Оқшау ой

ТОҢДЫ ТЕСІП ҚОЮ КЕРЕК

Оқшау ой Еліміздің көптеген өңірінде сәуір тәуір болмай тұр. Көктемнің екінші айының келуімен басталған тасқынға әлі тоқтау болар емес. Осыған байланысты Президенттен бастап қарапайым адамдарға дейін өздерінің ойларын, пікірлерін білдіріп, болған жағдайға байланысты ұсыныстарын айтуда. Бірі дөп айтса, бірі жүйесіз көп айтуда. Мен де үнсіз қалмай, өз өмір тәжірибемде кездескен, көрген-білгенімді ортаға салғанды жөн көрдім. […]

Оқшау ой

Шымкентте неге жеміс ағашы аз?

Шыбық шаншыса шынар өсетін өңірде тұрамыз. Қазақстанның басқа аймағына қарағанда Шымкент қаласы мен оның төңірегі әсіресе, жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы. Сондықтан да қала көшелеріне, саябақтарға мейлінше жеміс ағаштарын отырғызған дұрыс деп есептеймін. Орталық даңғылдардың орта беліндегі сәндік ағаштарға қарсылығым жоқ. Қаланың көркін ашу үшін ол да қажет. Қылқан жапырақты ағаштарды жолдың ортасындағы бөлікке сәндеп […]

Оқшау ой

Қазақ сәлем беруді неге парыз санаған?

Салтыңды сақта Үлкенге сәлем беріп, алғысын алу – қазақ салт-дәстүрінің ең озық түрі.  Қазақ «Сәлем – сөздің анасы» деп, баласына алдымен сәлемдесу әдебін үйреткен. Сәлемі түзу балаға үлкендер «Көсегең көгерсін, жүз жаса, бақытты бол» деп алғыс айтқан. Дұрыс амандаспаса, «үлкенді сыйлай білмейді, көргенсіздің баласы» деп ата-анасын кінәлаған. Салт бойынша жасы кіші бірінші амандасуға міндетті, бір […]

Оқшау ой

Жеңгелердің «Қол ұстатар» сұрағаны дұрыс па?

Немесе Қолыңызды кім ұстап, шашыңызды кім сипап жүр, бойжеткен?      Әуелден ата-баба аманатына адал болған ұлтымыздың көптеген салт дәстүрлері қазіргі қоғам талабына қарай жаңғырғанын байқап жүрміз. Заманына қарай адамы емес амалы өзгергенін көзбен көрген сайын көңілдің кірбіңі молая түскендей.     Бұрындары қызға құда түсіп, қалың мал төлеген соң, жігіт қалыңдық ауылына ұрын келетін. Бұрын соңды […]

Оқшау ой

Өз отбасына ие бола алмағандар ақыл айтпай-ақ қойсыншы… 

Бабаларымыз қалыптастырған қазақтың салт-дәстүрлері өте керемет. Соның бәрі тұнып тұрған тәрбие, өнер деуге болады. Жасыратыны жоқ, осындай құндылықтарымыз уақыт өткен сайын жоғалып барады. Жас нәрестенің тұсауын күйеуден ажырағандар мен әйел жібергендер кесіп жүр. Жас келінді де жаңа отауына бірнеше рет ажырасып келгендер шығарып салады. Мейлі ол әнші шығар, бірақ соның тағдырын қызына бермеуін тілеген ата-ананың […]

Оқшау ой

ҚЫЗҒА ТОЙХАНА БОСАҒАСЫ ҚЫМБАТ ПА?

Оқшау ой Жаһанданамыз деп, дәстүрдің озығына емес, тозығына тәуелді болып барамыз. Ұзатылар қыздың сыңсу айтып, өз жұртымен қош айтысар ұзату тойын кіндік қаны тамған жанұясында емес, тойханада өткізетін дәстүр таптық. Жат жерге, жаңа өмірге қадам басқан бойжеткен балалық қызық шағы өткен өз босағасынан емес, әлдебір кәсіпкердің арақ-шарап иісі сіңген ақ дастарханынан ұзап кете барады. Қызды […]

Оқшау ой

ШАР ЖАРУ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Оқшау ой Жаратушы Иенің адам баласының бойына берген қасиеттерінің қайырымдысы – Мейірім. Құдай сол қайырымды қазынаны қазақ ұлтына қаншалықты дарытқанын ата дәстүріміздің ұрпақ өрбітудегі ұлағатты үлгілерінен байқауға болады. Ұлтымыз үшін ұрпақ сүю бар байлықтың төресі. Ұлт құндылықтарының қазіргі қоғамда ұмыт бола бастаған ұрпаққа қатысты дәстүрінің бірі — құрсақ шашу. Әңгіме басында сөз еткен мейірім деген […]

Оқшау ой

ОРАМАЛ ЖАЙЛЫ ОЙ АЙТСАМ…

Дала мәдениетінің мәйегі_- ұлттық киім. Ер мен әйелді, ер жеткен ұл мен бойжеткен қызды киген киіміне қарап-ақ ажырата білген қайран қазақ. Сол киімнің қасиеттісі – орамал. Қазіргі қоғамда орамалдың аты «орану» болып өзгерді. Біздің айтпағымыз басқа. Ақ босаға аттап бөтен елге келін болып барғаннан кейін қыз баланың өмір сүру тәртібі өзгереді. — Шашыңды жауып, басыңнан […]

Оқшау ой

Жолдауда бір жылда атқарылатын жұмыс жоспарланса

    Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауын жолдады. Бастан аяқ тыңдап шықтым. Кейін ғаламтордан Жолдаудың мәтінімен асықпай қайта таныстым. Президент көңілге қонымды мәселелерді көтеріп отыр. Бұған ешкім күмән келтіріп, таласпайды. Осы Жолдауда айтылғандардың бәрі орындалар болса, қазақстандықтардың хал-ахуалы жақсаратыны анық. Өкінішке қарай, олай бола бермейді. Бұл жөнінде Парламент мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі […]

Оқшау ой

Көшпелі тойхана керек

Жасыратыны жоқ, қазақ тойшыл қауым. Тіпті, той істеу бәсекеге айналды. Сол себепті 500-700 адамдық тойханалар да көбейіп жатыр. Кейде жартысы бос тұрса да элиталы тойханада қуанышын тойлау әдетке айналып барады. Мұның барлығы шығын, түптеп келгенде – ысырап. Ал ысырап ауыр күнәлардың бірі. Жуырда Ақтөбе қаласындағы туысқаным немересіне той жасады. Бара алмадым. Бірақ вацап арқылы ағайындардың […]