Бүгінде Түркістан облысы еліміз бойынша көптеген көрсеткіштерде алда келеді. Бұл істе, әрине, әрбір ауданның қосып жатқан өзіндік үлесі бар. Аграрлы Бәйдібек ауданы да әлеуметтік-экономикалық жағынан өркендеп келеді. Ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпейіс Ақбаевпен сұхбаттастық. – Нұрпейіс Оразханұлы, Бәйдібек ауданының қазіргі әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қалай сипаттауға болар еді? – Ауданда соңғы үш […]
Метка: өнеркәсіп
ІРІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Түркістан облысында көптеген ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл іске Мақтаарал ауданы да өз үлесін қосуда. Кешегі күні аудан әкімі Бақыт Асанов өңірдегі арнайы экономикалық аймақта іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Бұл жобалар 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Сөйтіп аудан экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын қалыптастыруға және өңірдегі инвестициялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік […]
Қалдықсыз өнім өндірілмек
Түркістан облысында түрлі кәсіпорындар іске қосылып жатыр. Кейбірінің айналысатын шаруасы жұртқа таңсық көрінетіні де рас. Соның бірі – мал сүйектерін өңдеу зауыты. Ол Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында іске қосылмақ. Жобаның іске қосылуы Ордабасы ауданында терең өңдеу өндірісін дамытуға, мал шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жаратуға және жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға жол ашады. Жалпы инвестициялық құны – […]
ШАРДАРАДА АУҚЫМДЫ ШАРУАЛАР АТҚАРЫЛУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіп те өркендеп келеді. Шағалалы өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің барысы аудан әкімі Арман Қарсыбаевпен болған әңгімеде айтылды. – Арман Романұлы, бүгінде ауыл халқының жағдайын жақсарту басты бағыттардың бірі екені белгілі. Ауыл шаруашылығын өркендету жолындағы жетістіктеріңіз қандай? «Ауыл аманаты» бағдарламасы қалай орындалуда? – Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында биыл айтарлықтай шаруалар атқарылды. […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҒЫ ДА БІРІНШІ ОРЫНДА
Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалды, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқамерзімді экономикалық өсім 124,1 пайызды құрады. Яғни бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада бірінші орынға ие болды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі мынадай деректер келтіреді: Экономикалық өсімге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларындағы жоғары көрсеткіштер айтарлықтай […]
Аудан халқы ауыз сумен толық қамтылған
Бірнеше аудан мен Шымкент және Арыс қалаларының ортасында орналасқан Ордабасы ауданын тоғыз жолдың торабында жатыр десек болады. Сондықтан оның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша әлеуеті жоғары десек, сөзіміз қисынсыз емес. Ал аудан осы мүмкіндіктерін қалай пайдаланып жатыр, қандай жетістіктер көрсетуде? Осы тақырыптар аясында аудан әкімі Азат Оралбаевпен сұхбат құрдық. – Азат Әбдіғалиұлы, аудан экономикасын дамыту бағытында қандай […]
АГРАРЛЫҚ САЛАДА АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА
Салыстырмалы түрде Түркістан облысының жер көлемі аса үлкен емес. Алайда, ауа райының аграрлық салаға қолайлылығы мен жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығының арқасында шаруалар ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден, оны экспорттаудан, инвесторлар тартудан республикада алдыңғы қатарда келеді. Бұған жуырда белгілі болған жарты жылдың жұмыс қорытындысы дәлел бола алады. Ол туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің […]
Экспорт көлемі көбейді
Түркістан облысында шикізатты терең өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірістерді көбейту – уақыт талабы. Өңір импортқа тәуелді болмауы керек. Бұл жөнінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. – Біз әлі күнге дейін шикізаттық тәуелділіктен толық арыла алмай отырмыз. Сондықтан импортты алмастыру жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру қажет. Шикізатты терең өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірістерді көбейту […]
8 жылда өңірлік өнім 3 есеге өскен
Қазақстан егемен ел болып, етек-жеңін жинап, алпауыт мемлекеттермен терезесін теңестіргеніне 35 жыл толады. Осы уақыт аралығында елімізде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Соның бірі — 8 жыл бұрын Түркістан облысының құрылғаны айтулы оқиға болғаны анық. Бұл көп уақыт емес. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде өңірде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, экономиканың негізгі салаларында тұрақты […]








