Әлеумет Басты жаңалықтар

Онлайн несие енді оңай берілмейді

1 қазаннан бастап банктер мен микроқаржы ұйымдарынан (МҚҰ) онлайн несие алу ережесі ресми түрде өзгерді. «Енді интернет арқылы кепілсіз несие немесе микроқарыз рәсімдеу үшін бірнеше батырманы баса салу жеткіліксіз, клиент міндетті түрде арнайы сауалнамадан өтуге тиіс», — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу агенттігі бекіткен жаңа талап, ең алдымен, алаяқтың арбауына түсіп қалатындарды қорғауға және […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Қарт Каспийдегі қайталанған қайғы

Халық талабы – әділ тексеру Өткен 24 қыркүйекте әскери-теңіз күштерінің Каспийде болған оқу-жаттығуы кезінде орын алған қайғылы жағдай жұртты дүр сілкіндірді.  Бір взводтың тең жартысын құрайтын сарбаздың – 14 боздақтың бірдей мерт болуы төбе шашты тік тұрғызардай болды. Әлеуметтік желілерде бұған қатысты ащы пікір білдіріп жатқандар әлі де көп. «Бизнеске айналдырып жібергені қалай?» Содан бері […]

Басты жаңалықтар Өмірдің өзі

Құстардың қайтуы – құпиялы құбылыс

Күздің алғашқы айы ортасынан ауды, жыл құстарының алды өздерінің қыстап шығатын жағына қарай ұшып жатыр. Қыркүйек айында көшті қарлығаш, қараторғай, бозторғай, шымшық, таушымшық, бұлбұл сияқты жәндіктермен қоректенетін құстар бастайды. Қазір, мысалы, қарлығаштардың алды алыс жол үстінде. Олар үнемі күндізгі уақытта ұшып отырады, баратын жерінің қашықтығына қарай бірі оған 35-42 күнде, енді бірі 2-3 айда жетеді. […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

«Qalqan» ашықтықты қалыптастырады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы қаржы ағындарын басқарудың кешенді цифрлық моделіне көшуде. Президент пен Премьер-министрдің тапсырмасын орындау аясында жаңа цифрлық «Qalqan жүйесі қалыптастырылуда. Жоба Қор қызметін толық цифрландыруға, технологиялық алшақтықтарды жоюға және қолмен орындалатын операцияларды болдырмауға бағытталған. «Qalqan» платформасының басты ерекшелігі – оның ҚР Қаржы министрлігінің контурындағы заманауи технологиялық платформада орналастырылуы. Бұл дайын […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Сынып жетекшісінің үйге келуі оқушыға психологиялық соққы ма?

Ата-аналардың пікірі екіге жарылып тұр Өкінішке қарай, бүгінде бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтындардың, тіпті, тұрмыстық зорлық көрсететіндердің қатары артып жатқаны қынжылтады. Заң барынша қатаңдатылып жатса да… Aдамның табиғаты өзін емес, өзгені кінәлауға бейім келеді. Соның салдарынан әрбір жағдайға өзгені кіналауға етіміз үйренген сықылды. Айталық, өз отбасында орын алған кез келген жағдайға мектепті, ұстаздарды кінәлі санайтын ата-аналар […]

Әлеумет

«Қошқаратаны» қастерлей білейік

Кешегі сенбіде Шымкентке Ұлытау жақтан құдаларымыз келіп, оларды теміржол вокзалынан күтіп алған едік. Ол кісілердің Қошқаратаны көргісі келіп жүргеніне біраз болған, осы жолы «тиіп тұр екен ғой, осы бетімізбен бара салайықшы» дегесін Қошқаратаға үйлер арасымен тіке тарттық. Қошқарата бұлағы теміржол вокзалына өте жақын, бес минуттық қана жер. Бұрынғы гараждар тұратын аумақтан шағын дүкендер ашып қойыпты. […]

Құқық

ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІ 87,1 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Президенттің өз Жолдауында айтқан «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда көп өзгерістердің орын алуына себеп болуда. «Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет. Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына […]

Шымкент

Шымкентте миллионға жуық көлік жүйіткіп жүр

Күннің ыстығында көлік жүргізушілеріне де қиын. Аптап ыстық салонды «қайнатады», жиі терлетіп, шөлдетеді. Осының бәрі жүйкеге әсер етіп, кейде адамның дер кезінде қандай да бір қауіптен сақтануына, жалтаруына, дұрыс шешім қабылдай алмай қалуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілерінің жаздың аптап ыстық күндерінде абай болғаны абзал. Жалпы, Шымкентте жол қозғалысына қатысты ахуал қандай? Жол-көлік оқиғалары […]

Әлеумет

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН МЕКТЕПТЕН ҰҒЫНДЫРУ КЕРЕК

Кешегі аптада көпшілік бас қосқан бір жиында болған едік. Өзгенің қиындығын өсектеу тілге жеңіл емес пе, бір кісіден «бауырларының бәрі ажырасқан, өзі сүмірейіп әйелінің айтқанынан шықпай жаны қалып жүр» деп бір құрдасы жайлы айтқан жайсыздау әңгіме естідік. «Бала кезден бірге өстік, білем ғой. Әкелері ішімдікке құмар еді, тойып алып, әйеліне күн бермейтін. Сондай отбасында өскен […]

Құқық

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Бүгінде көптеген тәртіп бұзушылықтар азаматтардың заңды толық білмеуінен орын алып жатыр. Бірақ заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын бірі білсе, бірі білмеуі мүмкін. Сондықтан әр уақытта қарапайым адамдардан бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейін занды білу және оны түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұру маңызды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, экономикалық тергеп-тексеру […]