Біле жүріңіз

Созақта «Хожун» емші бар

Басың ауырып, балтырың сыздағанда ең бірінші аузыңа да, есіңе де Құдай түседі. Жаныңа шипа болар ем іздейсің. Бір шыбын жаның үшін дәрігер де, тәуіп пен бақсы-балгер де қалмайды. Олардың ішінде бірі науқасыңа шипа сыйласа, бірінің құдірет күші жетпей жатады. Дей тұрғанмен үміт жібін үзбеген жөн. «Іздеген жетер мұратқа» деген ізгі ниет тегін айтылмаса керек. Созақ […]

Қоғам

«Қайда барсақ та Қорқыттың көрі»

Соңғы кездері жастардың әскерге өз аяғымен кетіп, табытпен оралып жатқан қайғылы оқиғалар жиі орын алуда. Мұның дені әлімжеттіктің салдары екені айтылады. Осыдан кейін қандай ата-ана баласын әскерге жібергісі, кімнің әскерге барғысы келсін? Өкінішке қарай, әлімжеттік әскерде ғана емес, мектеп-колледждерде де белең алып барады. Былтыр Келес ауданы мен Түркістан қаласында оқушылар арасында болған төбелес әлеуметтік желіге […]

Мәдениет және өнер

Үмітханды сағынғандар «Үмітті» іздеп жүр

 Оның журналистикадағы жанқиярлық еңбегі «Үмітке» түюлі. Өмірден өткеніне бірнеше жыл болса да өлді деуге қимайтын аяулы әріптестеріміздің бірі – Үмітхан Алтаева. Есімін әріптестері зор құрметпен атаса, қалың оқырманы жазбаларын сағынышпен іздейтін жанды еске алуға арналған тамаша іс-шара апта басында Шымкенттегі әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада өтті. Іс-шараға негіз болған басты жаңалық – Үмітхан апайдың тәлімін […]

Мәселе

Шымкентте ит қаптап кетті

 немесе «Адал достар» қауіпті болып барады Қазақ жеті қазынаның қатарында атаған, адамның адал досы деп бағаланған – иттер қазір қалада нағыз қауіп иесі болып барады. Нақтырақ айтқанда, қаңғыбас иттерден келер қауіп көбейіп тұр. Бүгінде қала басшылығы көп жыл бұрын жекешелендіріліп кеткен нысандарды мемлекетке қайтару ісіне жең түре кіріскен. Мұнысы тұрғындар тарапынан қолдау табуда. Дейтұрғанмен осындай […]

Қоғам

Шымкент: Алпамыс батырдың орнын ауыстырды

  Шымкенттегі Алпамыс батыр ескерткіші бұрынғы орнынан көшірілді. Бірден айту керек, бұл жұмыстар демеушілер есебінен жүргізілген. Шымкент қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенер болсақ, Алпамыс батыр ескеркішінің орнын ауыстыру жөніндегі ұсыныс Шымкент қаласының Ардагерлер кеңесі тарапынан түскен. Ескерткіштерге қатысты заңнама талаптарына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия ұсынысты қарап, […]

Uncategorized

Польшадан келіп жатыр…

Шымкент қаласынан кәсіпкерлік нысандарын ашу, бизнес жобаларға инвестор болу ісіне қызығушылық танытушы шетелдіктер көп-ақ. Соның бірі жуырда Польшадан ат терлетіп келді. Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Fabe Polska» поляк компаниясының басшылығын қабылдап, арнайы келіссөздер жүргізді. Инвестор Шымкентте аумағы 150 гектарды құрайтын жоғары технологиялы жылыжай салуды көздейді. Бұл туралы меморандумға да қол қойылды. Ауқымды […]

Uncategorized

 Гүлзарлар күзде де ашылады

Иә, көркейту, көріктендіру ісі Шымкентте қоңыр күзде де жалғасын таба береді. Күні шуақты қалада әсем гүлзар салу, саялы бақ орнату ісіне кедергі аз. Есесіне, елдің игілігі үшін пайдалануға берілген саябақтарды аралауға асық тұрғындар қарасы қалың. Кешегі аптада ашылған С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзарға да айнала төңіректегі тұрғындар көп жиналды.  Серуендеу орнында ескі […]

Қоғам

 Үздік қарилар анықталды

Шымкентте үздік шәкірттер арасында құран оқудан жарыс өтті. Еңбекші ауданының «Қарабастау» мешітінде өткен сайысқа қала бойынша Құран оқудан үздік атанғандар іріктеліп алынды. Содан да болар бәсекенің бәсі биік, талапкерлер арасында жеңімпазды анықтау тартысты болды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов, Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Орын, […]

Өмірдің өзі

   «Хит жүзім» деп жүргеніміз

  «у жүзім» болып шықпасын…    Тым көрсеқызар болып бара жатқан секілдіміз. Жай кезде ақша жоқ дегенімізбен, жаңадан бір нәрсе шықты десе бірінші болып дәмін татуға, киім болса киіп көруге барымызды саламыз. Оның зияны бар-жоғына ешкім назар аударып жатпайды. Әйтеуір «жұрттан қалмай», әсерін басқаларға айтып мақтануымыз керек. Дубай шоколады деген шығып еді, таласа-тармаса сатып алдық. […]

Uncategorized

 Төтеншеде тыным жоқ

Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайда ұшақтан шыққан өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу шарасы өтті. Жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес Алматы-Шымкент бағыты бойынша ұшқан АН-24 ұшағының «Аэропорт Шымкент» АҚ апаттық қону барысында өрт орын алады. Шасси тағанының істен шығуы және қозғалтқыштың және оң жақ жанармай багының бұзылуының салдарынан жанармай төгіліп, аумақта көлемі үлкен өрт шығады. Әуе кемесінің бортында […]