Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес барлық облыс, қала әкімдері бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіз ортада өмір сүруі мен жайлы ортада тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге тиісті. Ал бұл міндеттеме мегаполис қалаларда екі еселенетіні айтпаса да түсінікті жағдай. Содан да болар, соңғы кездері Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала көшелерінің тақтайдай тегіс болуы мен тұрмыстық өзге […]
Шымкент
Сақтық шараларын естен шығармайық
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күн ыстықта салқын самал іздеп, су бойын жағалап, өзен-көлдерде шомылуға асығатын тұрғындар үшін бірінші кезекте рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуға болмайтынын естертеді. Одан бөлек жаздың аптап ыстығында айналамызда өрт қауіпі болуы мүмкін жағдайлар да аз емес. Тұтанған бір ши сіріңкенің зардабы орасан болуы әбден мүмкін. Міне, осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін, қауіптің […]
ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ ҚЫТАЙДА ЖҮР
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іссапарда жүр. Бұл әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы. Оның үстіне Шымкенттің бауырлас қаласы. Мемлекет басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қытайға жасаған сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шымкент пенСиань арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімге отырып, бірқатар мүмкіндіктерге қол […]
Қала күні тойланды
Шымкентте 19 маусым күні Қала күні мерекесі тойланды. Биыл мерекелік шара алғаш рет Шымқаланың жаңа ауданында (Шымсити шағынауданы) орналасқан «Tulip Hall» ғимаратында өтті. Ғимарат фойесінде «Шымкент: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында көрме жасақталып, келушілерге шаһардың өткені мен бүгінін, қаланың қалыптасу жолы мен келешегін көрсететін фото туындылар таныстырылды. Концерттік бағдарламада әлемдік классикалық музыка қорынан ең үздік шығармалар […]
Қаланы көркейтуге кәсіпкерлер үлес қосуда
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтіп, игілікті істі шымкенттіертер әлі де жалғастыра түсетіні бұған дейін де газетімізде айтылған еді. Қаланы көркейту, көгалдандыру, саябақтар салу ісіне кәсіпкерлер де атсалысуда. Әрине мұның бәрі де қала әкімдігінің игі іске ұйыстыра білген бастамасының арқасында жүзеге асып отырғаны белгілі. Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті […]
«ШЫНАЙЫ ЭКОНОМИКАМЕН ӨМІР СҮРЕЙІК»
Осылай деген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков салаға жауапты мамандардан проблемаларды баса көрсетуді талап етті. «Талдау барысында әсіресе күрделі мәселелерге көңіл бөлсеңіздер. Соны анықтап, шешудің жолдарын қарастырсақ. Мәселені шешуге күш салу керек» деді. Сала мамандары мегаполистің қаңтар – мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Нақтырақ айтсақ, Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының […]
ЖЫЛЫЖАЙДЫ ТҮРІКТЕР САЛАДЫ
Шымкентте ірі жылыжай кешені салынатын болды. Бұл қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен арадағы іскерлік келісімнің нәтижесінде жүзеге асатын жоба. «Бозарық» индустриялық аймағындағы құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық бұл жобаның шымкенттіктер үшін тиімділігі көп. Қазірдің өзінде екі тарап жылыжайдың көлемін 500 гектардан 600 гектарға дейін ұлғайту […]
Құтқарушылар сынға түсті
Бұған дейін де газетімізде айтқанымыздай, Шымкентте өрт-құтқару саласының мамандары арасында әбжілдік пен ептілік сынға түскен республикалық жарыс өтті. Республикалық кубокты сарапқа салған VII турнирдің жеңімпаздары салтанатты жағдайда марапатталды. Жарысқа 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары қатысты. 4 күнге созылған доданың дүлділдерін анықтау да оңайға соқпады. Кілең «сен тұр, мен атайын» сайыпқыран саңлақтар арасында сарапқа […]
Мегаполистің даму көкжиегі кеңейе береді
Шымкентті еліміздегі ең көрікті, көгалы көп қала дәрежесіне жеткізу жолындағы жұмыстар қарқын алғанын тұрғындар сезіне бастаған. Саябақтар, көрікті гүлзарлар тұрғындардың еркін демалып, бір сәт бала-шағасымен серуен құруына, жанға жайлы сейіл жасауына ыңғайлы болуда. Десе де қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент тек жасыл қала ғана емес, әлеуметтік-экномикалық тұрғыдан да дамыған шаһарға айналуы керектігіне басымдық беруде. Содан […]
Су айдындарында абай болыңыздар!
Күннің ыстығында салқын самал, жанға жайлы шомылу аймақтарын іздеп кететін шымкенттіктер аз емес. Десе де мұндай саяхаттар кезінде су айдындарындағы қауіпсіздікке мән бермейтін, сақтық шараларын сақтамайтындар да жетерік. Төтенше жағдайлар саласының мамандары қауыпсіздікті қатаң сақтауды ескертеді. Төтенше, оқыс оқиғаларды болдырмау үшін сала мамандары тұрғындар арасында үгіт-насихат, ескерту шараларын ұдайы жүргізуде. Жақында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар […]