Мегаполисті дамытудың алдағы жылдарға арналған бағдарламасы негізінде Шымкентте бірқатар жаңа нысандар бой көтеріп, сәулетті ғимараттар салынатыны белгілі. Десе де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте әлеуметтік нысандардың құрылысына басымдық берілуде. Тұрғындардың қажеттілігі үшінгі нысандар көптеп бой көтеріп, мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі артуы қажет. Содан да болса керек бүгінгі Шымкенттің кескін-келбетінен алып құрылыс алаңын аңғару […]
Қоғам
Мұғалімдер де «шпор» қолданады екен
Масқара-ай! «Шпор» қолдану кейбір талапкер, студенттер, оқушыларға ғана тән емес екен. Өз білімі мен біліктілігіне сенімді емес ұстаздар арасында да жасырынып «көмекш» құралды қолданатындар көп екені анықталып отыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев өзінің инстограм парақшасында жария етті. Оның айтуынша педагогтердің білімін бағалау тест-сынағында бірқатар заң бұзушылықтар орын алған. Дәлел ретінде ол […]
Қаратау мектебі кино түсіріп жүр…
Иә, ашылғанына көп бола қоймаған Қаратау дәстүрлі өнер мектебі енді ата-аналар мен балаларға ой саларлық кино түсіру ісін де қолға алып отыр. Нәтижесі жаман емес. Алғашқы кинотуынды ютуб каналда ғана көрсетілсе, екінші фильм көрерменге кинотеатрда ұсынылды. Өнер мектебінің жанынан құрылған «Qaratau films» балалар киностудиясының ашылғанына төрт-ақ ай болған. Ал студияның көпшілікке ұсынған «Нағыз жеңімпаз» атты […]
Жаңа жобалар жүзеге асатын күн алыс емес
Шымкентте 524,7 миллиард теңгеге 143 жобаның тиімділігі зерделеніп, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ірі инвестициялық жобалар да жетерлік. Мысалы, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған сусындар зауыты да бар. Бұл түркиялық инвесторлардың бастамасымен жүзеге асатын кәсіпорын. Ал инвестициялық көлемі 5 млрд теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау, темірбетон бұйымдарын өндіру, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы […]
Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында өскелең ұрпақ тәрбиесі жайлы көптің көкейіндегі толғанысты ойды ортаға салды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға бағыт-бағдар беру, жол нұсқап, еліміздің мақтаныш етер тұлғасы болуға негіз қалау — қоғам белсенділерінің, аға буын ұрпақтың негізгі міндеті болуға тиіс-ті. Жақында Шымкентте болған Президент Әкімшілігі Басшысының […]
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ
Бәрімізге белгілі, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу өркениетті елдердің барлығында өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл әлеуметтік құбылысты болдырмау мен оның алдын алу Қазақстан үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қадамдарын жасағанда қандай жаза алатындары жайлы тайға таңба басқандай етіп […]
САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
«Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитұлы ауданның намысын қорғап, спорт саласында елеулі жетістіктері бар жас спортшылар мен олардың бапкерлерін қабылдады» деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан басшысы спортшылармен кездесу барысында алдағы уақытта өтетін жарыстарға жасап отырған дайындық барысын сұрап, олардың кәсіби шыңдалуына барынша қолдау көрсететінін атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев және аудандық мәдениет, […]
Жайлы қалаға жасалған қадам
Күзгі жауын-шашынды күндер мен қыстың қарлы борандарында коммуналдық шаруашылыққа қатысты бірқатар проблема бас көтеретіні жасырын емес. Тозығы жеткен коммуникациялық жүйелердің тұрғындардың жүйкесіне тиетін шағы да осы кез. Осындай олқылықтар орын алмас үшін Шымкент билігі коммуналдық шаруашылықтың талай шаруасын осы жазда тындырып тастауға жең түре кіріскен. Оның үстіне былтырғы қыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың […]
Ордабасыдағы оңды істер
Өткен аптада Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Бөржар мен Шұбарсу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, жыл басынан атқарылған жұмыстарға, алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды. Аудан басшысының тұрғындарға берген мәліметіне сүйенсек, Бөржарда жыл басынан бері ауылшаруашылық саласына 301 млн теңге инвестиция тартылған. 40-қа жуық шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеуде. Бұйыртса, осы жылдың тамыз айында […]
АТАУЛЫ ШӘКІРТАҚЫ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ
Білімді ұрпақ еліміздің болашағын жарқын етер білікті маман, көшбасшы азамат болары анық. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында да айрықша атап өткені белгілі. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деген Президент білім беру саласын жаңдандыру, педагог […]