Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

ТАНЫС ТА БЕЙТАНЫС ГРУЗИЯ

         Әлем және біз Грузия десе, алдымен оның көк мұнармен ұштасқан таулы аймақтары, көз тоятаттар көркем табиғаты, таңғажайып қала келбеті, дәмді тағамдары еске түседі. Ең бастысы, ол бізге – лезгинка биі, боржоми минеральды суымен жақсы таныс. Қызығы, грузин ұлттық тағамдары атауларының басым бөлігі әліпбидің «х», «ц», «ч» сияқты соңғы әріптерінен басталатыны: хачапури, харчо, чахохбили, чакапули, […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкенттік батыр балалар

Шымкентте екі оқушы бала батылдығы мен көзсіз ерлігі үшін министрдің марапатына ие болды. Олар қалалық № 128 жалпы мектептің оқушылары – Ердәулет пен Рамазан. Мәселе былай ғой… 2023 жылдың 10 мамырында Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзеніне шомылуға келген балақайлар арасында бір бала суға кетіп, тұңшыға бастайды. Шомылуға жаңа келген Ердәулет пен Рамазан су […]

Мәселе

Мақтааралдағы қатыгездіктің соңы – қасірет…

13 мамыр күні кешкі мезгілде Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте оқыс оқиға орын алғаны белгілі. Еске салар болсақ, қоғамдық орында әйел, бала-шағасының көзінше шапалақ жеген жігіт ашуға булығып, қасақана көлігімен адам қаққан. Бұл даудың не себепті туындағаны туралы толыққанды мәліметті ресми орындар таратқандықтан, біз ол жағына қайтара тоқталғымыз жоқ.   Біз оқиғаның салдарына үңілгіміз келді. Жалпы, […]

Оқшау ой

Мектеп директоры 7 жылға сайлануы керек

Оқу ағарту министрі жуырда Талдықорғанда болғанда 7 жылдан артық отырған мектеп директорларын тексеру керектігін айтты. Бұл дұрыс емес. Біздегі шаш ал десе бас алатын жүйе бойынша енді директорлардың соңынан шам алып түсу басталады. Бүйте берсе бір күндері мектепке директор болып баратын адам таппай қалуымыз мүмкін. Бұл білім сапасына кері әсерін тигізеді. Бұл мәселеге қатысты менің […]

Біле жүріңіз Өмірдің өзі

Сыры көп – Жапония

Әлем және біз Бірден айтайын, әзірге Жапониядай таза мемлекет көрмедім. Мұнда Small talk деген атымен жоқ. Яғни, мұнда бос әңгіме айтпайды. Жапондықтар акустикаға сезімтал болып келеді. Барлық жерде тыныштық. Метро, поезға кіргенде тыныштықты сақтау керек. Жалпы, көшеде келе жатсаң ең алдымен сезілетіні тыныштық. Айнала тып-тыныш. Автобус, такси, машиналарда музыка қосылмайды. Әйтпесе, қаншама халқы бар ел […]

Оқшау ой

Басшылық қызметке — 40-тан асқанда ғана қою керек

Жапонияда 45 жасқа толмаған адам мемлекеттік қызметке алынбайды екен. Ал бізде ше? Осыдан бірнеше жыл бұрын Түркістан облысында 20-дан енді асқан жігіт ауыл әкімі болды. Сол кезде «ең жас әкім» деп, жарияға жар салып, мақтауын асырдық. Ал ол ауылдың ахуалын түземек түгілі, дұрыстап сұхбат та бере алмайтын еді. Әрине, бұл оның білімсіздігінен емес, тәжірибесіздігінен болса […]

Мәселе

Балаңды аясаң, аяма!

Қазақтың осы бір даналығы күн өткен сайын ұмытыла бастағандай ма, қалай? Бүгінгі жас ата-ана үшін бұл тәмсіл тәрбиенің басы болуға тиісті емес пе? Жә, ол жайлы сәл кейінірек… Кеше Шымкентте «Отбасы – Отанымның тірегі» атты отбасы институтын дамытуды мақсат тұтқан форум өтті. «Мұндай іс-шара Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр» дейді білетіндер. Әр отбасының өз құндылығы […]

Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

Шымкентте балабақшадан жылан шықты

АБАЙЛАҢЫЗ! Биыл жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар “жылан жүр!” деп қабарласқан 17 шақыртуға барған. Бәрінде де жылан аулап қатқан. Осыған қарап Шымкентте жылан көбейді демеске амал қалмай тұр. Бір ғана мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар  жалан аулауға 9 рет шығыпты. Ай әлі аяқталған жоқ. Әлі қанша шақырту аларын кім білсін?! Мысалы,  16 мамырда  Самал-3 […]

Uncategorized Басты жаңалықтар

«Түрмеге түспейтіндер» мен Төле биді елге танытқан қаламгер

«—Бiз Отан алдындағы парызымызды өтеп жүрмiз. —Басқаның Отанын жаулап ал деп сендердi өлiмге жұмсайтын қандай Отан ол? Нағыз отаншыл болсаң өз Отаныңды қорға, басқаның Отанын жаулама. Өз үйiңдi, апа, қарындасыңды қорға. Мұнда, өзiңе жат елде кiмдi қорғап жүрсiң? Камилдин үндей алмай қалып, сөзге басқа бiр ауғандық араласты» Бұл Шойбек Орынбайдың «О дүниеден соғылған телефон» атты […]

Құқық

10 миллиондық қақпа қайда?

Ұрлық түбі қорлық. Мұны кейбіреулердің түсіне бермейтіні өкінішті. Ал түсінбеу, білмеу — заң алдындағы жауапкершіліктен құтқармайды. Ұрлықтың үлкен-кішісі болмайды. Аяқ киім ұрлаған да, төрт түлікті қолды еткен де жазасыз қалмауы тиіс. Қылмыстың құрықталуына қарапайым тұрғындар да жәрдем беруі керек. Мәселен, орын алған қылмысты көріп, біліп тұрып, тиісті орындарға хабарламаудың өзі қылмыс екенін жұрт көкейіне орнықтыру […]