Біле жүріңіз Мәселе

Иттің етін дәмханаға өткізіп келген

Ит аулап, етін дәмханаға өткізіп келген адам қолға түсті. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz. сайты жариялап отыр. Оқиға Ақмола облысында болған. Иттің етін сатып дәніккен ер адамды еріктілер қолға түсірген екен. Қылмыскерді полицияға тапсырған олар «иттің етін кафе, дәмханаларға өткізіпті. Ал оны қаншама адам білмей жеп жүрді. Ол ит ауру ма, сау ма кім біледі?!», — деп […]

Біле жүріңіз

ИТТІҢ МАЙЫН ЖАҒУҒА БОЛА МА?

                     Шариғатымызда иттің еті, сілекейі нәжіс, харам болып саналады. Өйткені ит азу тісті жыртқыш аңдардың қатарына жатады. Ол жөнінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Азу тісті әрбір жыртқыш аңды жеу – харам», – деген. Сондай-ақ, итті сатып, ақшасын пайдалану харам екендігіне байланысты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: […]

Құқық Мәселе

«Көлікті есепке қоямын» деп

                  пара алатындар көбейген. Осылай деген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі соңғы үш жылда Арнайы ХҚКО қызметінде жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс тергелгенін айтады. Бәрі де жүргізуші куәліктерін заңсыз беру және шетелдік автомобильдерді есепке қоюға байланысты қылмыстар. Тергелген істер бойынша жүргізуші куәлігін беру кезінде 60 мыңға жуық заңсыз іс-әрекет жасалғаны анықталып отыр. Ал заңсыз […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Хиджама жасауға болады ма?

ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 132 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында дәстүрлі медицина, емшілік қызметті жүзеге асыру үшін медициналық қызметке лицензияның болуы қажет. Лицензиялауға жататын медициналық қызметтер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген. Бұл заңда медициналық қызметтің, қолдануға рұқсат етілген дәстүрлі медицина түрлерінің тізімі көрсетілген: гомеопатия, […]

Мәселе

 Бір мектепте 4-ақ мұғалім кітап оқиды екен

Білім министріне датым бар! Бүгінде жалпы білім беретін мемлекеттік мектептің қай-қайсысына барып, басылымға жазылу барысын сұрай қалсаңыз  мұғалімдер орнынан өре түрегеліп, «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңды алға тартады. «Заң талаптары бойынша бізді, мұғалімдерді газет-журналдарға ешкімнің күштеп жаздыруға құқысы жоқ!» – дейді бәрі келісіп алғандай. Иә, рас, ешкімнің ешкімді күштеуге құқы жоқ. Алайда, таяқтың екі ұшы бар […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Жол жабық

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша 16.02.2023 жылы сағат 15:30-дан бастап Жамбыл облысындағы автокөлік жолының жабылуына байланысты республикалық маңызы бар А-2 «Хоргос – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» автокөлік жолының 593-652 шақырым бөлігінде (Жамбыл облысы шекарасы мен Түркістан облысы Түлкібас ауданы Машат ауылы аралығы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Біле жүріңіз

Кітапқұмар Мейірхан 

              Мейірхан Топанбай – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Тастұмсық ауылында тұрады. Оның ең сүйікті ісі – кітап оқу. Осынау оқу-білімнің қызығына кіргеннің нәтижесінде 10 тілді меңгерген.  «Кітап оқу өмірге деген көзқарасыңды өзгертеді» Ауыл кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істейтін бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жігіттің айтары да көп. «Иә, мыңдап кітап оқуды қиял деп қарайтын, ол […]

Құқық

Антикор 200 миллиардты іздеп жатыр

Білім саласына бюджеттен қаржы бөлуде шымкенттік билік аянып қалған емес. Басы мақсат сапаны арттыру үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетіндегілер Шымкент қалалық басқармасына бюджеттен бөлінген 200 млрд теңгенің қайда жұмсалғанын тексеріп жатыр. Басқарма басшысы Жанат Тәжиева бұл қаржы мақсатты жұмсалғанын айтуда. Яғни, мұғалімдердің жалақысын төлеуге, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Тасқынға қашан тосқауыл боламыз?

Өткен апта Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен бірнеше аудан тұрғындары үшін оңай болмады. Әсіресе жаңадан құрылған Сауран ауданы табиғаттың тосын сыйына тап болды. Жауын-шашынның шамадан тыс көп жаууына және қар, мұздықтардың еруінен арық-атыздарда судың тасуына байланысты бұл ауданда бірнеше елді мекенге су кірді. Бір ғана Шаға елдімекеніндегі 50 түтіннің ауласын су алып, 120 […]

Оқшау ой

Математикасы келмейді

ОШымкенттегі иттерді уақытша ұстау пункті бір мезетте 252 итті «баптауға» мүмкіншілігі бар. Шымкент қаласының бас ветеринары Абунасыр Жанбатыров журналистермен өткізген брифингте осылай деді. Оның айтқанын негізге ала отырып есептеп көрейік. Бір лекті (252 итті) толық стерилизациялау үшін кем дегенде, қараңыз: 1. Аулау қызметі тарапынан жануарлардың жиналу орындарының мониторингі нәтижелері бойынша және азаматтардың өтініштері бойынша жануарлар […]