өмірде қажетті азық-түлік және тұрмысқа қажетті азық-түлік емес өнімдерді сатып алу кезінде тұтынушы ретінде қандай нәрселерге баса назар аудару қажет екені жөнінде қысқаша тоқталып кетейік. Тауар өнііміне қатысты толық ақпаратты өнімнің сыртқы қаптамасындағы таңбалаудан алуды ұсынамын.Техникалық регламент талаптары бойынша таңбалау қалай болуы қажет және қандай мәліметтер алуға болады. Сонымен өнімді таңбалау дегеніміз не? Таңбалау-қаптамаға […]

Құқық

Жемқорлық жойылсын десеңіз…

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.          Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, […]