Балық жүзген жерде енді мал жайылып жүр «Шардара» су қоймасының Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосар үлесі орасан. Шардара өңірі мен көршілес Сарыағаш, Келес аудандарымен қатар Арыс қаласына қарасты ауылдардың егістік алқаптарын (жүздеген мың гектар жерді, оның ішінде күріш пен мақта егістігін) ағын сумен қамтамасыз етеді. Одан бөлек, Шардара су-электр станциясы облыстың оңтүстігін жарықпен […]
Автор: admin
Түйе – түлік төресі
Ежелден тіршілігі мал шаруашылығымен біте қайнасқан бабаларымыз үй жануарларын қастерлей білген. Төрт түлікті түгендегенде түйені басында, бірінші атайды. «Түйе – түліктің төресі, малдың ұлығы» дейді. «Біз оларды сынау үшін түйелерді жібереміз»… Түйе туралы қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде бар. Сенушілер мен сенбейтіндердің тағдыры талқыланатын Қиямет күні жөнінде, Дәуіт пен Сүлейменнің әңгімелері туралы баяндалатын «Сәбә» сүресінің 14-ші […]
Бұл айда жел жиілейді
Қыркүйектің соңын ала Алатауға қар түсті. Ал кешегі 5-6-қазан күндері еліміздің бірқатар өңірлері алғашқы қарды қарсы алды. Бұл жөнінде әлеуметтік желілерде Астананың, Қостанайдың, Ақтөбе облысындағы бірқатар аудандардың тұрғындары хабарлап, бейнежазбалар жүктеді. Ауасы салқын тартқан Оңтүстіктің жұртшылығы да «қыстың қыр астында екенін» сезінгендей болды. Алдағы ауа райы қандай болмақ? Бұған қатысты «Қазгидромет» республикалық ауа райын болжау […]
Сауранда аммиак пен карбамид өндіріледі
Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта жобалық құны 200 миллион АҚШ долларын құрайтын зауыт салынады. Кәсіпорын жылына 250 мың тонна синтетикалық аммиак пен 300 мың тоннаға жуық карбамид өндіретін болады. Жобаның толығымен жүзеге асуы 300 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Сөйтіп ол Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға өзіндік үлесін қосады деп күтілуде. Бүгінде бұл жобаға […]
Автонарықтың алдағы ахуалы қандай болмақ?
26 қыркүйектен бастап елімізге шетелдерден жеткізілетін көліктерді рәсімдеу тәртібі өзгерді. Енді жеке импорттаушылар шетелден әкелетін көліктерге электрондық паспорт олардың шығарылғанына бес жылдан аспаған жағдайда ғана рәсімделетін болды. Жаңа тәртіп сонымен қатар көлікті тіркеуге де әсер етеді. Бұған көлік импорттайтын азаматтар мен дилерлер наразы болып отыр. Кеденде декларациялап, көлік рәсімдеу өте баяу жүріп жатыр. Жеке адамдар […]
БРУЦЕЛЛЕЗ – ҚАУІПТІ АУРУ
Бруцеллез – ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кең таралған және адамға да жұғу ықтималдығы жоғары аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ауруды Brucella туысына жататын бактериялар қоздырады. Бруцеллез мал шаруашылығына экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, адам денсаулығына да елеулі қауіп төндіреді. Бруцеллез қандай жануарларда кездеседі, енді осы туралы айта кетейік. Ол негізінен ірі қара, қой-ешкі, шошқа сияқты […]
Доңыз…
Еркегі ұрғашысын қызғанбайтын жалғыз жануар Қасиетті Құран-Кәрімде бірнеше жан-жануарлар жөнінде айтылған. Солардың бірі – доңыз, шошқа. Ол туралы жағымсыз мәнерде айтылады. Өз төлін де жеп қояды… «Ән-Нұр» сүресіндегі 145-аятта «…азықтанған жанға өлексе, аққан қан, шошқаның еті харам етілді, өйткені ол лас нәрсе», «Бақара» сүресінің 173-аятында «Шынайы түрде сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Алладан басқаның […]
«ТЕКЕМЕТ FEST» ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ҮНІН ЖАҢҒЫРТТЫ
Шымкентте ғасырлар қойнауынан жеткен киіз басу өнері дәріптеліп, ұлттық қолөнердің озық үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. «ТЕКЕМЕТ FEST» этно-танымдық фестивалі дәстүрлі өнерді насихаттап қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған тағылымды мәдени алаңға айналды. Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан, ұлттың болмыс-бітімін айшықтайтын рухани мұра. Соның ішінде киіз басу, текемет жасау өнері – табиғи шикізатты ұқыпты […]
Мақсаты сай емес мектептерге мемлекеттік тапсырыс тоқтатылады
Бұл туралы Қаржы вице-министрі тұрғындармен кездесуде ескертті Шымкентке Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков келіп, қала тұрғындарымен кездесті. Ғалым Қасымбеков басшылық жасайтын Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ұйымдастырған жиында вице-министр атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндама жасады. «Мұндай кездесулер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сәтті жүзеге асырудың негізгі факторы болып табылады. Осындай өзара іс-қимылдың […]
Ауруханадағы жөндеу аяқталуға жақын
Жетісай ауданында тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзіміне айрықша мән берілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың барысын зерделеу мақсатында аудан әкімі Серік Мамытов Асықата кентіне барып, «Асықата» аудандық ауруханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. […]









