Әлеумет Басты жаңалықтар

Мемлекеттік мүлікті жалға берудің өз қағидасы бар

Бюджетке түсетін кірістердің бір көзі — мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлкі туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленген республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілген. Осы қағидалардың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Жалға беруші […]

Басты жаңалықтар Оқшау ой

«Көлде» балық өсірсек болмай ма?

Шымкенттің қақ ортасындағы «Көлде» бір кездері жұрт жазда шомылатын, су велосипедін теуіп серуендейтін демалыс аймағы болушы еді. Ол кеңестік кезеңмен бірге келмеске кетті. «Көл» одан бері де түрлі өзгерістерге ұшырады. Көкөністің қайнаған базарына да айналған еді. «Көлдің» тұрған аумағын тегістеп, ғимарат салуға тіпті болмайды. Себебі астынан үнемі су шығып жатады. Сондықтан ол алдағы уақыттарда да […]

Басты жаңалықтар Мәселе

«Лэд-фара» орнатуға неге рұқсат жоқ?

Өзім тұрақты алып, оқып тұратын газеттеріңізде бір мәселе жөнінде айтқым келеді. Мүмкін бұл айтпағым тиісті орындардың, басшылардың құлағына жетер деп ойлаймын. Мәселе автокөлік фарасына байланысты. Мені ғана емес, жалпы көлік жүргізушілерінің бәрін де толғантып жүрген болуы әбден мүмкін. Қазіргі шығарылып жатқан жаңа автокөліктерде «Лэд-фара» деген бар, жарықты жақсы береді. Заманауи талаптарға сай, зерделеніп жасалған құрылғы […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Бұл айда жел жиілейді

Қыркүйектің соңын ала Алатауға қар түсті. Ал кешегі 5-6-қазан күндері еліміздің бірқатар өңірлері алғашқы қарды қарсы алды. Бұл жөнінде әлеуметтік желілерде Астананың, Қостанайдың, Ақтөбе облысындағы бірқатар аудандардың тұрғындары хабарлап, бейнежазбалар жүктеді. Ауасы салқын тартқан Оңтүстіктің жұртшылығы да «қыстың қыр астында екенін» сезінгендей болды. Алдағы ауа райы қандай болмақ? Бұған қатысты «Қазгидромет» республикалық ауа райын болжау […]

Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

«ТЕКЕМЕТ FEST» ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ҮНІН ЖАҢҒЫРТТЫ

Шымкентте ғасырлар қойнауынан жеткен киіз басу өнері дәріптеліп, ұлттық қолөнердің озық үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. «ТЕКЕМЕТ FEST» этно-танымдық фестивалі дәстүрлі өнерді насихаттап қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған тағылымды мәдени алаңға айналды. Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан, ұлттың болмыс-бітімін айшықтайтын рухани мұра. Соның ішінде киіз басу, текемет жасау өнері – табиғи шикізатты ұқыпты […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Мақсаты сай емес мектептерге мемлекеттік тапсырыс тоқтатылады

Бұл туралы Қаржы вице-министрі тұрғындармен кездесуде ескертті Шымкентке Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков келіп, қала тұрғындарымен кездесті. Ғалым Қасымбеков басшылық жасайтын Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ұйымдастырған жиында вице-министр атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндама жасады. «Мұндай кездесулер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сәтті жүзеге асырудың негізгі факторы болып табылады. Осындай өзара іс-қимылдың […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Астана барғанша асхана таппадық

Жуырда Астанаға жол тарттық. Тараздан өткен соң біз ойламаған жайсыз жайттарды бастан кешірдік. Дәлірек айтқанда, ұзақ жолда бір сәтке аяқ созып, тамақтанатын тәуір орын таппадық. Шудан өткенде бір асхана бар екен. Тамақтанып отырған адам қарасы аз. Даяшылардың клиенттерге қызмет сапасы өте төмен, үш-төрт мәрте шақырып жүріп әрең келтірдік. Дастархан бетін сүртіп, тазалап жіберуін сұранғанымызда әркім […]

Әлеумет

«Қошқаратаны» қастерлей білейік

Кешегі сенбіде Шымкентке Ұлытау жақтан құдаларымыз келіп, оларды теміржол вокзалынан күтіп алған едік. Ол кісілердің Қошқаратаны көргісі келіп жүргеніне біраз болған, осы жолы «тиіп тұр екен ғой, осы бетімізбен бара салайықшы» дегесін Қошқаратаға үйлер арасымен тіке тарттық. Қошқарата бұлағы теміржол вокзалына өте жақын, бес минуттық қана жер. Бұрынғы гараждар тұратын аумақтан шағын дүкендер ашып қойыпты. […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шымкенттің ауасы қашанғы ластанады?

Кейде түн ішінде немесе таң алдында Шымкенттің ауасында жағымсыз иіс пайда болады. Кешегі күні де солай болды. Жалпы, бықсып, шала жанған көмірдікі сияқты иіс бірде аздап сейіліп, бірде қоюланып, әсіресе желсіз күндері қатты сезіледі. Ал биігірек тұстан қарасаңыз, Бадам бойын шығыстан батысқа қарай ұзына бойы түтін немесе шаң-тозаң пердесі тұмшалап тұрады. Бұл иіс пен тозаң […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Тас диірмен – нан қадірін ұқтырады

Бұл көне диірмен (келі) – әжемнің қолынан өткен, оның өмірімен сабақтасқан қасиетті мұра. Әжем мұны 83 жасқа дейін қолданған екен. Кезінде осы диірменмен дән тартып, отбасының қажетіне жаратып, маңдай термен келген астың қадірін білген. Оның сылдыраған үнімен бірге әжемнің қолының табы, маңдай тері, отбасының берекесі, сол дәуірдің тынысы сезіледі. Бүгінде қол диірменнің орнын заманауи техникалар […]