Түркістан қаласында кешегі өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті түркі халықтарының ынтымағын, экономикалық байланысын нығайтып қана қоймай, қасиетті қалаға деген әлемнің түкпір-түкпірінен туристердің қызығушылығын арттыруда. Оның дәлелі ретінде қалаға келуші туристер мен зиярат етушілер үшін демалыс күндері ұшақ билеттерін табу қиындағанын айтуға болады. Туристік компаниялардың болжамынша, алдағы айларда келушілер саны одан әрі ұлғая түседі деп […]
Автор: admin
«КӨГІЛДІР АЙДЫҢ» ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?
Биылғы мамыр айы өзгеше астрономиялық құбылыс – Айдың бір айда екі мәрте толуымен ерекшеленейін деп тұр. Себебі бұл аспан денесінің толық фазалар циклі 29,6 тәулікке тең, яғни қолданыстағы күнтізбелік ай күндерінен аз. Ең қашық нүктесіне алыстайды Айдың төрт фазасы болатыны белгілі. Біріншісінде ай «туады», яғни көк жүзінде көрінеді, сосын толады да, біртіндеп «желініп» барып көрінбей […]
ЖАСАНДЫ ЖАҢБЫР, ӘЛДЕ…
Шаруалардың болжамы шындыққа жанаса ма? Биылғы көктем жаңбырлы, салқын болды. Жаз айлары жақындаса да жауын әлікүнәра нөсерлетуде. Соның әсерінен кей аудандарда су тасқыны да орын алды. Сондықтан бүгінде ел ішінде ауа райының бұл құбылысына, жасанды жаңбырға қатысты түрлі әңгімелер айтылып жүр. «Шөпті шірітіп, техниканы бүлдіруде» Таяуда Түркістанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорология орталығымен жасанды жаңбыр […]
КЕЛІМСЕКТЕР КӨБЕЙІП КЕТКЕН ЖОҚ ПА?
Кейінгі кездері елімізге шет мемлекеттерден келушілер саны артып тұрған сияқты. Нақтысын тиісті мекемедегілер білер, дегенмен жай көзге солай көрінеді. Мысалы, кешегі аптада қаланың Адырбеков көшесіндегі «Магнум» гипермаркетінен түрі қазақтан аумайтын бір әйелді көрдім. Сатушы қызбен түсінісе алмай тұрды, қазақша да, орысша да түсінбейді екен. Ымдап, телефоннан бірдеңені көрсетіп, әйтеуір түсіністі, есептесті. «Қытай ғой, жақын жерде […]
БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕН АЙРЫҚША ӘСЕР АЛДЫ
Кез-келген даудың соңғы нүктесі сотта қойылады. Демек, азаматтардың құқын қорғауда, ар-намысын сақтауда сот саласының атқарар ролі орасан. Сол себепті де бұл сала заман ағымына ілесіп, ұдайы жаңарып отыруды қажет етеді. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы №500 жарлығына сәйкес республика бойынша мамандандырылған әкімшілік соттар, сондай-ақ апелляциялық және кассациялық сатылардағы әкімшілік алқалар құрылып, 2021 жылғы 1 […]
«ШЕГЕ ШАПАН» ДӘСТҮРІН ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ
Кейінгі кездері жиі аңғарып, өзіме ой салып жүрген бір жайды оқырмандармен бөліссем деймін. Газет бетінен орын берсеңіздер, жұрт оқып, ой түйер, пікір бөлісер, бәлкім. Енді бірер күнде жаз маусымы басталғалы тұр. Бұл – ел ішінде той-томалақтың көбейетін кезі. Бүгінде ұлын үйлендірудің, қызын ұзатудың қамына кірісіп жатқандар бар. «Пәленше болашақ құдаларымен тәтті шай ішіпті», «қалыңмалын келісіпті», […]
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҢҒЫ КҮН БОЛЫП ЖҮРМЕГЕЙ!
Әне-міне дегенше кезекті оқу жылы да аяқталды. Бүгінде түлектер мектеппен қоштасуды атап өтуге қызу дайындық үстінде. Бұл өзі жылда орын алатын қарбалас. Өкініштісі, осындай қызықшылықты атап өту кезінде жыл сайын алдын ала айтылған ескертулер, салған тыйымдарға қарамастан, түрлі тәртіп бұзушылықтар, оқыс оқиғалар болып тұрады. Тіпті, адам шығыны орын алған кездер де бар. Жастар көлік кортеждерін […]
ТАЗА СУ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ
Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев биыл аудан көлеміндегі барлық ауылдарды толықтай таза ауызсумен қамтамасыз етуді басты назарға алған болатын. Осы бағытта «Тұраркент Су» мекемесі тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жабағылы ауылдық округінде 10 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан кәріз жүйесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Онда 200 миллиметрлік құбыр тартылып, 12 құдық орнатылды. Жалпы ұзындығы 1300 метр болатын […]
ҚАЗАҚТЫҢ ЕҢ ЖАС 8 ҚАЛТАЛЫСЫ
«Forbes Kazakhstan» журналы Қазақстанның жасы 45-ке дейінгі ең бай азаматтарының рейтингін жариялады. Олар 8 адам, жасы ең кішісі – 35, ең үлкені 44 жаста. Бұлардың ішіндегі ең байы – «Freedom Holding Corp» холдингінің негізін қалаушы Тимур Турлов. Аталған холдинг құрамына банк, инвестициялық және сақтандыру компаниялары кіретін қаржы блогы, сондай-ақ, «Freedom Travel», «Freedom Ticketon» агрегаторлары, «Arbuz.kz» […]
АГРОӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖАЛҒАСАДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек және Жібек жолы ауылдық округтеріндегі жылыжай иелерімен кездесу өткізді. Жиынға аудандық прокуратурадан, полиция басқармасынан, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен басшы азаматтар мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Кездесу кезінде жұртшылықты толғандырып жүрген бірқатар мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда, жылыжай шаруашылығындағы өзекті мәселелер, әсіресе шетелден келетін көкөніс өнімдерінің ішкі нарыққа әсері […]









