Жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуы қарсаңында Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті білім беру объектілеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бар екенін ескертеді, онда меншік нысанына қарамастан барлық талаптар көрсетілген.Бұл санитариялық ережелерге сәйкес білім беру объектілерінің аумағы қоршалуы тиіс, […]
Автор: admin
ЕСКІ ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Мегаполисте ескірген трансформаторлар көп. Тұрғындар тарапынан бұл орайда қала басшысына түсіп жататын арыз-шағымдар да аз емес. Сапалы жарыққа ие болу үшін осындай келеңсіздіктерді жоюға тура келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы — «Alageum Electric» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесуде осы мәселенің шешілуіне мұрындық болуына ұсыныс айтты. Кәсіпкер […]
«МҰЗ САРАЙЫ» – енді мемлекет меншігі
Кезінде Шымкентте қысқы спорт түрлерін дамыту үшін арнайы салынған нысанды ұстап тұру бюджетке ауырлық етті. Қысы-жазы мұз айдынының жағдайы қалыпты болуы үшін жұмсалатын электр энергиясының өзіне қыруар қаржы төленуі керек. Осындай қиындықтарға байланысты нысанды жекеменшікке сатуға тура келген. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан халық игілігі үшін бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың […]
Өрт шықпасын десек…
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында 2024 жылдың І жартыжылдығында 34 өрт дерегі тіркелген (2023 ж.-15). Салдарынан 1 адам қайтыс болып, 6 адам түрлі дәрежеде зардап шекті. 44 млн. теңге материалдық шығын келгенін де айта кету керек. Осы орын алған өрттердің 54 пайызы тұрғын үйлерде, 16 пайызы автокөліктерде, 30 пайызы басқа да нысандарда орын алды. Өрт шығу оқиғаларының […]
ЕМХАНА СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУДАН ҚАЙТАРЫЛДЫ
Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан – әділетті қоғам құру» турасындағы тапсырмасын жүзеге асыру барысында Шымкент қаласында заң алдында бәрі де тең құқылы екендігіне дәлел болатын бірқатар нақты шаруалар атқарылуда. Ол жайлы газетіміздің өткен нөмірінде де баяндаған болатынбыз. Соның жалғасындай болып, кешегі аптада тағы бір тың жаңалық жұртшылыққа жетті. Шымкент қаласындағы №2 емхана 2021 жылы шаруашылық […]
ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІ ТАЗАЛАНДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте Қошқар ата өзені жағалауында санитарлық тазалық шаралары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға Тұран ауданы коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары атсалысты. Кремлевская көшесі мен Абай көшесі аралығындағы өзен бойы қоқыстан тазартылып, жасыл желектер қалпына келтірілді. Қураған шөптер орылып, […]
Төтеншеліктер төтеп берді
Шілденің 27-сі күні Шымкентте, күн шыжып тұрғанда, шамада сағат 11.35–те «Ордабасы» индустриалды аймағы аумағынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсісімен төтеншеліктер оқиға орнына едел-жедел жетті. Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, 116/2 мекенжайға бағыт алған бебеулеген өрт сөндіруші машинаға мінгескен мамандар бәріне де дайын еді. Индустриалды аймақта орналасқан «KMG Supple Company» ЖШС-іне тиесілі алаңқайда ашық жатқан техникалық […]
Фосфоршылар сарайы қайта салынады
Жаңа ғимараттың архитектуралық сәулеті бұрынғы күйін сақтайтын болады. Яғни тарихи келбетін сақтаған жаңа нысан бой көтермек. «Бәрі де тұрғындардың қолайлы, жайлы ортада өмір сүруі үшін жасалуы қажет» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау барысында Шымкент қаласының әкімдігі осындай оң өзгерістерге ұйытқы болып жүр. Кезінде жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз […]
Адам папиллома вирусы дегеніміз не?
Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады.АПВ сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары арасында ең көп таралған және агрессивті патология. Вирус көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульваның және қынаптың, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуын қоздырады. АПВ инфекциясы ұзақ уақыт […]
Алдын алу шаралары қауіпті болдырмаудың кепілі
Шымкент қаласында мемлекеттік органдардың мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын басты назарға алған. Нәтижесі де жоқ емес. Мұндай іс шара білім беру мекемелерінде де жүргізілуде. Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерімен өрт қауіпсіздігі туралы мағлұматтарды насихаттау мақсатында тұрақты негізде Ашық есік күнін өткізеді. Бұл жолы №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері «Академия Дана бала» бала-бақшасына […]









