Біле жүріңіз

Екпе алудың маңызы зор

Әр ата-ананың алдында таңдау болады: өз перзентіне екпе (вакцинация) жасату керек пе, әлде жоқ па деген, сондықтан біз вакцинацияның не үшін қажет екенін білуіміз керек.          Вакцинация — қауіпті инфекциялардан қорғаудың ғасырлар бойы дәлелденген әдісі. Алғаш рет шешек ауруын жоюға қарсы вакцинация 1796 жылы жүргізілді, оны ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер ойлап тапты және 2 ғасырға жуық уақыттан кейін 1979 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы […]

Біле жүріңіз

Мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын қандай талаптар бар?

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беруді, тәрбиелеуді қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сай жұмыс жасауды қажет етеді. Осы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары […]

Біле жүріңіз

Дизентерияның алдын алу қажет

Жұқпалы аурулардың кең және жаппай таралған түрі дизентерия — ішек инфекциясы тобында алғашқы орындардың бірін алады. Дизентерия әдетте жыл бойы тіркеледі, бірақ жаз маусымында аурудың айтарлықтай өсуі байқалады. Ауа температурасының жоғарылауы дизентерия қоздырғыштарының өсуіне және көбеюіне жағымды әсер етеді, олар ұзақ уақыт бойы сыртқы ортада өміршеңдігін сақтап, тамақ өнімдерін ластауы мүмкін.                 Ауру ағымның сипаты […]

Біле жүріңіз

Тамақтан уланудың негізгі белгілері қандай?

Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Астан уланудың негізгі белгілері: адамның іші ауырып, жүрек айнуы, құсу, іш өту, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну мен әлсіздік және бас ауырады. Қазіргі уақытта адам […]

Біле жүріңіз

Тағам өнімінің таңбалануына назар аударайық!

Бүгінгі күнде әрбір тұтынушы сатып алып жатқан тағам өнімі жөнінде және өндірушісі туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы. Қажетті мәліметтердің барлығы өнімнің қорабында немесе орамада таңбалау арқылы көрсетілуге тиіс. Таңбалауда болуға тиісті ақпарат Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігі» техникалық регламентінің талаптарында көрсетілген. Тағам өнімдерін таңбалауда көрсетілуге тиісті мәліметтер: тағам өнімдерінің атауы; тағам […]

Біле жүріңіз

Тез бұзылатын тағамды білесіз бе?

Азық-түлiк өнiмдерiнiң сақталуына айрықша мән берiп, тиiстi температурада болуын үнемі қадағалаған дұрыс. Тамақ кез келген жағдайда бұзылуы мүмкiн. Өйткенi, ол тұтынушыларға жеткенше өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткiзу сияқты кезең-кезеңiмен тиiстi сатылардан өтедi. Егер оның бiреуiнде санитарлық талаптар сақталмаса, өнiмнiң бұзылуы әбден мүмкiн. Тез бұзылатын тағамдарға кремдi-кондитерлiк тәттi өнiмдер, көкөнiс және еттен жасалған салаттар, сүт және […]

Біле жүріңіз

Құтыру – қауіпті!

Құтыру – ауру жануардың жарақаттауы арқылы жұғатын, орталық жүйке жүйесін ауыр зақымдайтын аса қауіпті вирустық ауру. Көбіне бұл дертті ит, түлкі, мысық, қасқырлар таратады.  Сонымен қатар, үй жануарлары арасында (ит, мысық, сиыр, қой, жылқы, түйе т.б.) кездесіп, сілекейлері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Аурудың бұл түрі құтырумен ауырған жануардың адамды тістеуі, жарақатталған тері мен шырышты қабықшаларына […]

Біле жүріңіз

Қызылша туралы не білесіз?

Қызылша – ауа тамшы жолымен жұғатын, ауыз, мұрын, көздің шырышты қабаттарының қабынуымен, дене қызуы жоғарылаумен және бастысы бөртпе шығуымен жүретін жұқпалы вирусты ауру. Жұғу жолдары: вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған […]

Біле жүріңіз

Шаруаларға субсидия жайлы түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы салалық кеңесінің отырысы өтті. Онда жылыжай шаруашылықтарының өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар түсіндірілді. Кездесуге қатысқан Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, биылдан бастап жылыжай өсірушілерге электр қуаты мен газ шығындарына және гектарлық субсидия беріледі. «Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №107 бұйрығына […]

Біле жүріңіз

Кене шақса…

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы  ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда (сәуір- қыркүйек) арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал қораларында […]