Кезінде Шымкентте қысқы спорт түрлерін дамыту үшін арнайы салынған нысанды ұстап тұру бюджетке ауырлық етті. Қысы-жазы мұз айдынының жағдайы қалыпты болуы үшін жұмсалатын электр энергиясының өзіне қыруар қаржы төленуі керек. Осындай қиындықтарға байланысты нысанды жекеменшікке сатуға тура келген. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан халық игілігі үшін бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың […]
Шымкент
Өрт шықпасын десек…
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында 2024 жылдың І жартыжылдығында 34 өрт дерегі тіркелген (2023 ж.-15). Салдарынан 1 адам қайтыс болып, 6 адам түрлі дәрежеде зардап шекті. 44 млн. теңге материалдық шығын келгенін де айта кету керек. Осы орын алған өрттердің 54 пайызы тұрғын үйлерде, 16 пайызы автокөліктерде, 30 пайызы басқа да нысандарда орын алды. Өрт шығу оқиғаларының […]
ЕМХАНА СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУДАН ҚАЙТАРЫЛДЫ
Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан – әділетті қоғам құру» турасындағы тапсырмасын жүзеге асыру барысында Шымкент қаласында заң алдында бәрі де тең құқылы екендігіне дәлел болатын бірқатар нақты шаруалар атқарылуда. Ол жайлы газетіміздің өткен нөмірінде де баяндаған болатынбыз. Соның жалғасындай болып, кешегі аптада тағы бір тың жаңалық жұртшылыққа жетті. Шымкент қаласындағы №2 емхана 2021 жылы шаруашылық […]
ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІ ТАЗАЛАНДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте Қошқар ата өзені жағалауында санитарлық тазалық шаралары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға Тұран ауданы коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары атсалысты. Кремлевская көшесі мен Абай көшесі аралығындағы өзен бойы қоқыстан тазартылып, жасыл желектер қалпына келтірілді. Қураған шөптер орылып, […]
Төтеншеліктер төтеп берді
Шілденің 27-сі күні Шымкентте, күн шыжып тұрғанда, шамада сағат 11.35–те «Ордабасы» индустриалды аймағы аумағынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсісімен төтеншеліктер оқиға орнына едел-жедел жетті. Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, 116/2 мекенжайға бағыт алған бебеулеген өрт сөндіруші машинаға мінгескен мамандар бәріне де дайын еді. Индустриалды аймақта орналасқан «KMG Supple Company» ЖШС-іне тиесілі алаңқайда ашық жатқан техникалық […]
Фосфоршылар сарайы қайта салынады
Жаңа ғимараттың архитектуралық сәулеті бұрынғы күйін сақтайтын болады. Яғни тарихи келбетін сақтаған жаңа нысан бой көтермек. «Бәрі де тұрғындардың қолайлы, жайлы ортада өмір сүруі үшін жасалуы қажет» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау барысында Шымкент қаласының әкімдігі осындай оң өзгерістерге ұйытқы болып жүр. Кезінде жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз […]
Алдын алу шаралары қауіпті болдырмаудың кепілі
Шымкент қаласында мемлекеттік органдардың мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын басты назарға алған. Нәтижесі де жоқ емес. Мұндай іс шара білім беру мекемелерінде де жүргізілуде. Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерімен өрт қауіпсіздігі туралы мағлұматтарды насихаттау мақсатында тұрақты негізде Ашық есік күнін өткізеді. Бұл жолы №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері «Академия Дана бала» бала-бақшасына […]
Қысқа қайырғанда…
Маса мен шегірткеге у шашу жалғасуда. Шымкент қаласы аумағындағы 1 262 гектарда шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. Жоспарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстары Тұран ауданында – 314, Әл-Фараби ауданында –280, Қаратау ауданында –228, Еңбекші ауданында – 140, Абай ауданында 300 гектар егістік алқапта атқарылады. Ал масаларға қарсы дезинсекция жұмыстары маусым-қыркүйек аралығына жоспарланғанына қарамастан, биылдыққа үшінші рет 12 […]
Қала қазынасы артады
Шымкент қаласының бюджет көлемі 30 миллилард теңгеге ұлғайтылмақ. Мұндай ұсыныс сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының он тоғызыншы сессиясында көтерілді. Осылайша қала қазынасы 735 милилард теңгеден 764 миллиард теңгеге дейін артатын болды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессияның күн тәртібінде 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралған. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев […]
ТҰРАНДА ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА
Тұран ауданы Шымкент қаласындағы ең жас аудандардың бірі. Десе де өзіне тән қордаланған мәселесі де аз емес. Тұрғындар тарапынан келіп түскен шағымдар мен талап-тілектер соның айғағы бола алады. Шымкент қаласы әкімдігінің бақылауындағы бұл мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Мысалы, қазіргі уақытта аудан аумағында 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұл аудан тұрғындарының көптен бері […]









