Мәселе

Жылқыны қолға үйреткен қазақта жылқы мұражайы неге жоқ?

    Қазақ үшін жылқы жай көлік немесе мал ғана емес, ол қазақтың өркениеті, тағдыры, мінезі, болмысы. Қазақ халқы даланың кеңдігін, еркіндіктің рухын, уақыттың тынысын жылқымен бірге сезінген халық. Ғылыми деректерге сүйенсек, жылқыны алғаш қолға үйреткен өңір – қазіргі Қазақстан аумағы. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті (б.з.д. IV мыңжылдық) адамзат тарихындағы ең алғашқы жылқыны қолға үйреткен қауым […]

Мәдениет және өнер

КЕЛЕС ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің «Келес» халықтық театр ұжымы республикалық байқау аясында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының бейнесін сомдаған «Абай» спектаклін жоғары деңгейде сахналады. Көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған қойылым театр ұжымының кәсіби шеберлігін айқын көрсетті. Театр жетекшісі Жанкелді Мырзалиев республикалық моно спектакльдер фестиваль-байқауында «Үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері […]

Әлеумет

         «Сен салар да, мен салар…»

Апта басында Тұран ауданы «Құрсай» шағын ауданына қарасты Аршалы көшесінің тұрғыны Айдар Ермаханұлы «көшедегі құбыр жарылғандықтан су есептегіш құралдары орналасқан құдыққа су толғанын, тиісті орындарға хабарласқанымен ешкім келмей жатқанын, шұғыл жөндемесе етектегі үйлерге зақым келтіруі мүмкін екенін» айтып хабарласты. Айтқан мекен жайға жылдам жеттік. Есептегіш орналасқан құдық суға толған. Хабар берілгеніне 2-3 сағат болғанымен төтеншеліктер […]

Біле жүріңіз

Құстар да Құдайдың бір таңғажайып жаратылысы

Көктемде маңайда жұдырықтай ғана нәуірзек пайда бола кетеді, көк жүзінде «тыраулай» сап түзеп тырналар ұшады, әуе кеңістігін тілгілей қуаласып қарлығаштар жүреді, әнші құстар елді мекендерді думанға бөлейді. Оларға қарап тұрып санамызға «Бұлар ауа райын қалай болжайды?», «Мекенін қалай адаспай табады?», «Құдай бұларды не үшін жаратқан?», «Әлжуаз ұрпағын қалай жетілдіреді?» деген сияқты сан сауалдардың келетіні рас… […]

Әлеумет

Сайрамда – суицид, Сарыағашта – отбасылық кикілжің өршіп тұр…

Елімізде отбасындағы ойранды, зорлық-зомбылықты тоқтату, жасөспірімдердің құқын қорғау мақсатында тыйымдар күшейтіліп, заң қатаңдатылды. Өз отбасында ойран салатындардың әрекеті қылмыстық теріс қылықтар санатына енгізілді. Алайда, бұл шаңырақтың шырқын бұзатындарға түбегейлі тұсау болмай тұр. Рас, 2024 жылға қарағанда былтыр құқық бұзушылықтың бұл түрі 73 пайызға төмендеген. Мұндай көрсеткіштің қалыптасуына бұрынғы әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстық теріс қылық санатына […]

Біле жүріңіз

ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ҚАНША ТҮРІ БАР?

Дала қызғалдақтары бізге бала кезден таныс. Сәуір айында кең жазираны думанға бөлей жайқалып шыға келетін гүлдерге сынып болып шығатынбыз. Ол кезде қазіргідей жұлуға тыйым жоқ, қалағанымызша теріп, құшағымыз гүлге толып оралушы едік. Ол күндерде ауылдағы әр үйдің терезесі алдында графинге, банкаға салынған гүлдер шоғыры жайнап тұратын. Ғұмыры үш аптаға да жетпейтін бұл әсем гүлдер небір […]

Әлеумет

НАУРЫЗДЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙДЫ?

Бүгінде қазақтар әлемнің түкпір-түкпірінде тіршілік етеді десек, қателеспейміз. Шет мемлекеттерде оқитын, жұмыс істейтін, саяхаттап жүрген, онда көп жылдан бері тұратын қандастарымыз баршылық. Наурыз мейрамы қарсаңында олардың бірқатарымен байланысып, Ұлыстың Ұлы күнін қалай тойлайтындары жөнінде сұраған едік. Германиядағы Наурыз тойы Германияның ежелден келе жатқан ерекше қалаларының бірі –  Гамбургте Мария Диттерих есімді қандасымыз тұрады. Түбі алматылық. […]

Әлеумет

Кентауда құбырдан аққан судан үйлердің құлау қаупі бар

                Екі жыл бұрынғы су тасқыны сабақ болса керек, биыл аудан, қалаларда тасқынның алдын алу бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жиі жүргізілуде. Бірақ Кентаудағы тосын жағдай табиғи су тасқынынан емес, адамдардың салғырттығы салдарынан орын алуда. Ауыз су құбырының жарылуы салдарынан былтыр бір үйдің қабырғасы қақ айырылса, биыл тағы бір үйдің иесі дабыл қағуда. Сейсенбі күні Кентау қаласындағы […]

Мәдениет және өнер

ЖАРАМАЗАН АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Жалпыхалықтық мерекеге және 16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай Шымкенттеге Көрме орталығында «Жарамазан Fest» республикалық байқауы өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауда Түркістан облысы аудандарынан, облыс орталығы Түркістаннан, Шымкенттен, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы, Атырау облыстарынан келген өнер  ұжымдары бақ сынады. Олар өз аймақтарына тән орындаушылық ерекшеліктерді таныстырып, жарамазан жырларын түрлі нақышта орындады. Жарамазан […]

Қоғам

«АВАY MALL» деген атау дұрыс па?

Елімізде туризмді дамытуға қолайлы өңірлер жеткілікті. Оңтүстік, яғни Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бұл бағытта көп жұмыстар атқаруда. Алайда, «әттең-ай» дегізетін жайттар әлі де жетерлік. Жалпы, саяхаттаушылар көрген-білген жерлерінің, қыдырып келген мемлекеттің тарихына, төл ерекшеліктеріне, салт-дәстүріне, жер-су атауларына көп мән береді. Өкінішке орай, бұған біздердің өзіміз жіті мән бермей жүрміз. Жер-су, елді мекен атауларында ала-құлалық […]