Газетіміздің өткен санында жарияланған «Сот залындағы суицид» атты мақалада ордабасылық Хасен Ерімбетов есімді азаматтың судья өзін (суретте) 5 күнге қамауға алу туралы қаулы шығарғаннан кейін сот залында өз-өзіне пышақ жарақатын салып, ауруханаға жеткізілгені жайында жазылған болатын. Оның қасына күндіз-түні полициядан күзет қойылып, терезені темір тормен тұмшалап, аяғына «сақина құрсау» салынып, сырттан адамдардың келіп-кетуіне рұқсат етілмей […]
Метка: мұғалім
«БЫЛЫҚ БАСТАН…»
Білім саласындағы келеңсіздіктер осыны айғақтай ма? Түркістан облысының білім саласындағы былықтар жайлы естігенде атам қазақтың «Балық басынан шіриді» деген мәтелі еріксіз еске оралады екен. Неге десеңіз, бүгінде ел аузында гу-гу әңгімеге айналған, әлеуметтік желіде желдей ескен жайттардың дені жоғары жақтан болып жатқанын аңғаруға болады. Алаш зиялылары «ұлт шамшырағы», «қоғам қайраткері» деп бағалаған ұстаздар қауымы бүгінде […]
БАЛАҒА НЕМҚҰРАЙДЫ ҚАРАМАҢЫЗ
Жақында жұмыстан қайтып бара жатып ұлым оқитын мектепке соққан едім. Директорын, бірқатар мұғалімдерін танимын, кей-кейде жолым түсе қалса сәлемдесіп, жағдай сұрасатыным бар. Директор неге мұңайды? Бірден байқағаным – мектеп басшысының көңіл-күйі пәс көрінді. Себебін сұрадым. «9-сыныптағы бір оқушымыз проблема тудырып отыр. Үйіне қонбағанына бірталай күн болған. Бүгін шақырып алып, анасына ертіп жіберсем, жарты жолда тағы […]
Бір мектепте 4-ақ мұғалім кітап оқиды екен
Білім министріне датым бар! Бүгінде жалпы білім беретін мемлекеттік мектептің қай-қайсысына барып, басылымға жазылу барысын сұрай қалсаңыз мұғалімдер орнынан өре түрегеліп, «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңды алға тартады. «Заң талаптары бойынша бізді, мұғалімдерді газет-журналдарға ешкімнің күштеп жаздыруға құқысы жоқ!» – дейді бәрі келісіп алғандай. Иә, рас, ешкімнің ешкімді күштеуге құқы жоқ. Алайда, таяқтың екі ұшы бар […]
Түркістанда білім саласында былық көп…
сапа да төмендеп барады Пилоттық жоба ретінде атауы қайта-қайта ауысқан Түркістан облысының Білім басқармасы соңғы жылдары сыннан да көз ашпай қойды. Аудандағы бөлім басшыларының бірі жемқорлыққа қатысты күдікке ілінсе, енді бірі адам өлтіруге тапсырыс беріп, «айды аспанға бір-ақ шығарды». Енді, міне, басқарманың өз ішінде де жік шықты. Жуырда басқарманың ішіндегі бір бөлімді басқарып отырған азаматтың […]




