Шешендік өнер – тиісті адамгершілік өлшемдерін, кісілік қасиеттерді әр қоғам мүшесінің біліп, өмірдің түрлі жағдайларында жүйелі түрде пайдалануы. Бұл ретте әркімнің кісілік қасиеттерді бойына сіңіруге деген талпынысын, құлшынысын туғызудың қажеттігі, жұртты соған жұмылдырудың маңызы ерекше бағалы. Жамандау – кісіліктің кемдігі Қазақ шешендерінің кісілік кемелдік, адамгершілік тұрғы туралы концептуалды ойлары олардың өмір сүрген дәуірінің, заманының мәдени-әлеуметтік, […]
Метка: салт
БАБАМЫЗДЫҢ ЖЫРЫСЫҢ СЕН, ДОМБЫРА!
Қазақ халқының рухани әлемін, ұлттық болмысын, ғасырлар қойнауынан жеткен тарихы мен тағдырын бір ғана құдіретті аспаптың үнімен бейнелеуге болатын болса, ол – қасиетті домбыра. Қос ішегінен төгілген қоңыр күй халқымыздың мұңын да, қуанышын да, арманын да, азаттығын аңсаған асқақ рухын да бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келеді. Сондықтан домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, […]
Зират. Зиярат. Шариғат
Жыл сайын сәуір-мамыр айларында жұртшылық мазараттарға барып, оны шөп-шаламнан арылтады, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізеді. Осындай кездері түрлі діни жоралғылар жөнінде айтылып та жатады. Олардың бірін білсек, бірін біле бермейтініміз рас. Осы орайда Төлеби ауданының бас имамы Үсен Сәуірбаевпен (суретте) сұхбаттасып, жұрт есінде сақтап жүруі тиіс біраз жайлар жөнінде білдік. Зират басында суретқою күнә болады – […]
«Қазан жарыс» туралы білесіз бе?
Ұлтымыздың балаға деген ерекше мейірімі, ұрпағы үшін жанын аямайтын жанкешті ықыласы – тектілігін терең танытатын қасиеттерінің қаймағы десе де болар. Келіннің құрсағындағы шарананы білген күннен бастап апа-әжелердің қуанышы «Құрсақ шашу» дейтін ырымның өзін тойға айналдырады. Қазақтың алтын құрсақ аналарының ниеті қандай тамаша! Біздің айтпағымыз – сәбиін тоғыз ай он күн көтерген жас ананың толғағы келгендегі […]
ОЮ ОЙҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Шымкенттегі «Хас шеберлер» қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен «Оюменен ой түйген» тақырыбында көрме өтті. Онда ою-өрнек түрлері және олардың қазіргі кездегі дұрыс қолданылуы жөнінде айтылды. Бұл жиында Күләш Айдарбекова, Ақмарал Жаңатайқызы және басқа да шеберлер өздерінің қолөнер бұйымдарына салып жүрген оюлары жөнінде әңгімелеп берді, киімге, кимешекке, төсеніштерге оюды қалай түсіру керектігін түсіндірді. Көрме […]




