Басты жаңалықтар Экономика

Түркістанда тоқыма дамымақ

Оңтүстікте «ақ алтын» терімі басталып, шаруалардың жаз бойғы еңбектің жемісін көретін кезі келді. Мырзашөл өңіріне барсаң, ертеден кешке дейін қайнаған еңбек. Барлығының ойында – ауа райы бұзылмай тұрып ақ ұлпаны жинап алу. Бұл мәселеде шаруалардан бөлек, аудан басшылары да тынымсыз еңбек үстінде жүр. Осынау қайнаған тіршілік жайында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров былай дейді: […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Астана барғанша асхана таппадық

Жуырда Астанаға жол тарттық. Тараздан өткен соң біз ойламаған жайсыз жайттарды бастан кешірдік. Дәлірек айтқанда, ұзақ жолда бір сәтке аяқ созып, тамақтанатын тәуір орын таппадық. Шудан өткенде бір асхана бар екен. Тамақтанып отырған адам қарасы аз. Даяшылардың клиенттерге қызмет сапасы өте төмен, үш-төрт мәрте шақырып жүріп әрең келтірдік. Дастархан бетін сүртіп, тазалап жіберуін сұранғанымызда әркім […]

Uncategorized Экономика

ІРІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысында көптеген ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл іске Мақтаарал ауданы да өз үлесін қосуда. Кешегі күні аудан әкімі Бақыт Асанов өңірдегі арнайы экономикалық аймақта іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Бұл жобалар 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Сөйтіп аудан экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын қалыптастыруға және өңірдегі инвестициялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік […]

Uncategorized Экономика

Қалдықсыз өнім өндірілмек

Түркістан облысында түрлі кәсіпорындар іске қосылып жатыр. Кейбірінің айналысатын шаруасы жұртқа таңсық көрінетіні де рас. Соның бірі – мал сүйектерін өңдеу зауыты. Ол Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында іске қосылмақ. Жобаның іске қосылуы Ордабасы ауданында терең өңдеу өндірісін дамытуға, мал шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жаратуға және жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға жол ашады. Жалпы инвестициялық құны – […]

Әлеумет

«АЭРОПОРТ» ТОЛЫҚ, «ЖҰЛДЫЗ» ЖАРТЫЛАЙ ШІРІДІ…

Қауыны күйген диқанжыларман күйде Түркістан облысының қиыр оңтүстік аудандары бақша өнімдерін молынан егеді. Қауыннан алынған биылғы өнімнің алдын Ресейге экспортқа шығарып, бір қуанған диқанды мамыр айында жиі жауған жаңбыр әбігерге салған жайы бар. Әсіресе Жетісай және Мақтаарал аудандарында қауын еккен диқандар шырылдап қалды. Бұл туралы бізге 10 гектар алқапқа қауын еккен Данияр есімді мақтааралдық азамат […]

Әлеумет

ТИІМДІ ЖОБАНЫҢ ТИІМСІЗ ТҰСТАРЫ БАР МА?

Қазіргі күндері Түркістан облысында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолының құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылы басталған жоба биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Әрине, жоба жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды, дегенмен, жұмыс барысында әттеген-ай дейтін жайттар да орын алып жатқан секілді. Келес ауданынан хабарласқан азаматтың базынасына құлақ түргенімізде осыны ұққандай болдық. «Ауыл халқы негізінен малмен күнелтіп […]

Біле жүріңіз

Қырыққабат сатылымға шықты

Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары ерте пісетін қырыққабатты нарыққа шығаруды бастады. Биылғы маусымның өнімін алғашқылардың бірі болып «Қылышбек» шаруа қожалығы жинап, экспортқа жөнелтті. Аталған шаруашылық кәріс селекциясына жататын «Пекин» сұрпын өсіріп, алғашқы өнімін Ресейге экспорттауда. Қожалық басшысы Сейсенбай Мұсырманқұловтың айтуынша, шаруашылыққа тиесілі 9 гектар жердің 4 гектарына қырыққабат дақылы егілген. Егіс барысында заманауи тамшылатып суғару технологиясы […]