Көктемнің соңын ала Жетісайдың қауыны пісе бастады. Биыл жауын жеткілікті болып, өнімнің жақсы жетілуіне жол ашты. Соның арқасында қауынның алды экспортқа да шығарылуда. Шаруалар биылғы жылы 17,1 мың гектарға бақша дақылдарын еккен болатын. Осы аумақтың 14,2 мың гектарына қауын, қалғанына дарбыз егілген. Суармалы жердің 44 мың гектарына мақта шиті себілген. 7,5 мың гектарға дәндік жүгері, […]
Әлеумет
ФАП САЛЫНЫП ЖАТЫР
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қызылқия ауылдық округіне қарасты Айнатас елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Нысанның сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына мән беріп, жауапты мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді. Қызылқия елді мекеніндегі Тоқтамысов және Ақтілек көшелерін жарықтандыру бойынша […]
АРХИВ – ҰЛТ ЖАДЫНЫҢ АЛТЫН ҚОРЫ
Архив ісі – тарихи, мәдени, саяси және әлеуметтік маңызы бар құжаттарды жинақтау, есепке алу, сақтау және пайдалануды ұйымдастыратын кәсіби қызмет саласы. Ол мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ұлттық қорды қалыптастыратын стратегиялық маңызды жүйе болып табылады. Архивтер – өткен мен бүгінді байланыстыратын алтын көпір. Архив ісінің бастауын көне өркениеттерден көруге болады. Ежелгі Мысыр абыздары папирусқа жазылған […]
«ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛЫП БЕРЕМІН…»
деген – алаяқтың әрекеті Әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын кез келген азаматқа алып беруге делдалдық қызмет көрсетеміз деген ұсыныстар әлі де кеңінен таралуда. Бұл – алаяқтық әрекет. Мұндай қызметтер үшін олар алдын ала төлем жасауды талап етеді, яғни оны көрсетілген қызметтің ақысы ретінде негізсіз сұрайды. БЖЗҚ ескертеді: […]
БАЛАҒА НЕМҚҰРАЙДЫ ҚАРАМАҢЫЗ
Жақында жұмыстан қайтып бара жатып ұлым оқитын мектепке соққан едім. Директорын, бірқатар мұғалімдерін танимын, кей-кейде жолым түсе қалса сәлемдесіп, жағдай сұрасатыным бар. Директор неге мұңайды? Бірден байқағаным – мектеп басшысының көңіл-күйі пәс көрінді. Себебін сұрадым. «9-сыныптағы бір оқушымыз проблема тудырып отыр. Үйіне қонбағанына бірталай күн болған. Бүгін шақырып алып, анасына ертіп жіберсем, жарты жолда тағы […]
САПАЛЫ ЖОЛ ЭКОНОМИКАҒА ОҢ ӘСЕР ЕТЕДІ
Жол сапасының төмендігі көлік апаттарының жиілеуіне тікелей әсер етіп, жолаушы өміріне қауіп төндіреді. Сол себепті, жол сапасын жақсарту – адам өмірін сақтаудың негізгі факторы ретінде қарастырылады. Жалпы алғанда, елімізде негізгі магистральдар жақсарғанымен, өңірлік және аудандық жолдардың сапасы әлі де өзекті күйін сақтап тұр. Осыны ескерген Мемлекет басшысы өңірлердегі жолды жөндеу жұмыстарына қатысты айрықша тапсырма берген […]
СОҒЫСТЫҢ СҰМДЫҚ ШЫНДЫҒЫ
Екінші Дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны, олардың бастан өткерген қайғы-қасіреті туралы деректер жан түршіктіреді… 26 миллион ба,41 миллион ба? Өткен жылы Ресейдің Мемлекеттік статистика қызметі статистикалық деректер жариялады. Екінші Дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағынан 26 миллион 600 мың адам қаза болған. Соғыстан оралмаған жауынгерлердің 32 пайызға жуығы 1941 жылғы алапат шайқастарда опат болған екен. Біз басқа да […]
Төлебиде алюминий өндірілмек
Көркем табиғаты, бал татыған қымызымен танылған Төлеби ауданы алдағы уақытта ірі кәсіпорын мекеніне айналмақ. Ауданда еліміздегі ірі алюминий зауыты жұмысын бастайды. Кәсіпорын толық іске қосылғанда ауданда жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі. Жуырда әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен Киелітас ауылдық округінде алюминий орамдарын өндіретін зауыттың құрылысына қатысты […]
106 жастағы Қызтай әже әдемі қартаюдың өнегесін көрсетіп жүр
Иә, 106 жыл өмір сүру жүз мың адамның біреуіне ғана бұйырады. Екі ғасырдың куәгері болған әжем өзінің әр батасында ел мен әулеттің амандығын, Алладан халқымызға иман, басшыларға сабыр тілеп отырады. Ғасыр жасаған әжеміздің ақ батасы қабыл болғай! Қызтай Қайназарқызы 1920 жылы Шымкенттің маңындағы Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1930-40 жылдардағы ашаршылық пен соғысты бастан кешірген зұлмат […]
Өндірісі өркендеген өңір
Өңірлердің әлеуемттік-экономикалық дамуын арттыру үшін инвестиция тарту мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі. Әкімдердің рейтингісіне инвестиция тарту ісі тікелей әсер ететіні талай жерде айтылып жүр. Бұл мәселеде Ордабасы ауданының айы оңынан туып тұр десек болады. Инвестиция тартудың нәтижесінде бұл ауданда кәсіперлік те, ауылшаруашылық саласы да қарқынды дамып келеді. Таяуда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Ордабасы […]









